Сұрақ: Кейбір мұсылман бауырларымыз ылғи да: «Мұсылман болу үшін иман кәлимасындағы ”Мухаммәдун Расулуллаһ” деген бөлігін айтудың қажеті жоқ. “Лә илаһә иллаллаһ” деп айтқан адамның бәрі жұмаққа барады. Аллаһтың рахметі (мейірімі) шексіз, барлық нәрсені қаптаған, сондықтан әһли кітап болған яһудилермен христиандар да жұмаққа кіреді. Онсызда мұсылмандармен әһли кітаптың (кітапты кәпірлердің) имандарында бірлік бар. Осы тұрғыдан алғанда оларға жақындық танытып, шіркеулеріне бару керек және діни ритуалдарына қатысу керек.» деп айтады. Осы дұрыс па?
Жауап: Бұл сөзді айтатын адамдар мұсылман бауырларыңыз емес. Олар мұсылман кейпіне еніп алған миссионерлер болып келеді. Хақ болған дін тек қана – Ислам діні. Тек Аллаһтың өзіне ғана сенетін адам мұсылман бола алмайды. Мұсылман бола алу үшін пайғамбарына да сеніп, оған мойынсұнуы керек. Бұл жөнінде айтылған қасиетті аяттардан біразын келтірейік:
«Аллаһ дәргейінде хақ болған дін тек қана – Ислам.» (Али Имран 19)
«Сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым.» (Маидә 3)
«Кім Исламнан басқа дін іздесе, ол дінінің қабыл болмайтынын білсін!» (Али Имран 85)
«Аллаһқа және Оның умми нәбиі болған Расулына иман келтіріңдер! Оған мойынсұнсаңдар, тура жолды табасыңдар.» (Араф 158)
«Оларға айт: “Аллаһқа және Пайғамбарға мойынсұныңдар! Егер (мойынсұнбай) беттерін бұрса, (кәпір болады) Әлбетте Аллаһ кәпірлерді сүймейді.”» (Али Имран 32)
«Аллаһ пен пайғамбарларының арасында өзгеше бір жол ұстанғысы келетіндер – кәпірлер.» (Ниса 150,151)
«Аллаһқа және Расулына (Пайғамбарына) мойынсұнған адам жұмаққа, ал қарсы шыққан адам тозаққа барады.» (Ниса 13,14)
«Аллаһ пен расулына сенбеген адам (кәпір болады), кәпірлерге жалындаған от дайындадық.» (Фәтх 13)
«Аллаһ пен Расулына қарсы болған адам, Аллаһтың азабы ауыр екенін білсін.» (Әнфал 13)
«Кейбіреуі оған (пайғамбарыма) иман етті, кейбіреуі одан бетін бұрды. Оларға жалындап жанған тозақ жетті. Аяттарымызды жоққа шығарып кәпір болғандарды әлбетте отқа тастаймыз.» (Ниса 55-56)
Расулаллаһқа мойынсұну жөнінде айтылған бірнеше хадис шәриф келтірейік:
«Аллаһтан басқа тәңір болмағанына және менің Оның құлы және Расулы екеніме шәһадәт (күәлік) еткен адам жәннатқа кіреді.» (Дәйләми)
«Мені естіп иман етпеген яһудимен христиандар әлбетте тозаққа барады.» (Хаким)
«Жәннатқа тек қана мұсылман болған адам барады.» (Бұхари, Мүслим)
Пайғамбарымыз “алейһиссалам” иманды былай сипаттаған: «Иман – Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ахырет күніне, өлімге, өлгеннен кейін тірілуге, жәннатқа, тозаққа, есеп-қисапқа, таразыға, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне сену деген сөз.» (Нәсаи)
Әмәнтудағы бұл алты негіздің біреуін жоққа шығарған адам кәпір болады. Тек “Аллаһқа сендім” және “Лә илаһә иллаллаһ” деп айту жеткілікті емес. Христиандар мен яһудилер, біздің Пайғамбарымызбен қоса барлық пайғамбарларға сенбейінше кәпірліктен құтыла алмайды.
Әһли кітаппен (кітапты кәпірлермен) иманда бірлігіміз жоқ. Әмәнтудің алты негізіне сенбейтіндермен иманда бірлігіміз қалай болсын? Әһли кітап барлық пайғамбарларға (мысалы біздің пайғамбарымызға) сене ме және барлық кітаптарға (мысалы Құран кәрімге) сене ме? Олардың Аллаһқа сенулерінің өзі өзгеше. Христиандар үш тәңірге сенеді, хазреті Исаны Аллаһтың ұлы деп атайды. Мұндай иман бірлігі бола ма?
Жәннатқа кіру үшін мұсылман болу, яғни әмәнтудің (иманның) алты негізіне сену шарт болып табылады. Кітапты кәпірлер жәннатқа миссионерлердің қалауымен, тозаққа да біздің қалауымызбен бармайды. Тозаққа мұсылман болмағандары үшін кіреді. Мүліктің иесі Аллаһу та’ала. Жәннатына кіру үшін мұсылман болу шартын қойған. Олай болса, жәннатқа кіргісі келген кәпір алдымен мұсылмандықты қабылдайды-да сосын барып жаннатқа кіре береді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024