Сұрақ: Орталық Азия халықтары Ханафи мазһабын ұстанады, Кавказ елі басқа мазһаб, ал арабтар тіптен басқа мазһаб ұстанады. Сонда пайғамбарымыз Мұхаммед “алейһиссалам” қандай мазһабты ұстанған? Ханафи мазһабы дұрыс екеніне кім кепіл?
Жауап: Мазһаб - жол деген мағынаны береді. Бір мүжтаһидтің ижтиһад ету арқылы шығыртып, қол жеткізген үкімдерімен мәліметтердің барлығына бірдей сол мүжтаһидтің мазһабы (жолы, еңбегі) делінеді. Пайғамбарымыздың дәуірінде өмір сүрген Сахабаи кирамның барлығы үлкен ғұлама, терең мүжтаһид еді. Дін ілімдерінде, саясатта, билік -басшылықта, заманының жаратылыстану білімдерінде және тасаууф марифатында (Аллаһты тану ілімі) әрқайсысы жетік маман еді. Бұл білімдердің барлығын олар Пайғамбарымыздың жүректерге өрнектейтін, рухтарды тартатын сөздерін, сұхбаттарын тыңдау арқылы қысқа уақытта меңгеріп алған. Әрқайсысының жеке өз мазһабтары бар еді. Мазһабтары арасында бір-бірінен аз-көп айырмашылықтар бар еді. Сахабалардан кейінгі екі ұрпақ: Табеин және Табаи табеин арасында да мүжтәһид болғандар жиі кездесетін еді. Бұдан кейінгі замандарда яғни хижри 400 жылдардан кейін мутлақ мүжтаһид мүлдем жетілмегенін «Асхаби кирам» кітабында білдірілген. Осы мужтаһидтердің мазһабтары арасында тек төрт данасы ғана кітаптарға толық жазылып үлгерді және дүние жүзіне тарады. (Бұлардан Имам Ағзам табеин, ал қалған үш мазһаб имамдары табаи табеиннен еді) Ал басқаларының мазһабтары ұмытылды. Бұл төрт мазһабтың имандары сахабалардың иманымен бірдей болғандықтан төртеуіне де "Әһли сүннет уәл жамағат" делінді. Имандары арасында ешқандай негізгі мәселеде айырмашылық жоқ және олар бірін-бірі бауыр деп қарайды, құрметтейді. Бір-біріне сәйкес келмейтін амал мәселелерінде зәру (машаққат, зарурет) жағдайларда бірі екіншісінің мазһаб үкімдерінен де пайдалана береді. Аллаһу та’ала мазһабтардың осылай бөлек болуларын қалаған. Араларындағы айырмашылықтардың Аллаһтың мұсылмандарға рахметі (мейірімділігі) екенін пайғамбарымыз хабар берген. Өйткені төрт мазһаб арасындағы кішігірім өзгешеліктер мұсылмандардың ғибадаттарын оңайлатуда. Әр мұсылман өзінің дене ерекшеліктеріне, өмір сүретін жердің климатына, жұмыс, күн кешу шарттарына қарай өзіне ыңғайлы болған мазһабты таңдайды. Бүкіл ғибадаттарын сол мазһабтың айтқанына сай реттейді, мазһаб кітаптарында жазылғанындай етіп орындайды.
Егер Аллаһу та’ала қаласа, Құран кәримде барлық нәрсені ашық-айқын қылып айтатын еді. Оқығандардың барлығы бірдей түсінетін қылып қоятын еді. Осылайша мазһабтар пайда болмас еді. Қияметке дейін әлемнің бүкіл аймақтарында мұсылмандар климаты, ауа-райы, күн-түннің ұзақтығы сияқты шарттарға қарамай бірдей ғибадат етуге мәжбүр болар еді.
Расулаллаһтың Жолы
Пайғамбарымыздың жолы - Құран кәріммен, хадис шәрифтермен және мүжтаһидтердің ижтиһадтарымен көрсетілген жол! Осы үш дәлелмен бірге тағы "Ижмаи уммет" деп аталатын Сахабалармен Табеиннің ауызбірлігін көрсететін төртінші дәлел де қосылады. Бір үкім, бір мәселе жайлы егер төрт мазһабтың ижтиһадтары (үкімдері) арасында бірдей шешім қабылданса, бұл "ижма" (ауызбірлігі) болады да бұған сену шарт болады, сенбегендер күпірге түседі. (Мәктубат 2/36)
Бұрыс, қате бір істе, адасушылықта Ислам ғұламаларының ойы ешқашан бір жерден шықпайды. Хадис шәрифте: "Үмметім қате жолда ауызбірлігіне бармайды." делінген. (И. Ахмед) Осы төрт құжат шариғаттың дәлелі саналады.Бұл дәлелдердің тысында қалған нәрселер бидғат болады. Хадис шәрифте: "Үмметім 73 топқа айырылады. Олардың тек біреуі ғана жұмаққа кіреді. Олар менің және сахабаларымның жолында болғандар" деп айтылды. (Ибн Мажә) Бұл айырылулар ұсул, яғни иманда болатын айырылықтар. Сахабаи кирамнан кейін жаңа мұсылман болғандардың бір бөлігінің имандары бұзылып, сахабалардың дұрыс имандарынан өзгеше көрініс тапты. Осылайша бұзық топтар, секталар, дүмшелер пайда болды. Олардың барлығына "Бидғат секталары" деп айтылады. Олар кейбір аяттарды қате түсіну және қате түсіндіру нәтижесінде жолдан адасқандары үшін кәпір емес. Бірақ Исламға тигізген зияндары кәпірлерден көп болды: олар бір-бірлерімен және әһли сүннет мұсылмандармен көп дауласты. Соғыстар, жанжалдар шығарып көптеген мұсылманның қанының төгілуіне себеп болды. Мұсылмандардың дамуларына, өркендеп ілгерілеуіне тосқауыл болды. Ондай бидғат топтарын әһли сүннеттің хақ болған төрт мазһабымен шатастырмау керек. Бүкіл әлемнің мұсылман ғұламалары арасында мужтаһид дәрежесіне жеткендер Құран кәріммен Хадис шәрифтерде уағыздалған дінге толық амал ете алу үшін басқа-басқа практикалық әдістер, үкімдер жинағын (мазһабтарды) шығарып, қалыптастырған. 10 ғасырдан бері бүкіл Ислам әлемі кітаптарға толық жазып қалдырылған төрт мазһабтың бірімен жүруге тырысқан. Ханафи мазһабының дұрыс екеніне кім кепіл деген сұраққа Пайғамбарымыз мына хадис шәрифпен керекті жауапты берген: "Мүжтаһид егер ижтиһадында қателессе бір сауап, дұрыс тапса екі сауап алады." (Бұхари)
Мазһаб, мүжтаһид, ижтиһад деген ұғымдардан бейхабар сауатсыздар қысқа ақылдарымен мазһабтарды және мазһаб имамдарын дінге қатысы болмаған нәрселер істеген, айтқан деп ойлайды. Алайда Ислам тарихында мазһабтарды ұстанбаңдар деген ешбір ислам ғалымы жоқ. "Үмметім қате жолда ауызбірлігіне бармайды." деген хадис шәриф олардың дұрыс жолда болғанына кепіл. Сондықтан төрт мазһабтан кезкелген біреуін ұстанған мұсылман қалайда сауап алады. Ал мазһабсыз адам не істесе де сауап ала алмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024