Сұрақ: Бидғат деген не?
Жауап: Бидғат – жаңалық деген сөз. Кейіннен шығарылған нәрсе дегенді білдіреді. Бұлар әдетте, ғибадатта немесе иманда болады. Әдетте бидғаттың діни тұрғыдан зияны жоқ. Ал ғибадатта және иманда болатын бидғаттар ең қауіптісі.
Әдетте (салт-дәстүрде) бидғат сауап күтілместен дүние пайдасы үшін жасалатын нәрселер. Әдетте бидғат костюм, плащ кию, шай, кофе ішу секілді діннің тыйым салмаған нәрселері болса күнә емес. Пайғамбарымыздың поптың аяқ киімін және грек шапанын кигені хадис шәрифтерде білдірілген. (Тирмизи)
Жаратылыстану (Физика, математика секілді) ғылымдары да бидғат емес. Тіпті ғылыми жетістіктерге жету дініміздің әмірі. «Ғылым Қытайда болса да алыңдар! Ғылым және өнер мұсылманның жоғалтқан мүлкі. Қайдан тапса алсын.» хадис шәрифтері кәпірлерге ұқсауды емес ғылымды олардан болса да іздеп табуды әмір етуде. (Мәудуат-ул-улум)
Ғибадатта бидғат деп расулуллаһтың және төрт халифасының заманында болмай дінімізге кейіннен кірген, ойдан шығарылған сенімдерге, сөздерге, амалдарға және әдеттерге айтылады. Ғибадатқа бидғат араластыру үлкен күнә болады. Бидғатты сүннет деп орындау харам. Бұлардың барлығын дін деп, ғибадат деп дінге қосу немесе діндегі маңызды нәрселерді дінге қайшы нәрсе, дінде бұл нәрсе жоқ деп айту бидғат болып табылады. Бидғаттардың кейбіреулері күпір, кейбіреулері үлкен күнә болады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Дін атына ойдан шығарылған барлық нәрсе бидғат болып табылады, барлық бидғаттар адасушылық, барлық адасушылық та жаһаннамға апарады.» (Бұхари, Муслим, Ибни Мажә, Нәсаи)
Бидғат шығарған адамдар дінде кемшіліктер бар деп тауып кейбір үкімдерді өзгертуге, жаңадан үкімдер қосуға тырысады. Сахих хадистерді ойдан шығарылған деп ойлайды, ислам ғалымдарын ұнатпайды. Көбінесе бидғатшылар тәкаппар болады.
Бұл заманның ең көп тараған бидғаты мазһабсызбық болып табылады.
Мазһабсыздар бұл бидғаттарын “Құран және сүннеттің жолымен журу” деген ұрандардың астына жасырғысы келеді. Хижри IV ғасырдан кейін құран және сүннеттен тікелей үкім шығара алатын мүжтаһид ғалымның жетіліп шықпағанын бүкіл ислам ғұламалары бір ауыздан айтқан. Осыған қарамай бұл дәуірде кейбір шетелдік қараңғы күштердің ықпалында қалған тәкаппар жастардың өздерін мүжтаһид орнына қойып 12 ғасырлық ислам ғалымдарын бір шетке сыпырып тастап тікелей Құранға жабысуларын көрудеміз.
Хазреті Имам Раббани былай дейді:
Әһли бидғат (бидғатшы) жасаған өзгерістерімен дінді дұрыстағанын, жақсартқанын, жетілдіргенін ойлап бидғат шығарады және бидғаттарының қараңғылығымен сүннеттің нұрын жабуға тырысады. Бұлар діннің кемшіліктерін толықтырғанын алға тартуда. Дін нұқсан, кем болып келмеді, кәміл, толық болып келді. Дінді кем деп ойлап толықтыруға (заманға сәйкестендіруге, түрлі бидғаттар шығаруға) тырысу, Маида сүресінің «Бүгін сендер үшін діндеріңді кәміл еттім. Сендерге болған ниғметімді толықтырдым және сендерге дін ретінде Исламды берумен разы болдым.» деген 3 аятына сенбеушілік болады. (м.260)
Иманда бидғат деп иман ілімдеріне, яғни сенілуі керек болған мәселелерге жаңа (жалған) сенімдер енгізу немесе сенілуі керек болған нәрселердің кейбіреуін жоққа шығару деген сөз. Иманда бидғат істеген адам кәпір болады.
Мәселен Аллаһу та’ала аспанда немесе Аршта отыр деу иманда бидғат болып табылады, бұл күпірге себеп болады. Өйткені әһли сүннет ғұламаларының Иманның алты шартын ашықтаған кітаптарында «Аллаһу та’аланың затында, сипатында, істерінде мекенге мұқтаж емес. Материя, мекен жоқ кезде де Ол бар болатын. Материя мен мекенді Ол жаратты.» делінеді. Хазреті Имам Раббани былай деген:
Аллаһу та’ала уақытқа, мекенге, бағытқа тәуелді емес. Бір жерде, бір жақта емес. Уақытты, жерлерді, бағыттарды Ол жаратқан. Надандар Оны Арштың үстінде немесе жоғарыда аспанда деп ойлайды. Аршты да, жоғарыны да, төменді де Ол жаратқан. Кейіннен жаратылған нәрсе әзәли, бастаусыз болғанға мекен бола алмайды. Аллаһ зат, дене және газ емес. Ұқсасы, серігі, терісі жоқ. Білетін нәрсеміз, ойымызға келетін барлық нәрсе Ол емес. Қандай екендігін түсіне алмаймыз, ойлана да алмаймыз. Ойға келген барлық нәрсе қате. Ол ғаламның ішінде де емес, сыртында да емес. Ішінде сыртында болу бар болған екі нәрсе арасында ойланылады. Бұл ғалам қиял мәртебесінде жаратылған. Қиял мәртебесіндегі әлемнің тұрақты бар болып көрінуі Аллаһтың құдіретімен жүзеге асуда. (2 том/ 67 мәктуб)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024