“Бисмилләһ” сөзінің үстемдігі

    Ибраһим Гүлшани хазіреттері бір күні шәкірттерімен сұхбаттасып отырған еді. Шәкірттерінің бірі былай деп сұрады:

- Ұстазым! Аллаһу та’аланың рахымдылығымен қабірдегі өлілердің азапта немесе ниғмет ішінде екендігін білуге бола ма? Дұға ету арқылы бұлардың азабын тоқтатуға бола ма?

    Ибраһим Гүлшани хазіреттері былай деп жауап берді:

- Аллаһу та’аланың сүйген құлдарының бірі бір қабірге қарағанында қабірдегі адамның азап ішінде болғанын көреді. Арадан біраз уақыт өтіп тәуәжжуһ етіп тағы бір қарағанында азаптың тоқтағанын байқайды. Таңданысынан ойға түсіп кетеді. Сол кезде бір дауыс естіледі. “Бұл қабірде жатқан адамның кішкентай баласы бар еді. Анасы ол баланы ілім үйренуге жіберді. Бала «Бисмилләһиррахманиррахим» сөзін үйренгенінде, осы сөздің құрметіне әкесінің азабы тоқтатылды.”