Адамның түрлері

Сұрақ: Ілім, сенім және ахлақ тұрғысынан адамдар нешеге бөлінеді?

Жауап: Иман жағынан адамдар екіге бөлінеді:

1) Мүминдер: Мұсылман болғандар

2) Кәпірлер: Мұсылман болмағандар

            Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Адамдар мүмин және кәпір болып екіге бөлінеді.» (Табарани).

 

            Мүминдер де екіге бөлінеді:

1) Әһли Сүннет болғандар.

2) Бидғатшылар (әһли бидғат): Әһли сүннет болмағандар.

 

            Әһли сүннет болғандар да екіге бөлінеді:

1) Салихтар: Ғибадаттарын орындап, күнәлардан тыйылатындар.

2) Пасықтар: Ашықтан ашық кез-келген күнәні жасайтындар.

 

            Бидғатшылардың 72 топқа бөлінетіндіктері хадис шәрифте білдірілген. Мәшһүр болған үш бидғатшы топ мыналар:

1) Мүтәзилә: Бұлардың ақидасы бұзық. Жақсыны да, жаманды да құл жаратады, Аллаһу та’ала араласпайды деп айтады. Бір бөлігі күпіршілікке түсіп кеткен. Уаххабшылардың кейбір сенімдері осы мүтәзиләға ұқсайды.

2) Джәбрийә: “Жақсылықты да жамандықты да Аллаһ зорлап істетеді” деп айтады.

3) Шиилік: Алғашқы үш халифаға және жұмақтық болған сахабаларға дұшпандық етеді. Кейбір сенімдері Мүтәзиләға ұқсайды. Рафизи тобы секілді шектен тыс кеткендері де бар. Бұл топтың ішінде хазреті Әлиді құдай дейтіндері де кездеседі.

            Бидғатшы топтардың арасынан мазһабсыз мұсылмандар пайда болған. Бұлардың ақидаларының кейбір жері мүтәзилә тобына, кейбір жері Джәбрийә тобына, кейбір жері шиилікке ұқсайды. Белгілі бір қағидалары жоқ. Әһли сүннет ақидасына сай болмаған адам және дінде жоқ нәрсені ғибадат деп жасайтындар бидғатшы деп аталады.

Тура жолдан тайған адам адасушы деп аталады.

Діні жоқ адам дінсіз, мазһабы жоқ адам мазһабсыз деп аталады.

Басқа дінде жүріп мұсылман болған адам дөнген (қайтушы) деп аталады.

 

            Кәпірлер де екіге бөлінеді:

1) Кітапты кәпірлер (әһли кітап): Бұлар – яһудилер және христиандар.

2) Кітапсыз кәпірлер.

 

            Кітапсыз кәпірлер бірнеше бөліктерге бөлінеді:

1) Мүшриктер: Аллаһқа серік қосатын және пұтқа табынатын кәпірлер.

2) Атеисттер: Аллаһқа, пайғамбарларға және ахырет күніне сенбейтін кәпірлер.

3) Деисттер: Бір жаратушы бар екенін айтады, бірақ ешқандай дінге және пайғамбарларға сенбейді.

4) Мүнафиқтар: Мұсылмандарды алдау үшін мұсылман көрінетін кәпірлер.

5) Мүртәдтер: Мұсылмандықтан шығып кәпір болғандар.

6) Мүлһидтер: Өзін шынайы мұсылманмын деп ойласа да, аяттар мен хадистерден өз ойымен мағына шығарғандықтан, иманы бұзылып күпіршілікке түскендер.

7) Зындықтар: Мүнафиқтар секілді сенімдерін жасырып, ислам дінін іштен жоюға тырысатын сұрқия, залым кәпірлер.

 

            Иман (сенім) жөнінен адамдардың түрлерін білдіретін бір хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала адамдарды үш түрлі етіп жаратты:

1) Жануарлар сияқты болғандар. Аллаһу та’аланың: “Олардың жүректері бар, бірақ түсінбейді; көздері бар бірақ көрмейді; құлақтары бар естімейді. Міне осылар жануарлар сияқты, тіпті жануарлардан да төмен.” деп айтқан адамдары.

2) Денелері адам денесі болса да, рухтары шайтан рухы секілді болғандар.

3) Аллаһтың қамқорлығынан басқа қамқорлық болмаған күні, Оның қамқорлығына сиынған мүминдер.» (Хаким)

 

Адамдар ризық табудағы сенім жөнінен беске бөлінеді:

1) Ризықтың тек жұмыс істеумен келетініне сенетіндер (кәпірлер).

2) Ризық әрі Аллаһтан, әрі жұмыс істеумен келеді деп ойлайтындар (мүшриктер).

3) Ризықтың Аллаһтан келетінін білсе де, “Аллаһ бермей қалса...” деп күмәнданатындар (мүнафиқтар).

4) Ризықтың Аллаһу та’аладан келетінін білсе де, жұмыс істегенде Аллаһқа бағынбайтындар (пасықтар).

5) Ризықтың Аллаһтан келетініне, жұмыс істеу тек себеп екендігіне сенетіндер. Жұмыс істегенде де Аллаһу та’алаға бағынатындар (салих мұсылмандар).

 

Хазреті Имам Ғазали былай дейді:

Қарым қатынас жасауда адамдар үшке бөлінеді:

1) Азық секілді болғандар: Мұндай адамдар әрдайым қажет.

2) Дәрі-дәрмек секілділер: Мұндайлар кейде керек болады.

3) Ауру секілді болғандар: Бұлардың керегі болмаса да, өздері келіп мазаны алады. Бұлардан құтылу үшін олармен жақсы мәміле жасап, дұшпан қылып алмау керек.

 

Хазреті Имам Ғазали адамдарды ахлақ жөнінен де үшке бөледі:

1) Тек ішіп-жеу және ләззат алудан басқа ешнәрсе білмейтіндер.

2) Қулық және екіжүзділік жасап, айналасындағыларды алдайтындар және айналасындағыларға зұлымдық жасайтындар.

3) Үлгілі, көркем мінезді болған шынайы мұсылмандар.

 

            Білім жөнінен де адамдар төртке бөлінеді:

1) Білімі бар екенін білетіндер (жақсы адамдар).

2) Білімі бар екенін білмейтіндер (ескертіп тұруды талап ететіндер).

3) Ешнәрсе білмейтінін мойындайтындар (өзінің орнын білетіндер).

4) Ешнәрсе білмейтінін мойындамайтындар (зиянды адамдар).