Жолға шығарда не оқу керек

Сұрақ: Сапарға шығарда оқылатын дұға бар ма?

Жауап: Сапарға шығатын адам екі рәкат намаз оқуы керек және садақа беруі керек. Хазреті Заһид Әбул Хасан Ғазуи «Сапарға шығарда “Ли иләфи қурайш” сүресін оқыған адам бүкіл жамандықтардан амандықта болады.» деп білдірген. (Шира)

Үйден шығарда Аятүл күрсиді оқыған адам, үйіне қайтқанша бәлелерден амандықта болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үйінен шығарда Аятүл күрси оқыған адамға жетпіс періште, ол адам үйіне қайтқанға дейін дұға және истиғфар айтады.» (Әййуһәл уәләд илмихалы)

«Үйінен шығарда “Бисмиллаһи тәуәккәлту ъалаллаһи, Ла хаулә уәлә қууәтә илла биллаһ” деген адам, қауіп-қатерден сақталады, шайтан одан алыстайды.» (Тирмизи)

 

Сұрақ: Сауда-саттық, қажылық, зиярат, қонаққа бару, білім алу секілді себептермен жолға шыққанда не істеу керек?

Жауап: Білім алу үшін жолға шығып жатқан болса, үйренетін білімі уәжіп болған білім болса, онда ол адамға жолға шығу уәжіп болады. Үйренетін білімі нәпіл болса, сапары да нәпіл болады. Уәжіп болған білімді үйрену үшін жолға шығу өте құнды нәрсе. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ілім алу үшін үйінен шыққан адам, үйіне қайтып оралғанша Аллаһ жолында болады.» (Тирмизи)

Бір адам дүние мен ахырет бақытына себеп болатын бір сөзді үйрену үшін Ақтаудан Алматыға келсе, шеккен сапары босқа кетпейді. Үйіне қайтып оралғанға дейін Аллаһ жолында болады. Хазреті Бишри Хафи: “Саяхат жасаңдар күн көрістерің оңайлансын және көркемденсін. Аққан су таза болады, тұрып қалған су кірлененді” деген.

Қажылық, жиһад секілді ғибадат мақсатымен де жолға шығу жақсы болады. Әулиелердің қабірлерін зиярат ету де үлкен сауап. Сапар шеккенде салих ғалымдарға қонаққа бару, жағдайларын сұрау керек. Өйткені салихтердің жүзіне қарау ғибадат болып табылады. Адам жаман қоғамда қалып қойса, күн өткен сайын ахлақы бұзылады. Жамандардан ұзақ болу үшін сапар шегу жақсы болады. Пайғамбарымыздың сүннеті. Жақсы адамдар болған аймақтарға барған жақсы болады. Күн көрісі қиын болған жерден, жұмыстары оңай болған жерге барудың зияны жоқ. Ата-анаға қарсы шығып сапар шегу дұрыс емес.

Сапарға шығарда қарыздарын төлеу керек, құл ақысы қалмауы үшін адамдармен халалдасуы, дұғаларын алуы керек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Сендерден біреуің жолға шыққысы келгенде достарымен қоштасып дұғаларын алсын! Өйткені Аллаһу та'ала олардың (достарының) дұғасында ол адам үшін береке жаратады.» (Хараити)

Осылай жақындарының дұғасын алғаннан кейін жолға ерте шығу керек. Хадис шәрифте: «Аллаһым, жұмысына ерте барған үмметімнің жұмыстарын берекелі қыл!» делінген. (Бәззар)

Әсіресе ұзақ жолға шығатындардың “истихара” намазын оқулары жақсы болады. Қонаққа құр қол бармаған жақсы. Ата-бабаларымыз бір жерге бос қолмен баруды, диірменге бидайсыз баруға ұқсатқан. Сыйлық аз да болса бір қадірі болады. Аздаған, арзымаған нәрсе болса да “Аз да болса, көптей көр” дегендей бір нәрсе алып бару керек. Өз үйімізге де бос қолмен келмеуіміз керек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Сапардан қайтқанда бала-шағаларыңа пайдалы бір тас та болса, сыйлық әкеліңдер!» (Ибн Асакир)

 

Сұрақ: Автобус, пойыз, ұшақ, кеме секілді көліктерге мінгенде қандай дұғалар оқу керек?

Жауап: Мынадұғалардыоқу керек:

1- Аятүл күрсиді оқу керек. Аятүл күрси аяттардың ең үстемі. Оны оқыған адамнан шайтан қашады, періштелер ол адамның апаттардан, келеңсіз жағдайлардан сақтануы үшін дұға етеді.

2- “Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма’асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын үш рет оқыған адам әр-түрлі апаттардан және көз тиюінен амандықта болады.

3- Хұд сүресінің қырық бірінші аятын оқу керек. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Кемеге мінгенде Бисмилләһпен Хұд сүресінің қырық бірінші аятын оқыған адам, суға батудан амандықта болады.» (Табарани)

Хұд сүресінің қырық бірінші аяты Құран кәрімде 225-ші беттің ортасында «Бисмилләһи мәжраһа...» деп басталатын аяти кәрима. Бұл аятты (автобус, пойыз, ұшақ секілді) барлық көлік түріне мінгенде оқыған адам апаттан, бәледен қорғалады. Тағы бір хадис шәрифте кемеге мінгенде Зүмәр сүресінің алпыс жетінші аятын оқыған адамның суға батудан қорғалатыны білдірілген. (Қуртуби)

Зүмәр сүресінің алпыс жетінші аяты Құран кәрімде 464-ші бетте «уә мә қадәру...» деп басталатын аят.

 

Сұрақ: Атам маған: “Жолға шығарда жеті аятүл күрси оқы! Алдыңа, арқаңа, төменге, жоғарыға, оңға, солға үрле, біреуін ішіңе қарай жұт, содан кейін кәлимаи тәуһид айт!” деді. Бұлай істеу дұрыс па?

Жауап: Иә, солай істеген жақсы болады.

 

Сұрақ: Сапардан түн уақытында үйдегілерге хабар бермей қайту мәкрух па?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Сапардан түнде қайтқан адам үйінің есігінің қоңырауын шалса, бұл хабар орнына санала ма?

Жауап: Телефонмен немесе біреу арқылы хабар беруі керек.