Істің қайырлысын тандау керек

Дүниеде істелген әрбір іс-әрекеттен, әрбір ой-пікірден дүниеде және ахыретте пайда немесе зиян келеді. Пайдалы болғандары қайырлы (жақсы), зиянды болғандары шәрр (жаман) деп аталады. Аллаһу та’ала қайыр мен шәрді бір-бірінен әзелде (басы жоқ шексіз ертеде) ажыратқан.

 
           
Қайыр мен шәрр істеуде Аллаһу та'ала адамдарға ерік берген. Адамдар қаласа қайыр, қаласа шәрр істейді. Аллаһу та'ала мейрімділік етіп, қандай амалдардың қайырлы, қандай амалдардың шәр екенін Пайғамбарлары арқылы құлдарына білдірген. Адамдар бұларды Пайғамбарлардан үйреніп білген. Ақыл мен ілім иелері ақылы мен іліміне мойынсұнып қайырлы, жақсы амалдар жасайды. Ақылы мен ілімі болмаған жаһилдер нәпістері мен шайтанға мойынсұнып шәр, яғни күнә болған нәрселерді істеп, дүние мен ахыретте азапқа душар болады. Сәһл бин Абдуллаһ Тустәри хазреттері: “Харам азық жегендердің жеті ағзасы ол адам қаласа да, қаламаса да күнә істейді. Халал азық жегендердің ағзасы ғибадат етеді, ол адамдардың қайырлы, жақсы амалдар істеуі өздеріне оңай және сүйкімді көрінеді.” деген.    

            Хазреті Имам Раббани былай дейді:

“Дене ауруға шалдыққанда ғибадаттарды орындауы қиындайтыны секілді, көңілмен (жүрек) рухтың да ауыруы ғибадат етуді қиындатады. Аллаһу та'ала Ислам дінін тәрбие көрмеген, аммара нәпісті қалауларынан, жаман әдеттерінен тыйу үшін жіберді. Нәпістің қалауларымен Ислам дінінің талаптары бір-бірінің терісі, яғни бір-біріне қарама-қайшы. Сондықтан ғибадаттарды орындауға қиналу нәпістің жамандығын көрсететін бір белгі. Нәпістің өз қалауларына жетуге деген қуаты ғибадат етуге қиналудың дәрежесімен өлшенеді.”

            Адам табиғатынан туындайтын көптеген қалаулар бар. Адам өмірі бойынша бұл қалаулардан құтыла алмайды. Мысалы, ыстық болса дененің салқындағысы келеді, суық болса жылынғысы келеді. Дененің өмір сүре алуы үшін туындайтын мұндай қалаулардың құлшылыққа ешқандай кері әсері болмайды. Бұл қалаулар нәпістің қалаулары емес, бұл қалауларға нәпістің ешқандай қатысы жоқ. Табиғи себептер нәтижесінде пайда болатын қалауларға (дініміз тарапынан) тыйым салынған емес. Мұндай қалауларды орындау нәпіске мойынсұну болмайды.

 
           
Адамның барлық қалауы, бүкіл мақсаты Аллаһу та'аланың және Оның пайғамбарының разылығына қауышу болуы керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Бір адамның бүкіл қалағандары мен алып келген нәрселер болмағанша иман еткен болмайды.» деп бұйырған.

 

Дүние-мүлік пен лауазымды қайырлы мақсаттар үшін іздеп тапқан және жақсылыққа қолданған адамдар әр уақытта да рахаттық пен бақытқа қауышқан. Байлық пен лауазым бірегей мақсат емес, керісінше қайырымдылық жасауға арашы болуы керек. Байлық пен лауазым үлкен теңізге ұқсайды. Бұл теңізге көптеген адам батып кеткен. Құдайдан қорқу бұл теңіздің кемесі болып табылады. Хадис шәрифте: «Бұл дүниеде қалушы емес, жолаушы сияқты өмір сүру керек. Өлетініңді ешқашан ұмытпау керек.» делінген.

           
Адам бұл дүнеде мәңгі қалмайды. Адам баласы дүниенің қызықтарына батқан сайын дерт, қайғы және қиыншылықтар арта береді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Тек дүниенің байлығын мақсат етіп еңбек еткен адамға, пешенесіне жазылғанынан артығы бұйырмайды. Істері шиеленісіп, қайғы-мұңы көп болады.»


           
Адамның мұрат-мақсаты, қалағаны, аңсағаны, бар-жоғын жұмсап ұмтылғаны, жанын тігіп қол жеткізгісі келетін және оған жету үшін үшін кез-келген қорлыққа, сорлыққа шыдап, қайтпайтын бір нәрсесі бар болса, бұл оның табынған құдайына айналады. Оған жету үшін жанталасуы табынғандық, ғибадат болады. Өйткені ғибадат дегеніміз қорлық пен төмендіктің соңғы дәрежесі. Аллаһу та'аладан басқа табынатын зат жасап алмау үшін, Аллаһтан басқасын бірегей мақсатқа айналдырмау керек. Хадис шәрифте:

«Мақсаты ахырет болған, ахырет үшін тер төккен адамға Аллаһу та'ала бұл дүниені қызметші етеді.» деп бұйырылған.


           
Абдулқадир Гейлани хазреттері ұлына айтқан бір насихатында былай дейді:

“Ей ұлым! Ойлағаның ішіп-жеу, киіну және дүние ләззаты ғана болмасын. Бұлардың барлығы нәпсіңнің және табиғатыңның армандаған нәрселері. Көңілдің (рухтың) арманы айда болса, нәпіс пен табиғаттың арманы лайда. Көңілдің арманы – Аллаһу та'ала. Сенің ойлағаның тек қана Раббың және Оның дәргейіндегі ниғметтер болуы тиіс. Дүниедегі харам және күмәнділерден нені тәрк ететін болсаң, сол нәрсенің марапаты ретінде ахыретте одан да жақсыларын табасың. Өміріңнен тек өмір сүріп жатқан осы күнің ғана қалды деп ойла және ахыретің үшін дайындығыңды жаса... ”

 

Сондықтан адам дүние мен ахыретте өзіне пайда мен жақсылық алып келетін амалдарды таңдауы керек. Мұрат мақсаты әрқашан Аллаһу та'ала мен Елшісінің разы болғандары, ұнатқандары болу керек. Сонда ғана дүние мен ахырет бақытына жету оңай болады...