Қияметтің кіші белгілері

Сұрақ: Қияметтің кіші белгілері қандай?

Жауап: Қияметтің қашан болатындығы білдірілген жоқ. «Оны тек Аллаһ біледі» деп бұйырылды. (Араф:187)

Қиямет жақындағанда алдымен кіші белгілер, одан соң үлкен белгілер шығады. Қияметтің кіші белгілеріне қатысты хадис шәрифтер мыналар:

«Тәрбиесіздік пен зинақорлық ашық түрде болмай, көршілер бір-бірін жамандамай, сатқындар сенімді деп, сенімділер сатқын деп саналмай, туыстар арасында салқындық болмай қиямет болмайды». (Имам Ахмет)

«Адамдарда сараңдық артады және қиямет жамандардан басқа адамның үстіне тумайды». (И. Нәжжар)

«Ант етемін, сараңдық, зинақорлық ортаға шықпайынша, сенімді адамға қиянат жасалып, сатқынға сенілмейінше, жақсылар құрып, жамандар қалмайынша қиямет болмайды». (Хаким)

«Жаңбырдың берекесі кетпейінше қиямет болмайды». (Әбу Яла)

«Жер бетінде Аллаһ дейтін мұсылман бар кезде қиямет болмайды». (Мүслим)

«Уақыт жақындамайынша, бір жыл бір ай, бір ай бір апта сияқты, бір апта бір күн, бір күн бір сағат сияқты қысқармайынша қиямет болмайды». (Тирмизи)

«Ғылым жойылмайынша, зілзала, соғыс көбеймейінше қиямет болмайды». (Бухари)

«Мал көбейіп, артпайынша қиямет болмайды. Зекетті алатын адам қалмайды. Біріне зекет берілген кезде «маған қажет емес» дейді». (Бухари)

«Даулары бір болған екі үлкен тайпа соғыспайынша, «пайғамбармын» дейтін өтірікшілер шықпайынша қиямет болмайды». (Бухари)

«Мұсылмандар яһудилермен соғыспайынша, тастар «ей, мұсылман, мына артымда тұрған яһудиді өлтір» деп хабар бермейінше қиямет болмайды». (Бухари)

«Өзін пайғамбар етіп жариялаған жетпіс жалғаншы шықпайынша қиямет болмайды». (Табарани)

«Ливата (гомосексуалдық) мубаһ-табиғи қүбылыс деп саналмайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)

«Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)

«Қияметтен 100 жыл бұрын жер бетінде Аллаһқа ғибадат ететін ешкім қалмайды». (Хаким)

«Бір әкеден болған бауырлар әр дінде болмайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)

«Жамандар дүниеге үстем болмайынша қиямет болмайды». (Тирмизи)

«Жабайы аңдар адамдар сияқты сөйлеспейінше қиямет болмайды». (Тирмизи)

«Қияметтің белгілері бір жіптегі моншақтардың тізіліп түскені сияқты бірінен кейін бірі жүзеге асады». (И.Ахмет)

 

Хадис шәрифтерде көрсетілген қияметтің басқа да белгілері мыналар:

- Ішімдік көп ішіледі.

- Зекет берілмейді.

- Жихад жасалмайды.

- Жастар пасық (жұрттың көзінше күнә істейтін) болады.

- Жақсылыққа кедергі жасалады.

- Еркектер жібек киеді.

- Көршілік қарым-қатынас нашарлайды.

- Күнәға тарту артады.

- Музыкалық аспаптар көбейеді.

- Жансыздар да сөйлейді.

- Аманатқа қиянат жасалады.

- Барлық жерде музыкалық аспап шалынады.

- Адам өлтіру көбейеді.

- Өсімқорлық, пайыз көбейеді.

- Некесіз балалар көбейеді.

- Төмен адамдар үстем болады.

- Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз, надан деп айыптайды.

- Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды.

- Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.

- Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады.

- Мешіттерде, жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады.

- Әмри маруф пен нахй анил мүнкар жойылады.

- Мешіттерде Құран әуенмен оқылады.

- Кесірінен сақтану үшін адамдарға сый көрсетіледі.

- Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады.

- Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады.