Хадис шәрифтерді түсіну

Сұрақ: “Садәти Әбәдийа” кітабындағы: «Зередей (кішкентай) бір күнәдан қашу – бүкіл жын және адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да артық.»  деген хадис шәрифтегі “ғибадаттар” деген сөзге парыздар да кіре ме?

Жауап: Жиі жиі қайталап айтып жатқанымыздай хадис шәрифтерге, әсіресе үкім білдіретін хадис шәрифтерге әһли сүннет ғұламаларының түсініктемесі болмастан әркімнің өз ақылымен (ой-пікірімен) мағына беруі адасушылық болып табылады. Сондай-ақ ешбір шартсыз білдірілген хадис шәрифтерде міндетті түрде кейбір шарттары болады. Түсініктемені қажет ететін, тікелей алып өз түсінгені бойынша қолданған кезде қателесуге себеп болатын хадис шәрифтерге мысал келтірейік:

 

Мумин емес:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны істеген адам мумин емес» деген секілді сөздер өтеді. Бұлардың кейбіреулері бұл күнәні істеген адам “кәпір болады” деген мағынаны білдірмейді. Кәміл мұсылман еместігін білдіреді. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы төмендегідей:

 

«Көршісі аш бола тұра тоқ жатқан адам мумин емес.»ұхари)

 

«Көршісі зұлымдығынан сенімді болмаған адам мумин емес.»ұхари)

 

«Өзінің мал-мүлкіне немесе бала-шағасына зиян тигізеді деген қорқынышпен көршісінен күмәнданып есігін жапқан, онымен қарым-қатынасын үзген адам мумин емес.» (Хараити)

 

«Өзі үшін ұнатқан нәрсені көршісі немесе досы үшін ұнатпаған адам мумин емес.» үслим)

 

«Фухш (жаман, ұятсыз) сөз сөйлеген адам мумин емес.»ұхари)

 

«Бәлені ниғмет, тыныштықты пәлекет деп білмеген адам мумин емес.» (Табарани)

 

«Өзі үшін ұнатқан нәрсені, бауыры үшін ұнатпаған адам мумин емес.»ұхари)

 

«Зина еткен, арақ ішкен және ұрлық жасаған адам сол тірлікті істеу кезінде мумин болмайды.» ұхари)

 

«Аманатқа қиянат жасаған адамның иманы жоқ (Табарани)

 

«Мейірімді болмаған адамның иманы болмайды.» (Табарани)

 

Бізден емес:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны істеген адам бізден емес» делінеді. Бұлардың да кейбіреулері “кәпір болады” деген мағынаны білдірмейді. Күнә болатындығын білдіретін мағыналары да бар. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы:

 

«Өзгенің әйелін, қызын жолдан тайдырған адам бізден емес.» (И. Ахмед)

 

«Мұсылманға зиянын тигізген, оны алдайтын адам бізден емес.»үслим)

 

«Бізді алдаған адам бізден емес.» (Табарани)

 

«Ілім үйренбеген адам бізден емес.»әйләми)

 

«Бәле келгенде үсті-басын жыртатын, айқай-шу шығаратын адам бізден емес.»ұхари)

 

«Қолында бар бола тұра отбасының напақасын таршылықта ұстайтын адам бізден емес.» (Жами-ус-сағир)

 

«Қарсы жынысқа ұқсауға тырысқан адам бізден емес.» (И. Ахмед)

 

«Сәлемді алмаған адам бізден емес.» (И. Сүнни)

 

«Хаседші өре алмайтын, қызғаншақ) және жалақор адам менен емес.» (Табарани)

 

“Бізден емес” сөзі “сүннетіме мойынсұнбаған немесе мәкруһ жасаған” деген мағынада келетін хадис шәрифтердің біршамасы:

 

«Жыланнан қорқып өлтірмеген адам бізден емес.» (Әбу Дауд)

 

«Тырнақтарын алмаған адам бізден емес.» (И. Ахмед)

 

«Ғұсыл алып болған соң, дәрет алған адам бізден емес.» (Әбу Дауд)

 

«Үйленбеген адам менен емес.» (Ибни Мажә)

 

