Сұрақ: Пайғамбарымыздың шапағат етуі қалай болады?
Жауап: Қабірден бірінші болып Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” тұрады. Үстінде жұмақ киімі болады. Лиуа-ул-һамд деп аталатын байрақты ұстап, Бұрақ (жұмақ жануары) деп аталатын жануарға мініп махшар алаңына барады. Пайғамбарлар және барлық адамдар осы байрақтың астында тұрады. Барлық адам күтуден қатты жалығып, әуелі пайғамбарлардан хазреті Адамға, кейін хазреті Нұхқа, кейін хазреті Ибраһимге, хазреті Мұса мен хазреті Исаға барып, есептің басталуы үшін шапағат етулерін тілейді. Олар кешірім өтініп, Аллаһу та’аладан ұялатындарын айтып, шапағат ете алмайды. Одан кейін адамдар пайғамбарымыз Мұхаммед “алейһиссаламға” келіп жалынып-жалбарынады.
Ең алдымен Оның үмметі Сырат көпірінен өтіп жұмаққа кіреді. Кейін барлық пайғамбарлар шапағат етеді. (Бухари)
Пайғамбарымыздың шапағаты былай болады:
1- Мақамы Махмуд (ең жоғары дәрежелі) шапағатымен адамдарды махшарда күту азабынан құтқарады.
2- Көптеген адамды сұрақ-жауапсыз жұмаққа кіргізеді.
3- Азап тартуы керек болған мұсылмандарды азаптан құтқарады.
4- Күнәсі көп болған мұсылмандарды тозақтан алып шығады.
5- Сауабы мен күнәсі тең болып, Арафта (жұмақ пен тозақ арасындағы бір жер) күтіп тұрғандардың жұмаққа кірулеріне шапағат етеді.
6- Жұмаққа кіргендердің дәрежелерінің жоғарылауына шапағат етеді.
Шапағатымен есептен құтылған жетпіс мың адамның әр қайсысының шапағатымен де тағы жетпіс мың адам сұрақ-жауапсыз жұмаққа кіреді.
Хазреті Имам Раббани былай дейді:
“Пайғамбарлардың соңғысындай бір шапағат етуші болмағанда бұл үмметтің күнәлары өздерін құртатын еді. Бұл үмметтің күнәлары көп болса да, Аллаһу та’аланың кешірімімен мейірімі шексіз. Аллаһу та’аланың бұл үмметке кешірімі мен мейірімін мол мол төгетіні соншалықты, өткен үмметтерге бұлай қайырымдылық жасағаны білінбейді. Құдды тоқсан тоғыз мейірімін осы күнәһар үмметке арнағандай.
Аллаһу та’ала кешірім және мейірім етуді жақсы көреді. Күнәсі көп болған бұл үмметтей кешірім мен мейірімділікке қауышатын ешкім жоқ. Сондықтан бұл үммет үмметтердің ең қайырлысы (жақсысы) болды. Бұлардың шапағатшы болған пайғамбарлары – пайғамбарлардың ең үстемі болды.”
Иманмен өлгендердің барлығына Шапағат
Иманмен өлгендердің барлығы шапағатқа қауышады. Дұха сүресінің «Әлбетте Раббың саған (шапағат ету хұқығымен өте үлкен ниғмет) береді, сен де разы боласың» деген бесінші аяты кәримасының тәпсірінде Пайғамбарымыз алейһиссалам «Үмметімнен бір адам тозақта қалса разы болмаймын» деді. Шапағатқа қауыша алу үшін иманмен жан тапсыру – шарт. Ал иманмен өлгендер мәңгіге құтылды деген сөз.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Қияметте шапағат етемін. Йа Раббым! Жүрегінде қышаның дәніндей иманы болғандарды жұмаққа кіргіз деймін. Олар жұмаққа кіреді. Кейін жүрегінде аз ғана бір нәрсе болғандарға да жұмаққа кіріңдер деймін.» (Бұхари)
«Ахыретте ең бірінші шапағат ететін және шапағаты қабыл болатын мен боламын.» (Ибн Мажә)
«Үмметімнен Аллаһқа серік қоспай өлгендерге Аллаһтың рұқсатымен шапағат етемін.» (Бұхари, Мүслим)
«Қиямет күні ең бірінші мен шапағат етемін.» (Мүслим)
«Әр Пайғамбардың қабыл болатын бір дұғасы бар. Мен дұғамды үмметіме шапағат ету үшін ахыретке сақтадым.» (Бұхари)
«Менен бұрын келген пайғамбарлардың ешқайсысына берілмеген бес нәрсенің бірі – шапағат. Ширкпен өлмеген (иманмен өлген) адамдардың барлығына шапағат етемін.» (Бәззар)
«Үмметімнен үлкен күнә жасағандарға шапағат етемін.» (Имам Ахмед, Нәсаи)
Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” күнәһарларға шапағат ететіндігін айтқан кезде, хазреті Әбуддәрда: “Иманы болған ұрылар мен зинақорлар да шапағатқа қауышады ма?” деп сұрады. Пайғамбарымыз “алейһиссалам”: «Әлбетте, оларға да шапағат етемін» деп жауап берді. (Хатиб)
«Күнәсі көп болғандарға шапағат етемін.» (Хатиб)
«Нәпістеріне алданғандарға шапағат етемін.» (Дәйләми)
«Қияметте құмның санынан да көп адамға шапағат етемін.» (Табарани)
«Қияметте «Йа Раббым! Зәредей (түйірдей) иманы болған адамды жұмаққа кіргіз!» деймін. Бәрі шапағатыммен жұмаққа кіреді.» (Бұхари)
«Шапағатыма сенбеген адам оған қауыша алмайды.» (Шира)
«Шапағатыма ең лайық адам – маған ең көп салауат айтқан адам.» (Тирмизи)
«Үмметімнен артта қалғаны болар деген қорқынышпен жұмаққа кіргенімде де тағыма отырмаймын. Аллаһу та’алаға: “Йа Раббым! Үмметім, үмметім!” деймін. Раббым: “Үмметіңе не істеуімді қалайсың?” деп бұйырады. Мен: “Йа Раббым! Олардың есептерін жеңілдет және тездет, қиындықтан құтылсын.” деймін. Тозақтықтардың тізімі маған беріледі. Оларға шапағат етемін. Тіпті тозақтың күзетшісі Малик “Үмметіңнен жазаланатын ешкімді қалдырмадың.” дейді.» (Бәйһақи, Табарани)
«Раббың саған (ақыретте түрлі ниғметтер, шапағат ету рұқсатын) береді, сен де разы боласың» деген мағынадағы Духа сүресінің бесінші аяты кәримасы түскенде пайғамбарымыздың : «Үмметімнен бір адам тозақта қалса разы болдым демеймін» деп айтқандығы тәпсірлерде білдірілген. (Тибйан)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024