Мәһір деген не?

Сұрақ: Мәһір деген не? Дінімізде мәһірдің маңызы қандай?

Жауап: Мәһір – ер адамның үйленгенде қызға беруі керек болған алтын, мал-мүлік немесе бір пайда. Мәһірдің алтын болуы шарт емес. Кез келген мүлік (үй, ғимарат, бау, көлік, фабрика) немесе бір пайда болуы да мүмкін. Жесір әйелге үйленген адам да мәһір береді.

Мәһір айтылмай қиылған неке де сахих (дұрыс) болады. Бірақ үйленгеннен кейін ер адамның жұбайына «Мәһри мисл» беруі қажет.

Қыз немесе әйел некелескен кезде «Менің некем мәһірсіз болсын» дей алмайды. Бір мәһірді келісуі керек. Ол мәһір әйелдің хақы болғаннан кейін, оны алмай тұрып күйеуіне сыйлап, мәһірді кешіп жіберуіне болады. Осылай істеуі үлкен сауап.

Әйел «Мәһірімді сыйладым» дегеннен кейін «Сыйламадым, қайтар» деп айтуы өтпейді, сыйға тартқанын кері қайтаруды талап ете алмайды.

Тойға дейін қызға берілген әшекей бұйымдары некеде мәһір туралы сөз қозғалмаған болса, мәһір орнына өтеді. Ер адам «Жібергендерімнің бәрі мәһір еді» десе, ал әйел сыйлық еді десе, жейтін нәрселер сыйлық болады. Басқа заттар мәһір болады.

Мәһір екі түрлі болады: Мәһри муажжәл және мәһри муәжжәл. Бұл екі мәһір некеде айтылмаған болса, мәһри мисл берілуі қажет. Әйелдің әкесі жағынан туыстарына берілген шамада беріледі. Яғни әкенің туыстарына қандай мөлшерде беріліп жатқан болса, шамамен сондай мөлшерде беріледі.

Мәһри муажжәл:

Жылдам берілуі керек болған мәһір. Білезік, сырға, тоңазытқыш және т.б. болуы мүмкін. Неке қиылғанда берілуі уәжіп болады. Жастардың алғашқы түнінен немесе қылуеттен (оңаша қалуынан) бұрын беріледі. Мәһри муажжәлді кешіктіруге болмайды. Әйел ажырасуға себеп болатын бір нәрсе істесе, мысалы діннен шықса, хурмат-и мусахараға себеп болса, мәһри муажжәл берілмейді. Ер адам ажырасса немесе ажырасуға себеп болатын бір нәрсе істесе, жартысы беріледі.

Алдымен қызға тағылған әшекей бұйымдарының қайбірі мәһри муажжәл екенін анықтап алу керек. Неке қиылып жатқанда мәлім болған делінеді. Белгісіз болса, мәлім болған деп айту қате болады. Ал ең дұрысы мәһри муәжжәл секілді мәһри муажжәл да анықталып, «осынша мәһри муәжжәл және осынша мәһри муажжәлмен» деу керек. Екі тарап мәһри муажжәлді анықтап келіскен болса да айтқылары келмесе, ол кезде «Өз араларында мәлім болған мәһри муажжәлмен» деп айтылады. Келешекте ажырасу орын алса, таққан әшекейлердің қайбірі аманат, қайбірі сыйлық, қайбірі мәһри муажжәл екені белгілі болу керек, қандай да бір келіспеушілікке себеп болмағаны жөн.

Мәһри муәжжәл:

Бірден берілмей, кейіннен берілуі керек болған мәһір деген сөз. Қылует (оңаша қалу) орын алған болса немесе екеуінің бірі қайтыс болса, мәһри муәжжәлдің берілуі уәжіп (міндетті) болады. Әйелі сұраған кезде берілуі керек. Егер сұрамаған болса, екеуінің бірі қайтыс болғанда берілуі уәжіп. Әйел қайтыс болса, күйеуі әйелінің мирасқорларына береді. Күйеуі қайтыс болса, мирасынан алынып әйеліне беріледі. Мәһірдің қалың малға қатысы жоқ. Пара ретінде қалың мал беру харам. (Қалың мал ретінде ақша беру қажет болғанда мұны мәһри муажжал деп айтып берген дұрыс болады).

Ажырасқан жағдайда алғашқы неке түні немесе қылует орын алған болса, муәжжәл мәһір толықтай беріледі, орын алмаған болмаса жартысы беріледі. Аяти карима мағынасы:

«Қол тигізбей ажырасқан әйелдеріңе мәһірдің жартысын беріңдер!». (Бақара 237).

