Ұстасыз жасалған қайық

Имам Ағзам бір атеистпен айтысу үшін сағат онда кездесуге келіседі. Хазреті Имам әдейі ол жиынға кешігіп барады. Кешіккенінде атеист «қараңдар Имамдарың қорқып келмей жатыр» дейді. Келген кезінде не үшін кешіккенін сұрайды. Ол «қайық жоқ еді, өзеннен өте алмай тұрдым, бір қарағанымда, ағаштың бұтақтары өздігінен жиналып қайық болып тұра қалды, сол қайықпен өзеннен өтіп келдім, сондықтан кешіктім» дейді. Атеист күле бастайды «көрдіңдер ме қалай өтірік айтып тұр, ұстасы болмай өз-өзінен бір қайықтың жасалуы мүмкін бе?» дейді. Хазреті Имам дереу сөзін құптап: «Ей атеист, бір қайық та ұстасыз өздігінен жасалмайтын болғанда, мына үлкен әлем қалай өздігінен бар болады» деп атеистпен айтысты бастамай жатып-ақ жеңіп шығады.