Сұрақ: Басшылыққа ұмтылу дұрыс па? Мұның қандай да бір жауапкершілігі бар ма?
Жауап: Басшы болудың жауапкершілігі көп. Қол астындағылар арасында әділеттікті сақтамаған басшы оларға зұлымдық жасаған болады. Ал зұлымдықтың күнәсі ауыр. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһу та'аланың ең жақсы көрмейтін адамы – залым басшы». (Тирмизи).
«Қияметте адамдар арасында ең көп азап көретін адам – залым басшы». (Табарани).
«Әділ болмаған басшы тозаққа етбетімен тасталады». (Хаким).
«Он адамға басшы болған кісі қияметте қолы байланып әкелінеді. Әділ болса құтылады, болмаса зұлымдығы кесірінен құриды». (Табарани).
«Он адамға басшы болып, қияметте басқарған адамдары арасында үкім берілгенше қолы байланбай тұратын ешкім жоқ». (Табарани).
«Тозаққа кіретін алғашқы үш топ адамдардың бірі – залым басшы». (Ибн Хиббан).
«Халықтың істерін өз мойнына алып, оларға қиыншылық шығарған адамға лағнет болсын!» (Әбу Ауана).
«Сендер басшы болуға құмарсыңдар. Алайда, оның хақысын сақтағандарды қоспағанда, басшы болу – қияметте өкіну». (Бұхари).
«Басшы болудың басы да, соңы да өкіну, ал қияметте азап». (Бәйһақи).
«Ей, Әбу Зәр, өзіме қалағанымды саған да қалаймын. Бірақ, сен әлсізсің, екі адам болса да, олардың басына өтпе! Міндетін жөнімен атқарғандардан басқа басшы болу қиямет күнінде өкіну». (Мүслим).
«Өмірінде кезкелген басшы болмастан өлу әлбетте сен үшін құтылу». (Әбу Дауд).
«Ей, Абдуррахман, басшылыққа ұмтылма! Егер сенің қалауыңсыз бір мансапқа отырсаң, Аллаһу та'ала көмекшің болады. Егер өз қалауыңмен басшы болсаң, Аллаһу та'аланың көмегінен мақұрым қалуың мүмкін». (Хаким).
Бұл хадис шәрифтер басшылықтың жауапкершілігі мол жұмыс екенін көрсетуде. Осы тұрғыдан басшылықты аңсап құмарлану зиянды. Егер өз қалауынсыз біреуге міндет тапсырылса, қызмет ретінде бұл міндетті алуы рұқсат. Әділ басқарса сауабы да соғұрлым көп болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024