Неке қиылған кезде мәһір айтылып, бірақ қаншалықтысы муажжәл екені белгіленбеген болса, жергілікті әдет бойынша және әйеліне лайықты болатындай түрде белгіленгеннің бір мөлшері муажжәл болады. Неке қиыларда мәһри муәжжәлдің белгілі бір уақытта өтелуін шарт қылуға болады. Ажырасу кезінде мәһірдің өтелетін уақытын күту қажет. Өтейтін уақыт белгілі болмаса, ажырасқан кезде бірден өтейді. (Фәтауа-и Хиндия).

Исламда мәһір ақшасы үйлену үшін қажет емес. Некенің, жанұяның ретті, бақытты жалғасуы үшін, әйелдің құқығы мен еркіндігі қорғалуы үшін, діни білімсіз, надан, нашар мінезді еркектің қолында ойыншық болмауы үшін қажет. Мәһір ақысын беруден және балалардың напақа ақшасын ай сайын беріп тұрудан қорыққанынан еркек әйелімен ажыраса алмайды. Осындай қорқыныш болмаған жерлерде сот ажырасу арыздарына толады. Сондықтан тұрмыс құратын қыз исламның көркем мінезін, әйелге берген қадірін білетін және бұған мән беретін ер адамнан аз мөлшерде, ал ондай болмаған адамнан көп мөлшерде мәһір сұрағаны абзал.

Ерлі-зайыптылар арасында болатын халал қылует пен бөтен әйелмен болатын харам қылует екеуі бірдей емес. Денсаулық тұрғысында немесе шариғи тұрғыда яки табиғаты бойынша жыныстық қатынасқа тосқауыл болатын бір себеп бар болса, шариғи қылует болмайды. Екеуінің бірінің ауру болуы, ихрамда болуы, парыз намазда, рамазан оразасында болуы, әйелдің хайыз немесе нифас жағдайында болуы, қастарында ақылды (7 жасар) бала болуы бұл қылуетке тосқауыл болады (қылует орын алған болмайды). Бірақ ақылы кірмеген, балиғатқа толмаған бала харам қылуетке тосқауыл бола алмайды (қылует орын алған болады). (Мәзаһиби әрбаа).

Қыз бен жігіт некелесіп, кейін ажырасатын болса, араларында осындай шариғи қылует болмаған болса, мәһірдің жартысын береді. Қылует орын алған болса, мәһірді толықтай береді.

Неке төсегіне жатпаған және қылует те болмаған қыз бір рет талақ алса, баин (нақты ажырасқан) болады. Ерінің оған дереу жарты мәһірін беруі қажет болады және иддәт уақытын күтпейді. Ажырасқан күні болса да басқа біреумен некелесе алады.

 

Мәһірсіз неке

Сұрақ: Мәһірсіз қиылған неке сахих (дұрыс) бола ма?

Жауап: Неке сахих болады. Кейіннен өзара келісуіне де болады. Өзара келіспей ер адам мәһір бермесе, мәһри мисл беруі уәжіп болады. Яғни әйелдің әкесі жағынан туыстарына берілген мөлшерде береді. Мүлде бермесе кісі ақысын жеген болады, бірақ әйел қаласа алатын мәһірін өзіне сыйлай алады.

 

Ажырасқанда мәһір

Сұрақ: Үйленерде әйелімнің оранған және намаз оқитын әйел болғанын қаладым. Ашық киінетін қызға ұсыныс жасадым, ол қабылдады. Сөйтіп үйлендік. Кейінен ол қайтадан ашық-шашық киіне бастады. Намазды тастады. Мұсылмандықты қабылдамаймын деді. Мені тастап кетті. Яғни ажырастық. Мәһір қарызымды беруім керек пе?

Жауап: Беру керек емес. Өйткені әйелдің мүртәд болуы немесе хурмети мусахараға әдейі себеп болуы секілді әйелдің өзі себеп болған ажырасуларда мәһірді беру қажет емес. Берілген болса, еркек бәрін қайтарып алады.

 

Тойда берілгендер

Сұрақ: Тойдан бұрын қызға алтын сырға тағылады және т.б. алтын беріледі. Некеде мәһір айтылмаса, мәһір орнына өте ме?

Жауап: Иә, өтеді.

 

Жесір әйелге мәһір

Сұрақ: Жесір әйелге үйленген адам да мәһір бере ме?

Жауап: Иә, береді.

 

Мәһри муажжәл

Сұрақ: С.Әбәдия кітабында неке қиылғанда «Осынша мәһри муәжжәл және өз араларында мәлім болған мәһри муажжәлмен» деп айтылады дейді. Егер мәһри муажжәл өз араларында мәлім болмаса, яғни мүлде мәһри муажжәл туралы сөз қозғалмаса, сонда да осылай айтуға бола ма?

