1. Дәрет алатын кезде мына дұға оқылады; Бисмиллаһил-азым. Уәлхамду лиллаһи алә динил Ислам уә алә тәуфиқул иман. Әлхамду лиллаһиллази жәаләл маә тахуран уә жәаләл исламә нуран1”. Сосын екі қол бiлекке дейiн үш рет жуылады.
2. Оң қолымен ауызды шайғанда мына дұға оқылады: “Аллаһуммасқини мин хауди нәбийкә кәсән лә азмәу бәдәһу әбәдән2.”
3. Оң қолымен мұрынға үш рет су алынып, сол қолымен сiңбiрiп мұрынды тазалайды. Мұрынға су алғанда: “Аллаһуммә арихни рахатәл жәннәти уәр-зуқни мин ниәмиха. Уә лә турихни райихатән-нар3.”
4. Алақанымен су алып, беттi жуарда мына дұға оқылады: “Аллаһумма бәйид уәжһи бинурикә яума табяадду вужуһу уәлияикә уә лә тусәввид уәжһи бизунуби яумә тәсуәдду вужухи адаикә4”.
5. Оң қол үш рет шынтаққа дейiн жуылып жатқанда: “Аллаһумма атини китаби биямини уә һасибни һисабән ясирән5” дұғасы оқылады.
6. Сол қол үш рет шынтақпен қоса жуылып жатқанда: “Аллаһуммә лә тутини китаби би шимәли уә лә мин уәрааи захри уә лә тухасибни һисәбән шәдидән6” дұғасы оқылады.
7. Екi қолды жуып болған соң тағы да екi қолды қайта жуып басты мәсiһ етiп жатқанда: “Аллаһуммә һаррим шарри уә бәшәри аләннар. Уә әзилләни таһтә зилли аршикә яумә лә зиллә иллә зиллу аршикә7” дұғасы оқылады.
8. Екі қолдың сұқ саусақтарымен екі құлақтың iшiн, бас бармақтармен құлақтың сыртын мәсiһ етіп жатқанда, мына дұға оқылады: “Аллаһумма әжални миналләзина ястәминал-қавлә фи яттәбиунә ахсәнәһу8”.
9. Қолдың сырт жағымен желкеге мәсiһ тартқанда: “Аллаһумма атик рақабати минәннар9” дұғасы оқылады.
10. Мойынды мәсiһ еткеннен кейiн, сол қолдың кіші саусағымен оң аяқтың кiшкене бармағынан бастап, араларын хилаллау арқылы, аяқты тобықпен қоса үш рет жақсылап жуып жатқанда: “Аллаһумма сәббит қадамәйя әла сирати яумә тәзиллу фи-һил ақдәму10” дұғасы оқылады.
11. Сол аяқты үш рет жууда тағы да сол қолдың кіші саусағымен бас бармақтан бастап, рет-ретiмен аяқтың кiшкене бармағына қарай жуған жөн. Аяқты тобықпен қоса жуып жатқанда: “Аллаһумма лә татруд қадамәя алә сирати яумә татруду куллу ақдәми адаикә. Аллаһуммаж-аль саъйи мәшкуран уә зәнби мағфуран уә әмәли мақбулән уә тижарәти лән тәбурә11” дұғасы оқылады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейдi: «Кiмде-кiм дәрет алып болып көкке қарап мына дұғаны оқыса, (Субханәкә Аллаһумма уә би хамдика Әшһаду әлла илаһә илла әнтә уәһдаһу лә шарика ләкә әстағфирука уә атуубу илайка Әшһаду әлла илаһә иллаллаһ уә әшһаду әннә Мұхаммәдән абдукә уә Расулукә) Аллаһу та’ала ол кiсiнiң күнәларын кешiреді және қабыл мөрімен растап Арши аланың астында сақтайды. Сондай-ақ Қиямет күнiнде бұл дұғаны оқыған кiсi келіп Аллаһу та’аладан сауабын алады12.»
Бiр хадис шәрифте: «Кімде-кiм дәрет алғаннан кейiн “Иннә әнзәлнәһу” сүресiн бiр рет оқитын болса, Аллаһу та’ала ол кiсiнi сыддықтар қатарына жазады. Екi рет оқыса шәһидтердiң қатарына жазады. Ал үш рет оқыса Пайғамбарлармен бiрге тіріледі»,- деді.
Тағы бiр хадисте: «Кiмде-кiм дәрет алғаннан кейiн маған он мәрте салауат айтатын болса Аллаһу та’ала ол кiсiнiң қайғысын кетіріп, көңiлiн көтередi. Сондай-ақ дұғасын қабыл етедi»
Дәрет дұғасын бiлмейтiндер, дәрет дұғасын оқымай-ақ дәрет алуларына болады. Бiрақ, көп ұзатпастан дұғаларды жаттап, дәрет алғанда оқулары қажет. Өйткенi мұның сауабы мол. Дәрет алып болған соң: «Аллаһуммаж-ални минәт-тәууәәбин, уәжъални мин-әл-мутатаххирин, уәж ални мин ибадик-ас-салихин, уәж ални минәлләзина лә хавфун алейһим уә ләһум яхзанун» дұғасын оқудың сауабы көп.
Дәрет дұғасын бiлмейтiндер ең болмағанда әрбiр мүшенi жуған кезде Калима-и шаһадатты оқып үлкен сауапқа жетулері керек.
1 Ұлы Аллаһтың атымен бастаймын. (Бізге) Ислам дінін берген және иманды сыйлаған Аллаһу Та’алаға мадақ болсын. Суды тазартушы, Исламды да нұр еткен Аллаһқа хамд болсын.
2 Ей, Аллаһым, одан ішкеннен соң кайта шөлдетпейтін Пайғамбар бұлағынан маған да бір кесе ішкіз.
3 Ей, Аллаһым. Мені тозақ исімен емес, жаннат исімен және жаннат нығметтерімен рызықтандыр.
4 Ей, Аллаһым. Нұрыңмен әулиенің жүзін нұрландырғандай менің де жүзімді ағарт. Дұшпандарыңның бетін қара қылғандай күнәларым үшін менің де жүзімді қарайтпа.
5 Ей, Аллаһым. Кітабымды оң жағымнан бер. Менің қисабымды оңай ет.
6 Ей, Аллаһым. Кітабымды сол жағымнан және арқамнан берме. Мені қиын бір қисаппен жауапқа тартпа.
7 Ей, Аллаһым. Денемді және шаштарымды тозақ отына жақпа. Көленке болмаған күнде мені Арштың көленкесінде сақта.
8 Ей, Аллаһым. Мені сөз тыңдап ең жақсы ұстанғандардан қыл.
9 Ей, Аллаһым, мойынымды тозақ отынан азат ет.
10 Ей, Аллаһым. Аяқтардың тайған күнінде Сырат көпірі үстінде менің аяқтарымды тайдырма.
11 Ей, Аллаһым. Дұшпандарыңның аяқтары Сырат көпірінде тайған күнде, менің аяқтарымды тайдырма. Ей, Аллаһым, істерімді шүкір етуші қыл, күнәларымды кешір, амалдарымды қабыл ет, саудамды халал ет.
12 Ей, Аллаһым. Сені хамдпен тасбих және тәнзих етемін. Сенен басқа илаһ, құдай жоқтығына, бір екендігіңе, серігің болмағанына және Мұхаммед алейһиссалам Сенің құлың әрі расулың екеніне күәлік етемін.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024