Үйлену үшін

Сұрақ: Сүйген жігітім менен екі жас кіші, 11 класста оқиды. Ата-аналарымыз махаббатымызға қарсы. Ата-анамыздың сөзін тастаймыз ба әлде махаббатымызды ма? Жалпы үйлену үшін жігітпен қыз бір-бірінің қандай қасиеттеріне қарауы керек?

Жауап: Хазреті Имам Нәсәфи былай деген:

Әке-шешенің баласында сексен ақысы болады. Бұлардың бірнешеуі мыналар: Хадис шәрифте былай делінеді:

«Әке-шешесін қызметтерімен разы еткен адам, Аллаһу та’аланы разы еткен болады. Оларды ашуландырған адам Аллаһу та’аланы ашуландырған болады.» (Ибн Нәжжар)

«Ең құнды амал уақытында оқылған намаздан кейін әке-шешеге жақсылық жасау болып табылады.» (Муслим)

«Әке-шешеге жасалған жақсылық бақытсыздықты бақыттылыққа айналдырады, өмірді ұзартады және адамды жаман өлімнен қорғайды.» (Әбу Нуаим)

«Әке-шешеге қарсы шығу үлкен күнә болып табылады» (Бұхари)

Олай болса әке-шеше залым болып, баласына зұлымдық етсе де, күнә істеуді әмір етсе де, оларды ренжітпеуге, ашуландырмауға тырысу керек! Оларды ренжітетін сөз және әрекет жаиз емес. Күнә болған, дінге қайшы болған әмірлерін орындау керек емес. Бірақ ренжітпейтіндей жолын тауып шығуға тырысу керек.

Әке-шеше жаман болса да, олармен жақсы мәміледе болу керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл күнәдан құтылу керек! Әкесіне қарсы шыққан бала бақытты бола алмайды, мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы болмайды. (Шира)

Осы насихаттарға құлақ түретін болсаңыз әке-шешенің айтқанын да бірнеше рет ойлап көру керектігін түсінесіз. Оның үстіне 11 класс оқитын жігіттің бір семьяны асырай алуы мүмкін емес. Семья асырай алмайтын жігіттің неше жаста болса да үйленуі харам болып табылады.

Қыз да, еркек те болашақ жарының бойында мына үш қасиеттің болуына мән беруі керек:

1- Діндар болуы.

2- Дені сау болуы, жанұялық өмірге көлеңке түсіретін аурулары болмауы керек.

3- Жақсы мінезді болуы керек. Болмашы нәрсеге ашуланатын, бүргеге ренжіп көрпесін өртейтін адамдардармен тұрмыс қиын болады.

Осы қасиеттері бойында бар ұлды да, қызды да теңімен үйлендіру керек.Хадис шәрифте былай делінеді:

«Қыздарыңды теңіне, лайық болған адамға тұрмысқа беріңдер.» (Тирмизи)

 

Теңі дегеніміз еркектің тегінде, мал-мүлкінде, дін амалдарында және қасиетінде қызға лайықты болуы деген сөз. Әйтпесе бай болу, айлығы көп болу, дипломды болу және белгілі бір елдің азаматы болу деген сөз емес. Теңі – еркектің салих мұсылман болуы, намазын оқуы, ішімдік ішпеуі, яғни исламға мойынсұнуы және нафақасын (тұратын үй(аренда), киім, тамағын т.б.) қамтамасыз ете алатындай жұмысы болуы деген сөз. яғни бір семьяны асырай алатын еркекпен тұрмыс құру керек. Өзін асырай алмайтын еркекпен тұрмыс құру, сөйлесу де керек емес. Еркек мына қасиеттерде әйелден үстем болуы керек. Тең болса да болады:

1- Кәсіпте еркек әйелден үстем болуы керек немесе тең болуы керек. Төмен кәсіпті еркек жоғары кәсіпті әйелдің теңі саналмайды.

2- Еркек әйелден бай болуы керек немесе табысы әйелдікінен көп немесе бірдей болуы керек. Бай әйел кедей еркектің теңі саналмайды. Еркек мехри муәжжалын немесе бір айлық нафақасын бере алатын жағдайда болса, бай әйелдің теңі болып саналады. Ауылдық еркек қалалық қыздың теңі саналады.

3- Еркектің әйелден де діндар болуы немесе тең болуы керек. Пасық (ашықша күнә істейтін) еркек салиха (дінге амал ететін) қыздың тіпті салих адамның қызының да теңі бола алмайды.

Осы шарттарға жауап бере алатын болса жасы өзінен кіші болған жігітке де тұрмысқа шығуға болады. Жастардың махаббат дегені әрқашанда шын махаббат бола бермейді. Кейбір өткіншіл сезімдерге алданып қалмаңыз, ойланып көріңіз!

 

Дұшпандық қауіпі

Сұрақ: Ешқандай топқа (сектаға) кірмеген, бірақ дұрыс кітаптарды да оқымаған бір қызбен үйленуге бола ма?

Жауап: Дұрыс кітаптарды оқымағанының онша зияны жоқ. Зиянды болғаны – басқа кітаптарды оқып, дұрыс кітаптарға қарсы болуы. Үйлену үшін керекті болған басқа шарттары дұрыс болса, Әһли сүннет кітаптарына дұшпандығы болмаса, үйленуге болады.