Бір адам сүйікті пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келіп:
- Йа, Расулаллаһ! Рұқсат берсеңіз, өлгім келеді, - деді. Пайғамбарымыз оған:
- Өлім сондай нәрсе, оған дайындалу керек! Жол ұзақ, оған азық қажет. Өлімді қалаған адамның он сыйлық дайындауы қажет, - деп жауап берді. Сонда әлгі адам сұрады:
- Йа, Расулаллаһ, ол сыйлықтар кімге?
Пайғамбарымыз былай деді:
1) Әзірейіл періштеге сыйлық,
2) Қабірге сыйлық,
3) Мүнкәр және Нәкірге сыйлық,
4) Мизан таразына сыйлық,
5) Сырат көпіріне сыйлық,
6) Малик періштеге сыйлық,
7) Ридуан періштеге сыйлық,
8) Рухқа сыйлық,
9) Пайғамбарыңа сыйлық,
10) Раббыңа сыйлық.
- Ол қандай сыйлықтар, йа, Расулаллаһ? – деп сұрады әлгі адам.
Әзірейіл періштеге төрт сыйлық:
1) Жақсы мінезді болу,
2) Өткізіп алған ғибадаттарыңның қазасын өтеу,
3) Өлімге дайындалу, сапарға шығатын жолаушы секілді,
4) Жүрегіңе Аллаһқа деген махаббат орнықтыру.
Қабірге төрт сыйлық:
1) Сөз тасудан сақтану,
2) Киімге зәр шашыратпау,
3) Құран кәрім оқу,
4) Салауатты көп айту.
Мүнкәр және Нәкір періштелерге сыйлықтар:
1) Дұрыс сөйлеу,
2) Ғайбаттан сақтану,
3) Ақиқатты қабылдау,
4) Қарапайым, салмақты болу.
Мизанға сыйлықтар:
1) Амалыңды ықыласпен орындау,
2) Біреуді қинаудан сақтану,
3) Көркем мінезді болу,
4) Аллаһты көп зікір ету.
Сырат көпіріне сыйлықтар:
1) Ашуды жеңу, ашуланбау,
2) Тақуа болу,
3) Жамағатқа тұрақты қатысу,
4) Ғибадаттарды үздіксіз орындау.
Малик періштеге сыйлықтар:
1) Аллаһтан қорыққанынан жылау,
2) Жасырын түрде садақа беру,
3) Үнемі қарсы шыға беруден сақтану,
4) Ата-анаға жақсылық жасау.
Жәннат періштесі Ридуанға сыйлықтар:
1) Жамандықтан сақтану,
2) Ниғметтерге шүкір ету,
3) Мал-мүлікті Аллаһ жолында жұмсау,
4) Аманатты қорғау.
Рухқа сыйлық:
1) Аз тамақтану,
2) Аз сөйлеу,
3) Аз ұйықтау,
4) Истиғфарды үзбей айтып жүру.
Пайғамбарға сыйлық:
1) Әһли бәйтті жақсы көру,
2) Сүннетті ұстану,
3) Пайғамбардың сүйіктілерін жақсы көру,
4) Сахабаларды жақсы көру.
Аллаһқа сыйлықтар:
1) Аллаһтың бұйрықтарын орындау,
2) Оның тыйым салған нәрселерінен сақтану,
3) Адамдарға насихат айту,
4) Бүкіл жаратылғанға қамқор болу.
Осыларға дайын болсаң, өлімді қалауың орынды болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024