Имам Ағзам хазреттеріне үш адам келеді. Біреуі атеист, екіншісі мутазила сектасының, үшіншісі жабрия сектасының өкілі. Атеист былай деп сұрақ қояды:
“Аллаһ бар дейсің, ал бар болған нәрсе көрінуі керек. Бар болса, дәлелдеп бер.”
Ақылдысымақ болған мутазила сектасының өкілі болса былай деп сұрайды:
“Жаһаннамда отпен азап беріледі. Ал шайтан оттан жаралған. Шайтанға от қалай әсер етпек? От отты күйдіре ме?”
Жабрия сектасының өкілі де былай дейді:
“Сен «ирада-и жузия бар. Адам тағдырына мәжбүр емес, ерікті» дейсің. Барлық нәрсенің жаратушысы Аллаһ жазған болса, адам неге есеп-жауап береді?”
Имам Ағзам хазреттері жерден үш уыс нәмді топырақ алып домалақтап әр қайсысына бір-бірден ұрып шығады. Үшеуі де жағдайды қазыға айтып шағымданады. Қазы Имам Ағзам хазреттерінен неге балшықпен ұрғанын сұрайды.
Имам Ағазам хазреттері былай деп жауап береді:
Бұлар маған сұрақ қойды, мен де оларға жауап бердім. Атеист Аллаһ бар болса, бар болған нәрсе көрінуі керек деген еді. Топырақ басымды ауыртты деді, ауру бар екен, олай болса ауруды көрсетуі керек. Ауруын көре алмаған адам, Аллаһты қалай көреді. Атеисттің ақылы жоқ, бар болса көрсетуі керек. Рух та ақыл сияқты көрінбейді, бірақ жасағандарынан аңғарылады. Ғаламның бар болуы да оның бір жаратушысы бар екендігін көрсетеді.
Мутазила болса, өзі топырақтан жаратылған болса да топырақтан таяқ жеді. Топырақ топырақтан әсерленгені секілді от та оттан әсерленеді. Темір кесетін ара темірді кескені секілді от та отты күйдіреді.
Жабрия болса, барлық істі Аллаһ жасатады деген еді. Олай болса ол топырақты мен емес Аллаһ лақтырды, неге енді маған шағымданады? Ол осы шағымдануымен өзінің өтірігін өзі ашқан болды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024