Бейнетсіз ниғмет болмайды

            Аллаһу та’ала дүниені қиыншылық, ауыртпалық мекені етіп жаратқан. Мұнда барлық нәрсе белгілі себептер арқылы берілуде. Бұл себептерге жабыспаған, бұл себептердің ауыртпалықтарына, қиындықтарына төзбеген адам қалаған ниғметтеріне қауыша алмайды. Ғалым болғысы келетін адам, ілім үйренудің себептеріне жабыспаса, бұл себептердің беретін қиындықтарына, бейнеттеріне сабыр етпесе сауатсыздықтан құтыла алмайды. Әрбір ниғмет бір бейнеттің, қиындықтың артынан келеді. Қиындықсыз ниғмет болмайды.  

   

         Аллаһу та’аланың әдетіне мойынсұнбастан, себептерге жабыспастан, еңбек етпестен дұға етудің өзі де Аллаһу та’аладан муғжиза сұрау деген сөз, бұл жаиз емес. Дініміз әрі еңбек етуді, себепке жабысуды, бейнеттенуді, әрі дұға етуді бұйырған. Алдымен себебіне жабысу керек, одан кейін дұға ету керек. Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам «Еңбек етпей дұға еткен адам қарусыз соғысқа аттанған адаммен тең.» деп бұйырған. 

        

         Аллаһу та’аланың жіберген пайғамбарлары пайғамбар болуларына қарамай, әмір етілген себептерге жабысты, қиындықтарға, зардаптарға төзді. Мәселен Әййуб алейһиссалам Дамаск төңірегінде өмір сүрген адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген еді. Оларды Аллаһу та’алаға иман және ғибадат етуге шақырды. Бұл жолда көптеген қиындықтармен қасіреттерге тап болды. Кейін мал-мүлкі, бала-шағасы және денсаулығы арқылы емтихан етілді. Әййуб алейһиссалам өте үлкен азаптарға төзді. Асқан сабырымен құлдықта құсыр етпей, шағымданбауы және басқа да көркем қасиеттерімен салихтарға және ақыл иелеріне үлгі болды.

 
            Ешнәрсе істемей, еңбек етпей, бейнеттенбей, қиындық көрмей, үйренбей, білмей аузын ашып ауадан несібе күту дінімізде жоқ. Бұлай істеу үлкен күнә. Аллаһу та’ала Нәжм сүресінің отыз тоғызыншы аяти кәримасында: «Адамға (ахыретте) тек дүниеде еңбек етіп (ықыласпен) жасаған істері пайда береді.» деп бұйырған.

 
            Бір істің бейнеті, қиындығы неғұрлым көп болса, рахметі, ниғметі де соғұрлым көп болады. Бұл қиындықтарға төзген адам шексіз ниғметтерге қауышады. Онсыз да ғибадаттан мақсат қиындықпен машақат шегу арқылы нәпсіге дұшпандық ету. Хазреті Әли: «Қиналмай, тер төкпей жәннатқа қауышатынын ойлайтын адам, қияли адам. Еңбектеніп қауышамын деген адамның да өзін әуреге салуы, ғибадат машақаттарын арқалауы керек.» деп бұйырған.

  
            Сәйид Әбул-Уәфа хазреттері былай деген: «Кімде кім Раббына қауышқысы келсе машақаттарға сабыр етіп, төзуі керек. Мәселен зығыр өсімдігі, қиыншылықтарға, машақаттарға сабыр етеді, соңында қағаз болып бетіне Аллаһу та’аланың есімі жазылады. Қасиетті, қадірлі болады. Аллаһу та’аланың есімінің ұлылығымен берекесін қараңдар. Зығыр алдымен топырақтың астына қамалады. Кейін өсіп, жер бетіне шыққанында орылып, отанынан айрылады. Ыстыққа тасталып күннің астында қақталады, кейін соққыға алынып кебектерінен ажырайды. Кейін тазаруы үшін тарақтың тістерінен өткізіледі. Иіледі, бүгіледі ең соңында жіпке айналып адам қолымен мата тоқылады.

         Бүкіл бұлар жасалып болғанға дейін шегі, есебі болмаған қиындық тартады, машақаттарға төзеді. Мұнда да тәкаппарлық еткен сайын, бұл тәкаппарлығы жойылғанға дейін сығылады. Бұл азаптан бөлшек бөлшек болып, қажетсіз жағдайға келгенге дейін құтылу жоқ. Қажетсіз жағдайға келгенде де қоқысқа тасталады. Аяқтар астында тапталады. Қағаз дайындаушы оны осындай халінен көріп қағаз жасау үшін алады. Тазалап жуғаннан кейін жап-жаңа, аппақ қағаз жасайды. Қағаздың бетіне Аллаһу та’аланың есімі жазылады. Құран кәрім, хадис шәрифтер жазылады. Зығыр бұл мәртебеге жеткенге дейін қаншама азап, қиындықтар тартатынын сөзбен жеткізу аздық етеді.     

         Шәкірттің ұстаз қолында тәрбиеленуі де осыған ұқсайды. Зығыр соншалықты бейнет, машақат шеккеннен кейін қағаз болып, бетіне жазу жазылып қалайша қадірі артып қолдарда жүрген болса, шәкірт те бейнетпен машақат тартып, осындай жолдардан өткеннен кейін үстем болып, дәрежесі көтеріледі.»

 
            Хазреті Имам Ғазалидің өз нәпсіне айтқаны: «Ей нәпсім, бәлкім иман еткеніңді бірақ қиыншылық тартуға шыдай алмайтыныңды айтарсың. Демек сен қиыншылыққа төзе алмайтындардың аздап күш салып бұл машақаттан өтулері керектігін, жаһаннам азабынан құтылу үшін дүние бейнеттеріне төзудің парыз екендігін білмейді екенсің. Бүгін дүниенің аздаған бейнетіне шыдай алмасаң, ертең жаһаннам азабына және ахыреттегі қорлықпен төмендікке қалай шыдамақсың!» 

         Қорыта айтқанда пайғамбарымыздың бір сахабаға айтқанындай: «Дүние үшін дүниеде қалатындай мөлшерде, ахырет үшін ол жақта шексіз қалатындай көлемде еңбек ет! Аллаһу та’алаға қаншалықты мұқтаж болсаң, соншалықты бағын! Тозақ отына шыдай алатыныңдай мөлшерде күнә істе!»