Өмірді танығысы келген бір жас жігіт дүниені аралап, саяхаттап жүрген елдерінің бірінде мәшһүр бір ғалымның үйіне қонаққа барады.
Саяхатшы ғалымның тұрған үйінің дуалдарының кітаптарға толы екендігін көреді. Қатты таң қалады әрине. Бірақ мұның мәнісіне бара алмайды. Үйде жерге төсеулі бір кілем, дуалдың түбінде бір төсек, ортада тұрған бір столмен орындықтан басқа ешнәрсе болмайды. Таңданысын жасыра алмай сұрайды:
- Неліктен ешқандай заттарыңыз, жиһаздарыңыз жоқ?
Ғалым қолымен әлгі заттарын меңзеп жауап береді:
- Бар, міне олар!..
- Енді... Айтайын дегенім басқа жиһаздарыңыз, бұйымдарыңыз қайда?
Ғалым бұл сұрағына сұрақпен жауап береді:
- Балам сенің де артықша ешқандай заттарың жоқ. Тек мына арқалап жүрген сөмкең ғана бар. Ал сонда сенің заттарың қайда?
Жас жігіт бұл күтпеген сұраққа былай деп жауаптайды:
- Бірақ көріп тұрсыз ғой мен жолаушымын...
Ғалым күлімдеп дұрыс айтасың дегендей болып басын изейді де:
- Мен де!.. Мен де ақырет жолаушысымын... - дейді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024