Мұса алейһиссаламның заманында Бәни Исраил қауымынан бір жігіт өзінен басқа мұрагері болмаса да малына ашкөздік етіп бай болған әкесінің ағасын өлтіреді. Өлігін жасырын барып көрші ауылға тастап кетеді.
Ертеңіне байдың ауылдастары Мұса алейһиссаламға барып, байды көрші ауылдықтар өлтіргенін айтады. Олар өлтірмегенін айтқанда, Хақ та’ала бір сиыр сойып бір бөлшегімен мәйітті ұрса, өлі тіріліп кім өлтіргендігін айтатынын Мұса алейһиссаламға білдірді.
Халық хазреті Мұсадан сойылатын сиырдың қандай сипатта болу керектігін сұрайды. Ол білдіреді. Құны үш алтын болғанымен, айтылған сипаттар тек бір ғана сиырда болғаны үшін терісі толған алтын беріп бұл сиырды сатып алып сояды.
Сойылған сиырдың бір бөлшегімен өліні ұрғанда өлі тіріліп “Мені өлтірген бауырымның баласы” деп айтып қайтадан өледі. Адамдар өлтірген жігітті ұстап өлтіреді. Осылай екі ауыл арасындағы жанжал тоқтайды.
Бұл оқиға Құран кәрімде Бақара сүресінің 67-73- аяттарында білдірілген. Соңғы аяттың жалғасында “Міне Аллаһ өлілерді осылай тірілтеді. Ойланып шындықты түсінулерің үшін сендерге көрсетеді” деп бұйырылған.
Перғауындар дәуіріндегі Мысырда сиыр киелі деп саналған жануар еді. Қазіргі Үндістандағы сияқты олар да сиырға табынатын. Аллаһтан басқа нәрселерге табынуға болмайтынын көрсету және осындай қате сенімдерді жою мақсатымен Бәни Исраил қауымына осы муғжиза көрсетілген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024