1. Киiмдi иығына жамылып намаз оқу.
2. Сәждеге барарда шалбардың балақтарын көтеру.
3. Көйлектiң етегiн және жеңдерiн түрiп қойып намаз оқу.
4. Пайдасыз әрекеттер жасау.
5. Іс киімі және үлкендердің алдына шыға алмайтын киiммен намаз оқу.
6. Аузында қыраатқа кедергi болмайтын бiр нәрсе болу. Кедергi болса намаз бұзылады.
7. Жалаңбас намаз оқу.
8. Үлкен не кiшi дәрет немесе жел қысып тұрғанда намаз оқу.
9. Намазда сәжде жасайтын жердегi тас немесе топырақты қолмен сыпыру.
10. Намазға тұрарда, намаз iшiнде саусақтарын шықырлату.
11. Намазда қолын бүйiрiне таяу.
12. Басын жан-жаққа бұру, жан-жағына қарау. Кеудесi бұрылса намаз бұзылады.
13. Ит сияқты отыру.
14. Сәждеде еркектердiң шынтақтарын жерге төсеуі.
15. Адамның жүзiне қарсы немесе көтерiңкi дауыспен әңгiмелескендердiң артында намаз оқу.
16. Бiреудiң сәлемiне басымен, қолымен жауап беру.
17. Намазда және намаздан тыс уақытта есiнеу.
18. Намазда көздерiн жұму.
19. Имамның миһраб iшiне кіріп тұруы.
20. Имамның жалғыз өзi жамағаттан жарты метр биiкте тұруы тәнзиһән мәкрух.
21. Имамның тек өзi төменде тұруы да тәнзиһән мәкрух.
22. Парыздарда алдыңғы сапта бос жер бар кезде артқы сапқа тұру және сапта бос жер жоқ болған кезде, саптың артында жалғыз тұру.
23. Үстінде жанды нәрсенің суретi бар киiммен оқу.
24. Жанды нәрсенiң суретi, намаз оқығанның жоғарысында, басында, алдында, оң және сол жақ тұсында дуалға немесе матаға, қағазға салынып iлiніп қойылған болса мәкрух болады. Крест суретi де жанды нәрсенiң суретi сияқты.
25. Жалыны бар отқа қарсы намаз оқу.
26. Намазда аяттарды, тәсбихтердi қолмен санау.
27. Басынан аяғына дейiн бiр матамен оранып намаз оқу.
28. Жалаң басына сәлде орап намаз оқу.
29. Аузын және мұрнын жауып оқу.
30. Себепсiз қақыру.
31. Қолын бiр-екi мәрте қозғауы.
32. Намаздың сүннеттерiнiң бiреуiн тәрк ету.
33. Себепсiз, баласы құшағында тұрғанда намазын бастауы.
34. Жүректi мазалайтын, тыныштықты бұзатын нәрселердiң, мәселен әсем нәрселердiң жанында, ойын, шудың жанында немесе жақсы көретiн тамағының жанында оқу.
35. Парыз оқып жатқанда, үзiрсiз дуалға не бiр тiрекке сүйену.
36. Рукуға иiлгенде және тұрарда қолдарын құлағына қарай көтеру.
37. Қыраатты рукуға иiлгенде бiтiру.
38. Сәждеге және рукуға имамнан бұрын бару және имамнан бұрын басын көтеру.
39. Нәжіс болуы мүмкiн болған күмәндi жерде намаз оқу.
40. Қабiрге қарап намаз оқу.
41. Ташаһудте сүннетке сай отырмау.
Екiншi рәкатта бiрiншiсіне қарағанда үш аят ұзын оқу.Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024