Сахабалардан Дихйа Кәлби хазіреттері өте әдемі болған. Сапарлардан қайтқанында хазіреті Хасан және Хусейнге сыйлықтар әкеліп оларды қуантатын еді.
Жәбірейіл алейһиссалам Расулуллаһқа көбінесе оның бейнесінде келетін еді. Тағы да бір күні осылай оның бейнесінде келгенінде хазіреті Хасан мен хазіреті Хусейн оны Дихйа деп ойлап қалталарына қолдарын салып, ешнәрсе таба алмады. Расулуллаһ оған былай бұйырды:
- Ей Жәбірейіл бауырым! Немерелерімнің бұл қылығын дөрекілік және әдепсіздік деп ойлама! Олар сені Дихйа екен деп ойлап қалды. Дихйа келген сайын сыйлық ала келетін. Бұларды соған үйретіп қойды.
Жәбірейіл алейһиссалам бұны естігенде қатты ренжиді. Дихйа бұлардың жанына келгенде сыйлықсыз келмейді де мен қалай құр қол келемін деп жаннат жемістерінен бір бау жүзіммен бір анар әкеліп балаларға берді. Балалар сыйлықтарын алып мешіттің бір шетіне барып жейін деп отырғанда мешіттің есігіне қолына ағаш таянған, үсті шаң басқан кәрі, ақсақалды біреу келіп:
- Ашпын жейтін нәрсе беріңдерші, –деді.
Хазіреті Хасан және хазіреті Хусейн қолдарындағы жемістерді оған берейін деп бара жатқанында, Жәбірейіл алейһиссалам орнынан тұрып:
- Бермеңдер ол малғұнға! Ол Шайтан. Жаннат ниғметтері оған харам қылынған - деді.
Кейін «жоғал бұл жерден!» деп шайтанды қуып жіберді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024