Аллаһу та'ала әр адамның жүрегіне бір періште міндеттеген. Ол періште адамға жақсы ойларды салып, илхам (аян) береді. Ал шайтан адамның жүрегіне жаман ойлар, уәсуәсалар береді. Халал жейтін адам илхам мен уәсуәсаны бір-бірінен ажыратады. Ал харам жейтіндер ажырата алмайды. Адамның нәпсі де жүрегіне жаман ойлар береді.
Илхам мен уәсуәса тұрақты болмайды. Нәпсінің жүрекке беретін жаман ойлары тұрақты, барған сайын арта береді. Уәсуәса дұға еткенде, дінге сай өмір сүргенде азайып, уақыт өте жоқ болады. Ал нәпсінің қалаулары тек қатты күресу арқылы азайып жоқ болады. Шайтан ит секілді. Итті қусаң қашады. Басқа жақтан тағы келеді. Бұл жолы да алдай алмаса, бастартып кетіп қалады. Ал нәпсі арыстан секілді. Көздегеніне жетпейінше дегенінен қайтпайды. Оның бас салуы тек өлтірумен ғана аяқталады.
Адам шайтанның уәсуәсасына ермесе, ол бас тартады. Басқа уәсуәса басталады. Кейде аса маңызды, қайырлы амалға бөгет болу үшін маңызы мен қайыры азырақ амалдарды істеткізкісі келеді. Үлкен күнәға жетелеу үшін кішігірім қайырлы амалдарды істеуге шақырады.
Шайтан істеткізгісі келген қайырлы амал адамға жағымды келеді және оны тез, асығып істегісі келеді. Мысалы нәпіл намаздармен әуре қылып, парыздарды істеткізбейді. Жан-жаққа көп садақа бергізіп, зекет бергізбейді. Хадис шәрифте:
«Асығу шайтаннан. Бес нәрсе бұған жатпайды: қарызды өтеу, жаназа қызметтерін тез атқару, қонақты тойдыру, күнә істегенде дереу тәубе ету, қызды уақыты келгенде тұрмысқа беру» делінген. Яғни намазын оқитын және күнә істемейтін, напақасын халалдан (адал жолмен) табатын жігітті тапқанда қызды ұстамаған жөн.
Илхам болған нәрселер – адамға ең қадірлі нәрселер. Ол исламға сай болады. Шайтаннан келетін уәсуәса діннен алыстауға себеп болады.
Адам илхам болып келгендерді орындау керек. Мән беру керек болғаны, илхамның болмысын білу. Бұл исламға сай болған-болмағанына қарап анықталады. Анықтау қиын болса, салих ғалымнан сұрау керек. Салих болмаған, намазын оқымайтын, дінге сай өмір сүрмейтін жаман дін адамынан сұрамаған жөн.
Жүрекке келген ой нәпсіге ауыр келсе, оны істегісі келмесе, қайырлы екені аңғарылады. Жағымды келіп, дереу істегісі келсе, зиянды екені аңғарылады. Періштеден келетіндер мен шайтаннан келетіндердің барлығы жүрекке кіреді. Адамның ақылы төрешілік жасайды. Ақли сәлим иесі (ақылы толық, дұрыс адам) періштеден келетін ойға басымдық береді, оны ұнатып орындайды. Дүниеде де, ахиретте де бақытты болады. Ақли сәлим иесі болмаған адам мұны жақтырмайды, орындамайды, екі өмірде де үлкен қиындықтарға душар болады.
Жолайрыққа тап болған әр адам сол екі жолдын бірін таңдауға мәжбүр.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024