Дінімізде білу зәру болған нәрселерді әр мұсылманның білуі қажет. Білмеу үзірге, яғни кешірімді себепке жатпайды. Адам жасаған ісін не үшін жасағанын білуі қажет. Істеп қойғаннан кейін «Білмегенім үшін істедім» деп айту адамды жауапкершіліктен құтқармайды.
Кәпірлердің мейрамдарында мұсылмандардың сауатсыздары, әсіресе әйелдер кәпірлердің істегендерін істеп жүр және сол күндерді мұсылмандардың мейрамы деп санап, кәпірлер секілді бір-бірлеріне сыйлық беріп жүр. Үйлерін, дүкендерін, заттарын, дастархандарын кәпірлер секілді сәндеп, әшекейлеп жүр. Ол түндерді басқа түндерден ерекшелеп жүр. Бұлардың барлығы ширк, күпірлік саналады. Бұл жайт Құран кәрімдегі «Юсуф» сүресінде былай айтылған:
«Біз Аллаһу та'аланың бар екеніне, бір екеніне, барлық нәрсені Ол жаратқанына сендік, мұсылман болдық дейтіндердің көбісі өзгелерге ғибадат етіп, өзгелерге бағынып және тағы көптеген әрекеттер жасап, сөздер айтып, мүшрик болуда».
Әйелдер қабір зияратында да үлкен қателіктер жасайды. Кесене үшін құрбандық шалады. Малды кесенеге апарып, қабір басында сояды. Бұлар Аллаһ разылығы үшін емес, қабірде жатқан адам үшін сойылса, ол кезде қауіпті болады. Осылай құрбан шалуды фиқһ кітаптары ширк деп санаған.
Дініміз бойынша құрбандық тек қана Аллаһу та'ала разылығы үшін сойылады, пайда болған сауап кесенеде жатқан әулиеге бағышталады. Қабірдегі әулиеден шапағат етуі сұралады.
Мынаны жақсылап біліп алу қажет, мысалы, ол жаққа ауру үшін барған болса, ауруды жазатын кесенедегі әулие емес. Науқасқа шипа беретін тек қана Аллаһу та'ала. Ол жақтағы әулие тек арашы, шапағатшы ғана...
Қабірде шүберек байлау, шам жағу да дінімізде жоқ. Бұлар кейіннен шығарылған бос ырымдар.
Негізінде ер кісілерге қарағанда әйелдердің ісі оңайырақ. Олардың жәннатқа кіруі әлдеқайда оңай. Ер кісілерге қарағанда олардың жауапкершілігі азырақ. Жасайтын істері белгілі. Хадис шәрифте:
«Төрт нәрсені істейтін, яғни күйеуіне қиянат жасамайтын, бес уақыт намаз оқитын, Рамазан айында ораза ұстайтын және бөтендерге ашық күйде көрінбейтін әйел жәннатқа кіреді» делінген. Өйткені, дұрыс оқылған намаз адамды күнә істеуден қорғайды және исламның шарттарын орындауға деген ынтаны арттырады.
Бұл аптадағы жазбамызды үлкен ислам ғұламасы Хусейн Хилми бин Саидтың (қуддиса сиррух) сөзімен аяқтайық:
«Намазын оқып жүрген және алпыс жастан асқан мұсылман шәһид ретінде өледі. Бірақ әйелдер үшін жас шектеуі жоқ, намазын оқып, оранып жүріп, намысын қорғайтын болса, қай жаста өлсе де шәһид болады».
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024