Жәннатқа кіре алмайды:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны істеген адам жәннатқа кіре алмайды» делінеді. Бұлардың да кейбіреулері “кәпір болады” деген мағынада емес, күнә болады деген мағынада айтылған. Бұл күнәларды жасаған адам жәннатқа мүлдем кіре алмайды деген сөз емес. Иманды болса, кешірімге немесе шапағатқа қауышса, жәннатқа кіреді. Сауаптары күнәларынан көп болса жәннатқа кіреді. Бұлардың ешқайсысы болмаса, күнәларының жазасын өтегеннен кейін жәннатқа кіреді дегенді білдіреді. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы мыналар:

 

«Жасаған жақсылықтарын міндетсінген адам жәннатқа кіре алмайды.» (Тирмизи)

 

«Сараң адам жәннатқа кіре алмайды.»әйләми)

 

«Пайыз жеген адам жәннатқа кіре алмайды.» (Хаким)

 

«Құлына жаман мәміледе болған адам жәннатқа кіре алмайды.» (Тирмизи)

 

«Жетімнің ақысын жеген адам жәннатқа кіре алмайды.» (Хаким)

 

«Ұятсыз адам жәннатқа кіре алмайды.»әйләми)

 

«Араққа салынған адам жәннатқа кіре алмайды.» (Хаким)

 

«Ерлерге ұқсауға тырысқан әйел жәннатқа кіре алмайды.»әсаи)

 

«Ата-анасына қарсы шыққан адам жәннатқа кіре алмайды.»әсаи)

 

«Фухш (жаман, ұятсыз) сөз сөйлеген адам жәннатқа кіре алмайды.» (Әбу Нуайм)

 

 

Жаһаннамға кірмейді:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны жасаған адам жаһаннамға кірмейді.» делінеді. Мұндай адамдардың да тозаққа кірмеуі үшін бірнеше шарттар бар. Бұлардың біріншісі мұсылман болуы шарт. Мұсылман болмаған адам міндетті түрде тозаққа түседі. Екіншісі әһли сүннет ақидасында болуы шарт. Әһли сүннет ақидасында болмағандар әһли бидғат (бидғатшы) деп аталады. Әһли бидғаттың да міндетті түрде тозаққа кететіні хадис шәрифтермен білдірілген. Үшіншісі сауаптарының күнәларынан көп болуы немесе кешірімге, шапағатқа қауышуы шарт. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы төмендегідей:

 

«”Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун расулуллаһ” деген адам тозаққа кірмейді.»үслим)

 

«Жомарт адам көп күнә жасаса да тозаққа кірмейді.» (Р. Насихин)

 

«Аллаһтан қорқып жылаған адам тозаққа кірмейді.»әсаи)

 

«Адамдарға қолайлық (жеңілдік) жасаған және жұмсақтық көрсеткен адам тозаққа кірмейді.» (Тирмизи)

 

«Ата-анасының разылығын алған мұсылман не істесе де тозаққа кірмейді.» (Шира)

 

«Мені түсінде көрген адам жаһаннамға кірмейді.» (Ибн Асакир)

 

 

Жаһаннамдық болады:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны жасаған адам жаһаннамдық болады» делінеді. Бұлардың кейбіреулері кәпір болады деген мағынада емес, күнә екендігін білдіретін мағыналарда айтылған. Бұл күнәларды жасаған адам міндетті түрде тозаққа түседі деген сөз емес. Иманды болса және ақидасы дұрыс болса, кешірімге және шапағатқа қауышса жәннатқа кіреді. Сауаптары күнәларынан көп болса жәннатқа кіреді. Осылардың ешқайсысы болмаса, тозақта күнәларының жазасын тартқан соң, жәннатқа кіреді дегенді білдіреді. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы мынадай:

 

«Ғайбат айтқан адам жаһаннамдық болады.» (Исфахани)

 

«Күліп күнә істеген адам, жылап тозаққа кіреді.» (Әбу Нуайм)

 

«Пара алған да, берген де тозақтық болады.» (Табарани)

 

«Мұсылманды алдаған адам жаһаннамдық болады.» (Табарани)

 

«Жәбірейіл алейһиссалам айтты: “Йа Расулаллаһ! Сенің есімің аталғанда, саған салауат айтпаған адам азапқа лайықты болады және жаһаннамға түседі.”» (И. Ахмед)

