Сұрақ: Жұмыс істеу ғибадат болып санала ма?
Жауап: Мұсылманның жұмыс істеуі – ғибадат. Бірақ имансыз адамның жұмыс істеуі ғибадат болып саналмайды. «Мен намаз оқымаймын, бірақ жұмыс істеймін. Ол да ғибадат» деп айту дұрыс емес. Намаз оқымайтын адамның жұмыс істеуі ғибадат болып саналмайды. Ешкімге мұқтаж болмау үшін жұмыс істеудің дінімізде маңызы зор.
Пайғамбарымыз “алейһиссалам” хазреті Муазбен қол алысып оған былай дейді:
- Ей Муаз, қолдарың күстеніп кетіпті.
- Иә, Расулаллаһ! Қолымда кетпен, топырақпен айналысып, осы арқылы бала-шағамның напақасын табамын,- дейді. Сол кезде пайғамбарымыз хазреті Муазды сүйіп:
- Бұл қолдарды тозақ оты жақпайды.» дейді. (Тибйан)
Бір күні бір жас жігіт таңертең ерте жұмысына кетіп бара жатады. Кейбір сахабалар мұны жөн көрмейді. Сонда пайғамбарымыз: «Олай демеңдер! Егер ешкімге мұқтаж болмау үшін, ата-анасы мен бала-шағасын мұқтаж қылмау үшін жұмысына кетіп бара жатса, оның әрбір басқан қадамы ғибадат болып саналады. Егер тапқан табысымен мақтану, көңіл көтеру ниетінде болса, оның жолдасы шайтан болады.» деп бұйырады (Табарани)
Бұдан көргеніміздей мұсылман адамның жақсы ниетпен еңбек етуі ғибадат болып саналады. Ал кәпірлердің және әр түрлі күнә-харамдарды жасайтын адамдардың еңбектенуі ғибадат болмайды. «Намаз оқудың не қажеті бар? Еңбек ету де ғибадат емес пе?» деп айту үлкен қате. Бұлай деген адам кәпір болады. Бес уақыт намазын толық оқитын, харамдардан қашатын адамның жақсы ниетпен жұмыс істеуі ғибадат болып табылады. (К. Саадет)
Әркімнің ризығы бөлінген
Адам өзінің ризығын іздегеніндей ризығы да өз иесін іздейді. Көптеген кедейлер бар, байлардан да жақсы тұрады, байлардан да бақытты өмір сүреді. Аллаһу та’ала өзінен қорыққан құлдарына, дініне мойынсұнғандарға ойламаған жерден ризық жібереді. Аллаһу та’ала адамдарды жаратқан кезде өмірлері секілді ризықтарын да тағдырына жазған. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһу та’ала мұсылманның ризығын ойламаған жерден береді.» (И. Хиббан)
«Аллаһтан қорқыңдар! Қалаған нәрселеріңе қауышу үшін жақсы себептерге жабысыңдар! Жаман себептерден алыс тұрыңдар! Ешкім тағдырында жазылған ризыққа қауышпайынша өлмейді.» (Хаким)
«Ажалдарың сендерді қалай қуаласа, ризықтарың да сендерді солай қуалайды. Ризық үшін қиындық шексеңдер, Аллаһу та’аланың әміріне сай әрекет етіңдер!» (Табарани)
«Аллаһтан қорқуды өзіне капитал етіп алған адам ризығына саудасыз және капиталсыз қауышады.» (Табарани)
«Аллаһу та’алаға толық тәуекел еткендеріңде азанда аш кетіп, кешке тоқ келетін құстар сияқты ризыққа қауышатын едіңдер.» (Тирмизи)
Халал ризыққа қауышуды қалайтын адам себептеріне жабысуы керек. Ақша табу мал-мүлікті арттырғанымен ризықты арттырмайды. Ризық – муқаддәр, яғни әзелде тағдырға жазылған. Ризық жалақыға, мал-мүлікке, жұмыс істеуге байланысты емес. Алайда Аллаһу та’ала бізге әмір еткені үшін еңбектенуіміз керек. Өйткені, Аллаһу та’аланың істері себептердің артына жасырынған. Яғни Аллаһу та‘ала барлық нәрсені себептерге байлап жаратады. Бір нәрсеге қауышу үшін, сол нәрсенің себебіне жабысу керек, сол нәрсенің жаратылуына себеп болатын, сол нәрсеге жеткізетін амалдарды орындау керек. Аллаһу та’аланың әдеті солай. Бірақ кейде адамдар себепке жабысса да, істің болымды нәтижесін ала алмауы мүмкін. Немесе себепке жабыспай-ақ нәтиже алуы мүмкін. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ризығының мол болуын қалаған адам сила-и рахим (туған-туыстармен араласып, оларға қамқорлық) жасасын.» (Бұхари)
«Садақа беруді әдетке айналдырған адамның ризығы артады.» (Ибни Мажә)
«Жомарт адамның үйіне келетін ризық түйенің төсіне сұғылған пышақтан да тез келеді.» (Ибни Мажә)
«Истиғфарды (әстағфируллаһ) көп айтатын адам ойламаған жерден ризыққа қауышады.» (Ибни Мажә)
«Намаз оқу ризықтың берекелі болуына себеп болады.» (Мифтаһ-ул жәннә)
«Әйелімен (жақсы қарым-қатынаста болып) әзілдесетін адамның ризығы артады.» (И. Лал)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024