Баязид Бистами хазреттері жаңбырлы күні жұма намазына бару үшін үйінен шығады. Қатты жауған жаңбырдан жолдар балшық болған еді. Жаңбыр тоқтағанға дейін бір үйдің дуалына паналап тұрды. Балшықты аяқкиімін үйдің дуал тастарына сүртіп тазалайды. Жаңбыр бәсеңдегенде мешітке қарай жүре бастайды. Бір кезде мәжусидің (отқа табынатын адам) дуалын кірлеткені есіне түсіп өкінеді. «Онымен халалдаспай (разылығын алмай) қалай намаз оқи аласың? Біреудің дуалын кірлеткен күйде қалай Аллаһу та’аланың алдында тұрасың?» деп ойлайды.
Дереу артқа қайтып сол мәжусидің есігін қағады. Есікті ашқан мәжуси:
- Бір бұйымтайыңыз бар ма?-деп сұрайды.
- Сізден кешірім сұрауға келдім.
- Кешірімі несі? Сенімен ешқандай сауда-саттық
жасағаным жоқ.
- Біраз бұрын сіздің дуалыңызды байқаусыз кірлеттім.
Жаңбырдың қаттылығы бұл маңыздылықты ұмыттырды.
- Несі бар, бәрібір дуалым балшық ішінде, сіздің
аяғыңыздан жағылған балшықтан да келер зиян жоқ еді.
- Бірақ бұл да болса құл ақысы және иесінің разылын
алу керек. Бәрібір кір деп, менің де кірлетуге ақым жоқ еді.
- Сізге бұл нәрсені дініңіз үйретті ме?
- Ия, дініміз және бұл діннің пайғамбары Мұхаммед
алейһиссалам үйретті.
Сонда мәжуси «олай болса біз неге бұл дінге кірмей жүрміз?» деп мұсылман болды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024