1. Ауыз, құлақ және терiдегi жарадан шыққан құрт.
2. Қақырық құсу.
3. Қан құсқанда бастан келген сұйық қан түкiрiктен аз болса.
4. Тiстен шыққан қан түкiрiктен аз болса.
5. Бастан келген қатқан қан көп болса.
6. Асқазаннан, бауырдан келген қатқан қан ауыз толы болмаса.
7. Құлаққа тамызылған май құлақтан немесе мұрыннан шықса.
8. Мұрынға тартылған нәрсе мұрыннан бiр немесе бiрнеше күннен кейiн қайта шықса.
9. Бiр нәрсенi тiстегенде сол нәрседе қан көрсе.
10. Еш бір аурусыз басқа бір себеппен жылау, мысалы, пияз, түтiн және газ әсерiмен көзден жас ақса.
11. Әйел баласын емiзсе.
12. Көп терлесе.
13. Маса, шыбын, бүрге т.б. сияқтылар көп шақса.
14. Теріге жайылмаған қан және ауыз толтырмай құсу.
15. Ұйықтағанда сүйенген нәрсесiн тартса, құламаса.
16. Намазда ұйықтаса.
17. Аяғын жинап отырып басын тiзесiнiң үстiне қойып ұйықтаса.
18. Аяқтарын бiр жанына шығарып жерге отырып ұйықтаса.
19. Жайдақ жануарда ұйықтаса (жануар өрге шықса да немесе тегiс жерде жүрсе де.)
20. Намазда күлiмдеу.
21. Намазда күлгенiн жалғыз өзi естiсе, бұл - даһқ делiнедi. Даһқ жалғыз намазды ғана бұзады.
22. Шаш, сақал, мұрт және тырнағын алса.
Жара қабығының түсуi дәретті бұзбайды.Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024