 

«Аллаһ разылығынан өзге нәрселерге қауышу ниетімен ілім үйренген адам тозаққа кіреді.» (Тирмизи)

 

«Түнімен ғибадат етіп, күні бойы ораза ұстаған адам жамағатқа келмесе жаһаннамға кетеді.» (Тирмизи)

 

«Сараң адам тозаққа түседі.»әйһақи)

 

«Мұсылманға үш күннен артық араздаған адам жаһаннамға кетеді.» әсаи)

 

 

Жәннатқа кіреді:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны жасаған адам жәннатқа кіреді» делінеді. Мұндай адамдардың жәннатқа кіруі үшін мұсылман болуы, ақидасы дұрыс болуы, сауаптары күнәларынан көп болуы секілді шарттар бар. Осы шарттар болмаса жәннатқа кіре алмайды. Осы мағынадағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

 

«Кібірден әкаппарлықтан) ұзақ болып өлген адам жәннатқа кіреді.» (Тирмизи)

 

«Халықтан ешнәрсе сұрамайтынына уәде берген адамның жәннатқа кіруіне кепілмін.»әсаи)

 

«Таза болған адамдар жәннатқа кіреді.»әйләми)

 

«Екі қыз баласына жақсы мәміледе болған адам міндетті түрде жәннатқа кіреді.» (Ибн Мажә)

 

«Жұбайы өзінен разы болып өлген әйел жәннатқа кіреді.» (Тирмизи)

 

 

Барлық күнәлары кешіріледі:

Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны жасаған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» делінеді. Барлық күнәларының кешірілуі үшін де мұсылман болуы, ақидасының дұрыс болуы секілді шарттар бар. Ал әһли бидғаттың онсыз да жасаған ғибадаттары қабыл болмайды.

“Барлық күнәлары” сөзіндегі мақсат – кіші күнәлары болып табылады. Үлкен күнәларының кешірілуі үшін оларға бөлек тәубе етуі, құл ақысы желінген болса халалдасуы (өтеуі, разылығын алуы) керек. Намаз, ораза секілді парыз болған ғибадаттары тәрк етілген болса, әрі тәубе, истиғфар етуі, әрі бұлардың қазасын өтеуі тиіс. Бұларды жасамастан төмендегі істерді жасағанда бұл күнәлар кешірілмейді. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы төмендегідей:

 

«Дәрет алған адам барлық күнәларынан тазарған болады.»үслим)

 

«Арапа күні мың рет Ихлас сүресін оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Әбуш-шәйһ)

 

«Жақсылап дәрет алып, жамағатпен намазын оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.»үслим)

 

«Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі.» (Табарани)

 

«Жұма түні Ясин сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Исфахани)

 

«Күнде үш рет Адам алейһиссаламға салауат айтқан адамның яғни “Салауатуллаһи ала Адәмә” деген адамның барлық күнәлары кешіріледі.»әйләми)

 

«Ишрақ әске) уақытында екі рәкат намаз оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед)

 

«Екі мұсылман сәлемдесіп қол алысса және маған салауат шәриф оқыса, анадан жаңа туғандай барлық күнәлары кешіріледі.» (Р. Насихин)

 

«Жұма күні таң намазынан бұрын: “Астағфируллаһәл-азыйм, әлләзи лә илаһә илла һуәл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ дұғасын оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

 

«Әр намаздан кейін 33 тәсбих (Субханаллаһ), 33 таһмид (Әлһамдулилләһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір тәһлил: “Лә илаһә иллаллаһ уахдәһу лә шәрикәәһ ләһул-мулку уә ләһүл хамду уә һуә ала кулли шәйин қадир” деген адамның теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.» үслим)

 

Қабыл болмайды:

Кейбір хадис шәрифтерде «Жасаған ғибадаты қабыл болмайды» делінеді. Бұл жердегі “қабыл болмайды” сөзінің мағынасы босқа кетеді, сахих болмайды дегенді білдірмейді. Ғибадаты сахих болады, бірақ үлкен сауаптарға қауыша алмайды немесе сауабы өте аз болады дегенді білдіреді. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы:

