Сұрақ: Дүниеден өткен, қайтыс болған ата-ананың ақысы қалай өтеледі?
Жауап: Төмендегілерді орындауға тырысу керек:
Намаздардан кейін дұға етіп, сауаптарын ата-ананың рухына бағыштау керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ата-анасына қарсы
келген адам, олар қайтыс болғаннан кейін, оларға дұға етсін, Аллаһу та'ала оны
ата-анасына мойынсұнғандар қатарынан жазады.»
(Ибни Әбиддуниа)
Сауабын олардың рухына бағыштап ораза тұту керек. Қажылыққа барып сауабын олардың рухына бағыштау керек. Ғұламалардың көбінің үкімі бойынша ата-ананың орнына қажылыққа бару жаиз болады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Қайтыс болған ата-анасының атынан қажылыққа барған адамға, өзі үшін және ата-анасы үшін қажылық сауабы жазылады. Ата-анасының рухына сүйінші беріледі.» (Дарә Қутни)
Садақа беріп сауабын олардың рухына бағыштау керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Садақа бергенде сауабын мұсылман болған ата-аналарыңның рухтарына неге бағыштамайсыңдар? Бағыштасаңдар берген садақаларыңның сауабы олардың рухына баратыны секілді, сол сауаптан еш азаймай сендерге де жазылады.» (Табарани)
Қабірлерін зиярат етіп Құран кәрім оқу керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ата-анасының немесе біреуінің қабірін ықыласпен және кешірім үміттеніп зиярат еткен адам, қабыл болған бір қажылық сауабын алады және бұл нәрсені әдетке айналдырған адамның қабірін періштелер зиярат етеді.» (Хаким)
Қабірлерін жұма күндері зиярат ету керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ата-ананың
қабірін жұма күндері зиярат еткен адамның күнәлары кешіріледі,
(ата-анасының) ақыларын өтеген болады.» (Тирмизи)
Ата-ана көзі тірісінде ренжіген болса, бала салих болатын болса разы болады. Олардың үйреткен жақсы нәрселерімен амал еткенінше сауабы оларға да жазылады. Олардан жаман нәрсе үйренген болса, әр істеген жаман ісінен оларға да күнә мен азап беріледі. Сондықтан олардан және олар арқылы үйренген жаман нәрселерді тәрк ету керек, жаман істері арқылы оларды қабірде азапқа душар етпеу керек.
Сұрақ: Әкем бетдұға оқыған (қарғаған) еді. Ол қайтыс болғаннан кейін істерім алға баспай қойды. Мұның бір шарасы бар ма?
Жауап: Тәубе истиғфар (әстағфируллаһ) айтып жүріңіз. Сауабын әкеңізге бағыштап жақсы амалдар істеңіз. Мәселен бір кедейге аяқ киім алып бердіңіз делік. Сауабын әкеңіздің, пайғамбарымыздың және бүкіл мұсылмандардың рухтарына бағыштасаңыз, сауабы мүлдем азаймастан бәріне тиеді. Әкеңіз сауаптарға қауышқанында разы болады және істеріңіз де оңынан жүре бастайды. Осы сияқты жақсылықтар істеуге және сауабын бағыштауға тырысыңыз.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024