Иманды күшейту үшін

Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардың бірнешеуі төмендегілер:

1) Жақсы мінезді болу.

2) Үнемі Аллаһу та’аланы еске алу.

3) Ықыласты болу.

4) Жомарт болу.

5) Өз еркінде болмай үлкен бәле-жалаға тап болу. (Салих адамдар үшін).

6) Харамдардан сақтану.

7) Күпірге түсуден қатты қорқу.

8) Жақсы көретін адамын Аллаһ үшін жақсы көру, жек көретін адамын Аллаһ үшін жек көру.

9) Салих болу.

10) Намазға аса мән беру.

 

Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Иманы ең күшті мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп-кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр болмайды». (Табарани).

«Қайда болса да Аллаһу та’аланы ұмытпайтын адамның иманы күшті». (Бәйһақи).

«Аллаһ үшін жасаған істерінде жазғырылудан қорықпайтын, амалы ықыласты болатын, екі істің бірі ахыретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахыретке пайдалы болғанын таңдайтын адамның иманы күшейеді». (Дәйләми).

«Құран оқу және Аллаһты зікір ету иманды күшейтеді». (Дәйләми).

«Ең ауыр бәле пайғамбарларға, әулиелерге және оларға ұқсағандарға келеді. Адамның иманы мықты болған сайын бәле-жалаға душар болады. Иманы мықты болса, бәле-жаласы ауыр болады. Иманы әлсіз болса, бәле-жаласы жеңіл болады». (Тирмизи).

«Жомарт мұсылманның иманы күшті болады». (Дәйләми).

«Аллаһтан қорқып, харамға қарамаған адам иманының ләззатын сезінеді». (Табарани, Хаким).

«Аллаһты және Расулуллаһты барлық нәрседен артық жақсы көретін адам, тек Аллаһтың жақсы көгендерін жақсы көретін және күпірге түсу қорқынышы отқа жану қорқынышынан да басым болған кісі иманының ләззатын сезінеді». (Бұхари).

«Үш нәрсе иманның ләззатын арттырады: Аллаһты және Расулуллаһты барлық нәрседен артық жақсы көру, өзін жақсы көрмеген мұсылманды Аллаһ разылығы үшін жақсы көру және Аллаһтың дұшпандарын жақсы көрмеу». (Табарани).

«Жақсылық жасағанда қуанып, күнә істегенде өкінетін адам иманды». (Табарани).

Таңертең және кешке мына дұғаны оқыған адам ширкке түсуден құтылады және иманы күшейеді:

«Аллаһумма инни ә’узу бикә мин ән ушрикә бикә шәй-ән уә әнә ә’ләму уә әстағфирукә лимә лә ә’ләму иннәкә әнтә алламул-ғуйуб». (И. Ахмед).