Иман базарда сатылмайды

Иман – Пайғамбарымыздың Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбар ретінде бүкіл адамдарға әкелген және білдірген әмірлерінің барлығына сену және иман келтіру дегенді білдіреді.

 

Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға иман келтірулерін әмір етті. Адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп бұлардың ақылдарына мойынсұнып иман етулерін нәсіп етті. Бұл құлдарының көңілдерін иманмен толтырды. Юнус сүресінің жиырма бесінші аятында «Аллаһу та’ала құлдарын саламаттық, бақыттылық мекені болған жаннатқа шақыруда. Қалаған адамын бұл жолға қауыштырады.» деп бұйырылды.

 

Ақылдарына мойынсұнбай Аллаһу та’аланың шақыруын қабыл етпегендерден қалағандарын өзінің азғын халінде қалдыруда, қалағандарын тағы да ихсан (мейірім) етіп қалаған уақытында хидаятқа қауыштыруда. Өз халіне қалдырғандарынан ғафлеттен (қараңғылықтан) оянып дұрыс жолды іздегендерді де мейірім етіп хидаятқа қауыштыратынын уәде еткен. Анкәбут сүресінің соңғы аятында «Нәпсілеріне ергендерден дұрыс жолды іздейтіндерді бақытқа алып баратын жолдарға қауыштырамыз» деп бұйырылды.

 

Дұрыс жолды іздемей нәпістеріне еріп иман келтірмегендерді азғын залымдарды жаһаннамда мәңгі азаптайтынын білдірген. Исламды естімеген көп адамдар сәлим ақылға ие болғандығы үшін бұзылған, ойдан шығарылған діндердің өкілдеріне алданбаған, астрономияда, жаратылыстану (физика, математика т.б.) ғылымдарында, әсіресе медицина ғылымында көрген жүйелі, үйлесімді құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын ойланып жаратылыстың сырларын, бұл орасан-зор есепті жүйенің ақиқатын түсінгілері келген. Бұлар сәлим ақылдарының арқасында Исламның білдірген көркем мінезінің көбін тауып, Мұсылман сияқты өмір сүрген, өздеріне және басқаларға пайдалы болған. Және Аллаһу та’аланың Анкәбут сүресінде уәде етілгеніндей бұлар иман келтіруге себеп болатын хабаршыларға және кітаптарға қауышуда. Аллаһу та’аланың құлдарына ихсан еткен ең үлкен ниғметі – иман, яғни Мұсылмандық. Осы ең үлкен ниғметті таңдаулы құлдарына береді. Аллаһу та’аланың таңдауын ұнатпай өз ұнатқанын мақсат ету не деген ақымақтық. Адам осы ең құнды болған ниғметтің қадірін білмесе, бұл ниғмет қолдан алынады, яғни мүртәд болады, өзінің бұдан хабары да болмайды. Аллаһу та’ала бұл ең үлкен ниғметтің шүкірі қалай жасалатынын Құран кәрімде «Бір-бірлеріңді жақсы көріңдер» деп бұйырып білдірген. Мұсылман мұсылманды жақсы көруі керек, тіпті бұл жақсы көрушілік ғашықтық дәрежесінде болуы керек. Өйткені Аллаһу та’ала бұл құлын таңдаған, оған иман ниғметін берген. Сол себепті бір мұсылман басқа мұсылманмен кездескенде оны ренжітіп алмау үшін, оған қарсы қате мәміледе болмау үшін жанталасуы, өте абай болуы тиіс.

 

Аллаһу та’аланың бір құлына ихсан етіп берген бұл ең үлкен ниғметтің шүкірі – бұл ниғметпен мәртебеленгендерді яғни мұсылмандарды жақсы көру болып табылады. Бұл өте маңызды.

 

Ал енді иман ниғметіне қауышып мәртебеленген адамдардың, дұрыс иманмен мәртебеленуі болса одан да асқан ниғмет және ниғметтердің шыңы. Осы бақыттан басқа нәрселерден жұбаныш күту төмен, пәс болған нәрселерді қалау деген сөз және өзін құрдымға салу деген сөз. Аллаһу та’ала «Ниғметтерімнің қадірін білсеңдер көбейтемін, қадірін білмесеңдер қолдарыңнан алып, өздеріңе ауыр азап беремін.» деп бұйырған.

 

Сондықтан қауышқан ниғметтерімізге шүкір етуіміз керек, қолымыздан кетпеуі үшін қатты қорқуымыз керек. Бұл хал Аллаһу та’аланың уәдесі, Аллаһу та’ала уәдесінен қайтпайды, міндетті түрде орындайды.

 

Барлық нәрсені ақшаға сатып алуға болады, бірақ иман ақшамен сатып алынбайды. Хазреті  Сәййид Абдулхаким Аруаси шәкірттеріне жиі жиі «Аллаһ бір құлына иман берген болса, оған басқа не бермеді?.. Иман бермеген болса, оған не берді?..» дейтін.

 

Хазреті Хаким Тирмизиге:

– Иманның кетуіне ең көп себеп болатын күнәлар қайсы?- деп сұрағанында былай деп жауап береді:

– Үш күнә бар. Біріншісі: Иман ниғметіне қауышқанына шүкір етпеу. Екіншісі: иманның кетуінен қорқпау. Үшіншісі: мұсылмандарды ренжіту және оларды жәбірлеу. Мынаны біліңдер, пайғамбарымыз «Ақысыз (әділетсіз) бір мұсылманды ренжіту Қағбаны жетпіс рет құлатудан да артық күнә» деп бұйырған. 

 

Қорыта айтқанда иман ниғметінің кетпеуі үшін қатты қорқу керек, иманды қорғауға тырысу керек. Өйткені иман және иман ниғметімен мәртебеленген мұсылман өте құнды. Бұл ниғметтердің қадірін білу керек. Өйткені иман базарда, дүкенде сатылмайды, мирас, мұра болып та қалмайды. Жақсылыққа бейім болмаған адам пайғамбарды көрсе де мұсылман бола алмайды. Иман ниғметіне қауышқан адамдарды Аллаһу та’ала таңдайды. Мұсылман дегеніміз Хақ та‘аланың таңдаған, Өзіне дос қылған адамы деген сөз. Осыны ескере әрекет ету керек және олардың (мұсылмандардың) қадірін білу керек.

 

Хазреті Яхия бин Муаз Рази былай дейді:

            «Ең көп қуанған және ең көп жақсы көретін нәрсем Аллаһу та’аланың маған ихсан және икрам етіп берген иман ниғметі. Ал ең көп қорқатын нәрсем ол иманның менен кетуі.»