Сұрақ: Қияметтің үлкен белгілері қандай?
Жауап: Муслим, Ибн Мажә, Әбу Дауд, Нәсаи, Тирмизи, И. Ахмед, Табарани, Ибн Жәрир және Ибн Хиббанда өткен хадис шәрифтерде он белгілері шығатыны хабар берілген:
1- Хазреті Мәхди келеді.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Қиямет-қайым болмастан бұрын Аллаһу та’ала менің ұлдарымнан есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей болатын бір құлын жаратады. Одан бұрын дүниені зұлымдық қаптап, оның заманында дүние әділеттікке толады.» (Тирмизи)
«Маһдидің төбесінде әрдайым бір бұлт қалқып жүреді. Бұлттан бір періште: “Бұл Маһди, оның сөзіне құлақ салыңдар!” дейді.» (Әбу Нуайм)
2- Дәжжал (Тәжал) шығады.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Дәжжал шығып, өзінің тәңір екендігін айтады. Оның тәңірлігіне сенген адам кәпір болады.» (И. Е. Шәйбә)
3- Хазреті Иса көктен түседі.
Құран кәрімде былай делінген:
«”Аллаһтың расулы Мәриям ұлы Исаны өлтірдік” дегендері үшін яһудилерді лағнет еттік. Олар оны өлтірмеді де, аспады да. Өлтірілген адам олардың көздеріне Иса болып көрсетілді.» (Ниса 157)
«Хазреті Иса көкке көтерілген.» (Ниса 158)
«Әлбетте ол (Хазреті Исаның қияметке жақын көктен түсуі) қияметтің жақындағанын көрсететін белгі. Бұған күмәнданудан сақтаныңдар!» (Зухруф 61, Бәйдауи)
Хадис шәрифтерде де былай делінген:
«Иса әділ үкімдар болып көктен түседі, крестті (христиандықты) жояды, доңызды өлтіреді (доңыз етін жеуге тыйым салады), ислам дінінен басқа нәрсеге тыйым салады.» (Бұхари, Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Әби Шәйбә)
«Иса көктен түскенде барлық жерде тыныштық пен ынтымақ орнап, арыстан мен түйе, қасқыр мен қозы емін еркін жайылып, балалар жыландармен ойнайтын болады.» (Әбу Дауд)
«Он белгісі шықпай тұрып қиямет болмайды. Оның бірі Исаның көктен түсуі.» (Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, И. Мажә, Нәсаи, И. Ахмед, Табарани, И. Хиббан, И. Жәрир)
4- Даббәтул арзд шығады.
Бұл жайында хадис шәрифте былай хабар берілген:
«Даббәтул арз Мұса алейһиссаламның аса таяғын мұсылмандарға тигізгенде олардың маңдайында “Жәннаттық” деп жазылып, жүздері нұрланады. Ал кәпірлерді Сүлейман пайғамбардың мөрімен соққанда, олардың маңдайында “Жаһаннамдық” деп жазылып, жүздері қарайып кетеді.»
Бұл жануар туралы Құран кәрімде де хабар білдірілген. (Нәмл 82)
5- Йәжуж және Мәжуж қауымы шығады.
Құран кәрімде былай делінеді:
«Йәжуж және мәжуждің дуалы құлап, олар әрбір төбеден ағылып келеді.» (Әнбия 96)
Хадис шәрифте де былай білдірілді: «Йәжуж бен мәжуж қауымы қияметтің алғашқы белгілерінің бірі болады.» (Ибни Жәрир)
6- Дүниені түтін қаптайды.
Құран кәрімде:
«Аспаннан түтін шығатын күнді күтіңдер!» делінген. (Духан 10)
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Түтіннің әсері мұсылмандарға тұмау секілді жеңіл, ал кәпірлерге өте ауыр тиеді.» (Әбу Дауд)
7- Күн батыстан шығады.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Күн батыстан тумай тұрып қиямет болмайды. Ол кезде барлық адамдар иман келтіреді. Алайда имандары өздеріне пайда бармейді.» (Бұхари, Мүслим)
Құран кәрімде былай делінген:
«Раббыңның кейбір аяттары (белгілері) келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімінде бір қайыр істемеген адамның иманы ол күні пайда бермейді.» (Әнам 158)
Ғалымдар бұл аяттағы белгілердің бірі – күннің батыстан шығуы деп білдірген. Жоғарыдағы хадис шәрифте де мұны көрсетуде.
8- От шығады.
Хадис шәрифте былай делінді:
«Хижаздан шыққан от Басрадағы түйелердің мойындарын жарқыратады.»
9- Жерлер шөгеді.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Шығыспен батыста және жәзиратул-арабта жердің шөгуі, батуы көрінеді.» (Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажә)
10- Қағба құлатылады.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Қара нәсілді адам қағбаны құлатады. Дәл қазір оның қара қолдарымен Қағбаның тастарын біртіндеп бұзып жатқанын көріп тұрмын.» (Бұхари, Мүслим)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024