Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістерді алып қарасақ көбінің негізгі себебі түкке тұрғысыз, болмашы нәрселер екенін көреміз. «Неге жүзімнің дәні бар, неге жаңғақтың қабығы бар...» деп әр болмашы нәрсеге тұтылып, барлық нәрседен кемшілік іздеп, ешнәрсені ұнатпау ара-қатынастың бұзылуына жол ашады.
Көп адам, жоғары қабілеттілігі, ой-өрісімен түсінігі кең болуына қарамастан маңызсыз, мәнсіз нәрселерге кідіріп өздерінің сәттілікке апаратын жолдарын өздері жабады. Маңызсыз нәрселерді аттап негізгі мақсатына өте алмайды. Әсіресе бұл жағдай бүгінгі басшыларда көп кездеседі. Бір жақта миллионның есебімен әуре болып жатқанда, басқа жағынан миллиардтар өтіп кеткенінен хабары да болмайды.
Ұсақ-түйекпен айналысып негізгі мәселені назардан тыс қалдыру тек басшыларда ғана емес, өміріміздің барлық кезеңінен көруге болады. Отбасы ішіндегі жанжалдардан, жұмыс орнынан, көшеден т.б. ...
Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістердің көбі жаңғақ қабығын толтырмайтын жағдайлар. Бір жеке отырып бұрын болған ұрыстардың шығу себебін ойлап көрдік пе?
Тынық мимен ойланып қарайтын болсақ ұлғаймаған жанжалдардың бәрі дерлік болмашы нәрселерден туындағанын байқаймыз...
Мәселен үйдің еркегі үйге аздап шаршап, ашулы келеді. Кешкі ас оның көңілінен шықпай сын айта бастайды. Ал негізінде астың дәм-тұзында ешқандай мін жоқ, бірақ отағасының күні стреспен өтіп соны тарқату үшін бір сылтау іздеп отыр...
Кешке дейін балаларымен, үй істерімен шаршаған әйелі «күйеуім келсін шерімді бөлісейін, жеңілденейін» деп отырғанда күтпеген жағдайға тап болады. Ойының бәрі төңкерілген әйелі де күшін жинап жауабын береді: «Табысыңның жағдайы осы болса енді басқа не күтесің менен?» немесе «Менің де басқалардікіндей жақсы асхана құралдарым болса, үйде қызметшілерім болса бұдан да жақсы тағамдар пісірер едім!..»
Мұндай жауап отағасының намысына тиері анық, беретін жауабы да аспаса кем түспейді: «Маған қара, бұның себебі ақшамыздың аз болуы емес, жай сөзбен айтқанда сенің қолыңнан ештеңе келмейді!..»
Әрине әйелдің бұған да берер жауабы табылады. Осылай біразға дейін ұрыс жалғасып, кешкі астың сәні кетіп екеуі де бөлмелеріне кетеді. Жеңілденемін деп отырғанда екеуінің де жүйке жүйесі одан сайын қозып кетеді!
Екі тарап та бір-бірін айыптап шығады... Қайын ене, қайын ата, үйленердегі, үйленгеннен кейінгі берілген сөздер т.б. жағдайлар айтылады. Қаншама жылдық отбасылық өмірдегі болған жағдайлар бетке ұрылады.
Екі тарап та ұрыс алаңынан ашулы, ызалы күйде шығады. Ешқайсы дұрыс шешімге келмейді, керісінше келесі майданды одан қызулы болғызатын, жаңа шабуылдау сөздерін дайындап, қорғаныс шептерін қамдап, жаңа тактикалар іздей бастайды. Осы ізденіс барысында ұйқыға батады...
Таң атып өткен күннің шаршағандығы, стрестері ұйқымен жоғалғанда, екеуі де жасағандарына өкінеді. Сонша дауласқандары бір жаңғақ қабығына толмайтындығын түсінеді. Сыртқа білдірмесе де өз халдеріне іштей күледі. Көбінесе осындай ұсақ-түйек нәрселер үлкен жанжалға себеп болады. Сондықтан ұрыстың алдын алу үшін ұсақ-түйек ойларды бір бұрышқа алып қою керек...
Біреуді сынау, сөгу, айыптаудан бұрын немесе дереу қорғанысқа шығып, өзіне қарсы шабуылдаудан бұрын өзімізге мына сұрақты қоюымыз керек: «шынымен де бұл маңызды ма?»
Көп жағдайда маңызды еместігі анықталады, осылай түсініспеушіліктен, араздасудан тыйылған боламыз. Өз-өздеріңе қайта-қайта осы сұрақты қойыңдар: «шынымен де бұл маңызды ма?»
Тағамның тұзы аз немесе көп болуы, дәмі дұрыс болмауы, орынсыз ақша шығындауы немесе үйге жақсы көрмейтін туысыңды шақыруы шынымен қатты маңызды ма? Келеңсіз жағдайға кіретініңді сезген кезде өздеріңнен сұраңдар: «шынымен де бұл маңызды ма?» Бұрынғыдан да жақсы отбасы жағдайын қалыптастыруда бұл сұрақтың үлкен ролі бар.
Бұл сұрақ жұмыста, көшеде қысқасы өмірдің барлық кезеңдеріне жарамды. Машинамен келе жатып біреудің кенеттен қысып кетуіне де жарамды. Өмірде жанжал туғызатын бүкіл жағдайларда бұл сұрақ кәдеңе жарайтыны сөзсіз. Әрқашан міндетті түрде бұл сұрақты өзімізден сұрап жүрейік: «шынымен де бұл маңызды ма?»
Бұл үш күндік дүниеде Аллаһу та’ала бізді «шынымен де маңызды» нәрселерді ұғып сол бойынша өмір сүргендерден жазсын!...
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024