Сұрақ: Кітаптарда ысыраптың өте жаман екенін жазады. Ысыраптың соншалықты жаман болуының негізгі себебі қандай?
Жауап: Ысыраптың жаман болуының себебі – мал-мүліктің қадірлі болуы. Мал-мүлік – Аллаһу та'аланың берген ниғметі. Ахиретті жақсарту мал-мүлік арқылы жүзеге асады. Дүние мен ахирет мал-мүлік арқылы ретке келеді. Қажылық, жиһад сауабына мал-мүлік арқылы жету мүмкін. Деннің саулығы, бақуат болу мал-мүлік арқылы мүмкін. Біреуге мұқтаж болудан адамды қорғайтын мал-мүлік. Садақа беру, туған-туысқандарды аралау, кедейлерге көмектесу мал-мүлік арқылы жүзеге асады. Мешіт, мектеп, аурухана, жол, көпір жасау, су жүргізу, әскер жетілдіру секілді адамдарға қызмет ету де мал-мүлік арқылы орындалады. Дініміз:
«Адамдардың қайырлысы – оларға көп пайдасы тиетіні» дейді.
Адамдарға көмектесу үшін жұмыс істеп ақша табу нәпіл ғибадат жасаудан сауаптырақ. Жәннаттың үлкен дәрежелеріне мал-мүлік арқылы жету мүмкін. Имам Тирмизи хазрет хабар берген хадис шәрифте:
«Аллаһу та'ала құлына мал-мүлік пен білім береді. Ол құл барлық харамнан бойын аулақ ұстап, туыстарын қуантып, мал-мүлкін хақысы бар болғадарға өзі біліп беретін болса, жәннаттың үлкен дәрежесіне жетеді» делінген. Бұхари және Мүслимдегі хадис шәрифте:
«Екі нәрсенің біріне қол жеткізген адамға сүйсініп қарау орынды болады. Аллаһу та'ала бір адамға ислам білімдерін нәсіп етеді. Ол әрбір іс-әрекетін біліміне сай орындайды. Екіншісі, Аллаһу та'ала біреуге көп мал-мүлік береді. Ол адам да мал-мүлкін Аллаһу та'ала разы болған, құптаған жолда жұмсайды» делінген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Амр бин Ас хазрет туралы:
«Жақсы адамға мал-мүліктің жақсысы қандай әдемі жарасады» деген. Әнәс бин Малик хазрет туралы:
«Йа, Раббым! Бұған көп мал-мүлік пен көп бала-шаға бер және солармен оны берекеттендір!» деп дұға еткен. Хазреті Каб мал-мүлкін толықтай садақа қылып беретін кезінде:
«Мал-мүлкіңнің бір бөлігін өзіңе қалдырсаң жақсы болады» деген.
Аллаһу та'ала Құран кәрімде мал-мүлікті «Қайырлы нәрсе» деп атаған және сүйіктісіне (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) берген ниғметтерін еске салғанда:
«Сен мал-мүліксіз едің, саған ешкімге мұқтаж болмайтындай мал-мүлік бердім» деген.
Мал-мүлікті ысырап ету болса Аллаһу та'аланың ниғметін қорлау, ниғметті менсінбеу, қадірлемеу, ниғметті қолдан жіберіп алу, қысқасы оған шүкір етпеу болып саналады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024