Дәреттi бұзатын жағдайлар

Жетi нәрсе дереттi бұзады.

1-      Алдан және арттан шығатын нәрселер:

а) Үлкен және кiшi дәретке отыру және жел шығару.

б) Клизма аспабының ұшы немесе адам саусағы, арттан кiргiзiлiп шығарылғанда айналасы ылғал болса бұзылады. Құрғақ болса да қайта дәрет алу абзал.

в) Еркектер және әйелдердiң кiшi дәретiнiң сызбауы үшiн алдына қойған мақта тампон сияқты нәрселерiнiң сыртқа шығып тұрған ұшы суланса бұзылады.

2-      Ауыздан шығатын нәжіс нәрселер:

а) Ауыз толтырып құсса,

б) Түкiргенде қан түкіріктен көп болса.

в) Асқазан және бауырдан келген сұйық қан Имам Ағзамның үкімі бойынша аз болса да дәреттi бұзады.

г) Құлаққа тамызылған май, дәрi ауыздан шықса. 

3-      Терiден шығатындар:

а) Қан, iрiң, сары су шықса.

б) Шешек ауруынан және қандайда бiр iсiктен шыққан қан, сары су, ғусылда жуылуы керек болған теріге жайылса, мысалы, мұрыннан келген қан сүйектен ағып өтсе, құлақтан аққан қан құлақ тесiгiнен шықса.

в) Сыздауық және жарадағы қанды, сары суды, мақтамен сорып алса.

г) Мисуак және басқа тiс тазалайтың нәрседегi қан ауызға жұқса.

д) Құлақ, кiндiк және емшектен ауырып немесе бір ауру арқылы сұйықтық шықса.

ж) Сүлiк көп қан сорса, дәрет бұзылады. 

4-      Ұйықтау:

Жанбастап немесе шынтағына не бiрнәрсеге сүйенiп ұйықтау дәреттi бұзады.

5-     Талып қалу, есінен айырылу, қояншық сияқты аурулар ұстап қалу немесе жүрiп бара жатқанда теңселетiндей мас болу дәреттi бұзады.

6-      Намазда күлу, намазды да, дәреттi де бұзады. Бiрақ

жас баланыкы бұзылмайды. Жалаңаш болып жыныс мүшелерiн үйкеу, әйел мен еркектiң де дәретiн бұзады.

            Дәрет алғанын бiлiп, одан кейiн бұзылғандығына күмәнданса дәретi бар болып есептелiнедi. Ал дәретi бұзылғанын бiлiп, онан соң дәрет алғанына күмәнданса, дерет алуы керек.