Күнә – Аллаһу та'аланың бұйрығын орындамау, тыйымдарынан сақтанбау, Оған қарсы шығу деген сөз. Күпірден және бидғаттан басқа күнәлар екіге бөлінеді:
1) Аллаһу та'ала мен құл арасындағы күнәлар. Ішкілік ішу, намаз оқымау секілді.
2) Құлдар арасындағы күнәлар. Ұрып-соғу, өлтіру, ұрлау, ғайбаттау, жала жабу секілді.
Күнәлардың үлкенінен де, кішісінен де аса сақтану қажет. Өйткені хадис шәрифте айтылған:
«Зередей (яғни өте аз) күнәдан сақтану бүкіл жын мен адамзаттың ғибадаттарының қосындысынан жақсырақ».
Күнәлардың барлығы Аллаһу та'аланың бұйрығын орындамау болғандықтан үлкен саналады. Кіші күнәні істемеу бүкіл әлемнің нәпіл ғибадаттарынан сауаптырақ. Өйткені нәпіл ғибадат парыз емес. Ал күнәлардан сақтану әркімге парыз. Тәубесі жасалмаған кезкелген күнәға Аллаһу та'ала өш алуы мүмкін. Себебі Ол ашуын күнәлардың ішінде сақтаған. Жүз мың жыл бойы ғибадат еткен жақын құлын бір күнәсі үшін мәңгілікке қабылдамай қоюы мүмкін. Ештеңеден тартынбайды да. Мысалы, екі жүз мың жыл бойы бағынған Ібілістің (шайтанның) тәкәппарланып сәжде етпегені үшін мәңгілікке малғұн болғандығын Құран кәрім хабар беруде.
Үлкен күнәлардың түрі өте көп, дегенмен кейбірлері төмендегілер:
1) Аллаһу та'аланың мейірімінен үміт үзу.
2) Аллаһу та'аланың азабынан қорықпау.
3) Ата-анаға қарсы шығу.
4) Адам өлтіру.
5) Өсім алу. Өсім алғандардың қабірлерінен шайтан ұрғандай тұратыны, ауыр азапқа душар болатыны хабар берілген.
6) Сиқыр (дуа) жасау.
7) Зина жасау.
8) Лиуата жасау (гомосексуалдық).
9) Өтірікке ант ету.
10) Ішкілік ішу. Дүние мен ахирет бақытын ойлап, түрлі алкогольді ішімдіктерден бастарту қажет.
11) Намаз оқымау.
12) Сыла-и рахымды тәрк ету (туыстармен араласпай қою). Сыла-и рахым – ата-ана және басқа да жақын туыстарды зиярат ету деген сөз.
13) Ғайбат айту.
14) Сөз тасу.
15) Өтірік айту.
16) Сауда-саттықта қулық жасау.
17) Біреуді ренжіту.
18) Көре алмаушылық, күндеу. Көре алмаушылық өмірді қысқартады. Адамды бақытсыз етеді.
19) Аманатқа қиянат жасау.
20) Тәкәппарлану, өзін үстем санау.
21) Ұрлық жасау.
22) Есірткі қолдану.
23) Өтірік куәгер болу.
24) Соғыста дұшпаннан қашу.
25) Пара алу және беру.
26) Зекет пен ұшыр бермеу.
27) Жануарды тірідей отқа жағу.
28) Құран кәрімді үйренген соң оқуды ұмытып қалу.
29) Әурет жерлерді көрсету және біреудің әурет жеріне қарау.
30) Жасаған жақсылығын міндетсіну.
31) Білім алудан қашу және сауатсыздықта табан тіреп алу.
32) Өзіне қол жұмсау.
33) Кіші күнәні үздіксіз жасау.
Аздаған күнә істеп қойған кезде дереу тәубе етіп, истиғфар айту керек. Аллаһу та'ала тәубесі жасалып, истиғфар айтылған бүкіл күнәларды кешіретініне уәде берген...
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024