 

«Харам көйлекпен оқылған намаз қабыл болмайды.»әззар)

 

«Бір үзім харам азық  жеген адамның қырық күн ғибадаттары қабыл болмайды.» (Табарани)

 

«Әйелінің ақыларын орындамаған адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.»үршид-ун-ниса)

 

«Зекет бермеген адамның намазы қабыл болмайды.» (Табарани)

 

«Намаз оқымаған адамның ғибадаттары қабыл болмайды. (Әбу Нуайм)

 

«Аманатқа қиянат еткен адамның намазы да, зекеті де қабыл болмайды.әззар)

 

«Өзін қаламаған жамағатқа имам болған адамның намазы қабыл болмайды.»әйһақи)

 

«Аманатқа қиянат еткен адамның намазы да, зекеті де қабыл болмайды» (Әбу Нуайм)

 

«Шаштарын түйенің өркешіндей етіп түйіп қойған әйелдің намазы қабыл болмайды.» (Табарани)

 

«Арақ ішкен адамның намазы қырық күн қабыл болмайды.» (Тирмизи, Хаким, Нәсаи)

 

«Дін бауырының әурет жеріне қараған адамның қырық түндік намазы қабыл болмайды.» (И. Асакир)

 

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелінің намаздары және басқа да жақсылықтары қабыл болмайды.» (Табарани)

 

“Хадиқа” және “Бәриқа” кітаптарында өткен: «Әһли бидғаттың (бидғатшының) ешбір ғибадаты қабыл болмайды.» хадис шәрифінің түсініктемесінде: «Олардың ғибадаттары сахих болады. Бірақ сауап берілмейді.» делінген.

Бидғатшының ғибадаттары сахих болса да қабыл болмайды. Қабыл болмайды дегені сахих болмайды деген сөз емес. Сахих болады, бірақ сауап берілмейді дегенді білдіреді. әдд-ул-мухтар)

 Бір хадис шәрифте де былай делінеді:

 «Әйел күйеуінің рұқсатынсыз ораза ұстай алмайды.»ұхари, Мүслим)

Парыз болған ораза үшін ешкімнен рұқсат сұралмайды. Бұл жерде нәпіл ораза үшін айтылған.

 «Зередей (Кішкентай) күнәдан қашу – бүкіл жын мен адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да артық хадис шәрифіндегі ғибадаттар сөзіндегі мақсат – нәпіл ғибадаттар. Өйткені нәпіл ғибадаттарды орындау парыз емес. Ал күнәлардан қашу адамдардың бәріне парыз. (С. Әбәдийа)

Көріп отырғанымыздай, Құран кәрімнің тура мағынасын оқып, өзінің түсінгені бойынша амал ету қалай адасушылық болса, хадис шәрифтерден де өз түсінгені бойынша амал ету солай адасушылық болып табылады. Өз түсінігімізге емес, әһли сүннет ғұламаларының түсініп, білдірген үкімдеріне мойынсұнуымыз керек.

Хазреті Имам Раббани былай деген:

«Хадистермен амал ету бізге жаиз емес. Мазһабымыздың үкіміне сай келмейтін болып көрінген хадис шәрифтер ғалымдардың сөздерін жоққа шығару үшін дәлел және құжат бола алмайды.» (1/ 312)

Мұхаммед Хадими хазрет былай деген: «Дініміздегі төрт дәлел мүжтәһидтер үшін. Біз үшін дәлел мазһабымыздың білдірген үкімдері. Өйткені біз аят және хадистерден үкім шығара алмаймыз. Мазһабтың бір үкімі аятқа немесе хадиске сай келмейтін болып көрінсе де қате емес. Өйткені аят және хадис ижтиһад етуді талап етеді, үкімі басқа аят немесе хадиспен өзгертілген болуы мүмкін немесе біз білмейтін бір тәуилі болады.» әриқа 94-бет.)

«Мүжтәһид болмаған адам оқыған хадисінен өзінің түсінгені бойынша амал ете алмайды. Мүжтәһидтердің аяти кәрима және хадис шәрифтерден түсініп, шығарған фәтуаларымен амал етуі керек. Тақрир кітабында да осылай жазылған.» (Кифайа)