Жауап: Жоқ. Ол кезде алдымен екі мәһірді де мәлім қылып алу керек. Мәһір келісілмей қиылған неке сахих болса да, дұрысы басынан бұларды белгілеп алу. Белгіленбеген болса, некеден кейін белгіленеді.

 

Мәһірдің ең азы не?

Сұрақ: Мәһри муәжжәлдің ең көбі және ең азы қаншалықты болуы тиіс?

Жауап: Көбінің шектеуі жоқ, келіскенге байланысты. Ал ең азы 5 грамм алтын. Егер некеде мәһір келісімі жасалмаса, онда ер адамның мәһри мисл беруі уәжіп болады. Мәһри мисл – қыздың әкесі жағынан туыстарына берілетін мөлшер. Ең азы 5 грамм алтын.

Мәһір айтылмай, тіпті мәһір бермеу шартымен қиылған неке сахих болады, бірақ шарт қате болады. (С.Әбәдия).

Мәһір екіге бөлінеді:

1) Мәһри муажжәл: Неке қиылғанда берілуі уәжіп болады. Неке түнінен бұрын берілуі керек. Әйел мәһри муажжәлді алмайынша тойды, қылуетті және бірге сапарға шығуды қаламауына болады.

2) Мәһри муәжжәл: Берілуі мына үш нәрсенің бірі орын алғанда уәжіп болады:

а) Қылует (оңаша қалу),

ә) Уати, зифаф (неке төсегіне жату),

б) Екеуінің бірінің қайтыс болуы. Әйел қайтыс болса мәһір әйелдің мирасқорларына беріледі. Күйеуі қайтыс болса, мирасынан әйеліне беріледі. (Китаб-ул фиқһ аләл мәзаһиб-ил әрбаа).

 

Мәһірді аз сұраған жөн

Сұрақ: Көп мәһір сұрау дұрыс па?

Жауап: Мәһір – тұрмыс құратын қыздың сақтандыруы секілді. Мәһірді көп сұраса, еркек болмашы себептердің кесірінен әйелін тастап кетпейді, ажыраса алмайды. Сенімсіз еркектен мәһірді көп сұраудың зияны жоқ. Әйел өзі қалаған кезінде мәһірін күйеуіне сыйға тарта алады. Осы тұрғыдан көп сұрауының зияны жоқ.

Салих, сенімді адамға тұрмысқа шыққан қыздың көп мәһір сұрамағаны жөн. Бірнеше хадис шәриф мағынасы:

«Ең жақсы мәһір – оңай өтелетіні». (Хаким).

«Мәһірде оңайлық көрсетіңдер! Көп мәһір сұрау дұшпандыққа себеп». (Абдуррәззақ).

Хазреті Омар айтқан:

«Мәһірді көп сұрамаңдар! Мәһірді көп алу ізгі қасиет болғанда, Расулуллаһ соны істейтін еді». (Тирмизи).

Бір әйелдің мәһірі бір жұп аяқ киім еді. Пайғамбарымыз ол әйелдің бұл мәһіріне разы болған-болмағанын сұрады. Әйелдің разы екені айтылғанда пайғамбарымыз қуанды. (Тирмизи).

 

Мәһір ретінде не беріледі?

Сұрақ: Үйленерде мәһри муәжжәл ретінде не сұрауға болады?

Жауап: Алтын, күміс, қағаз ақша немесе кез келген мүлік яки пайда сұрауға болады. (Китаб-ул фиқһ аләл мәзаһиб-ил әрбаа).

Әйел мәһір ретінде өзіне Құран кәрім үйретуін сұрауына болады. Үй, көлік сұрауына болады. Болмашы себеппен еркектің ажырасып кетуінің алдын алу мақсатымен мәһірді көп сұрау жақсы болады.

Исламда мәһір ақшасы үйлену үшін қажет емес. Некенің, жанұяның ретті, бақытты жалғасуы, әйелдің құқығы мен еркіндігі қорғалуы, діни білімсіз, надан, нашар мінезді еркектің қолында ойыншық болмауы үшін қажет. Мәһір ақысын беруден және балалардың напақа ақшасын ай сайын беріп тұрудан қорыққанынан еркек әйелімен ажыраса алмайды. Осындай қорқыныш болмаған жерлерде сот ажырасу арыздарына толады. Сондықтан тұрмыс құратын қыздың исламның көркем мінезін, әйелге берген қадірін білетін және бұған мән беретін ер адамнан аз мөлшерде, ал ондай болмаған адамнан көп мөлшерде мәһір сұрағаны абзал. (С.Әбәдия).