Парақорлық – жеке басының пайдасын алу, бір мәселесін тындыру мақсатымен үкіметтік қызметтегі адамға заңға қайшы түрде берілетін ақша, мүлік секілді бір пайда деген сөз. Осы жолмен әділетсіз пайдаға қол жеткізіледі немесе біреудің хақысы желінген болады. Тартып алынған затты және зұлымдықпен, ұрлықпен алынған әрі пара, өсім, құмар ақылары және басқа да қиянат жолдардың бірімен алынған табысты жеуге және басқаларға да жегізуге дініміз тыйым салған. Аллаһу та'ала:
«Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді өзара (құмар, ұрлық, тартып алу, пара беру секілді) жаман себептермен жемеңдер!» деген.
Сотта пара беру арқылы әділетсіз үкім шығаруына себеп болатындарға пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):
«Үкім шығарғанда пара бергенге және алғанға Аллаһ лағнет етсін!» деген.
Парақорлық – мемлекетке қарсы жасалатын қылмыстардың бірі. Бұл адамды қарабет қылатын әрекет. Үкімет қызметкерінің мемлекет берген билікті жаман жолда пайдалануға жатады.
Парақорлық – әлеуметтік індет. Қоғамда парақорлықтың тарауы мемлекетті әлсіретеді және азаматтардың үкіметке деген сенімін түсіреді. Ал бұл жағдай мемлекеттің беделінің түсуіне, басқаруда немқұрайлықтың өршуіне, анархияның дамуына әкеп соғады.
Парақорлық себебімен зұлымдықтың, әділетсіздіктің көбеюі, осылайша адамдар арасындағы өзара сыйластық пен құрметтің жоғалуы да мемлекеттегі бірлік пен ынтымақтың жойылуына, ақыр соңында құлауына жол ашатын себептердің бірі.
Парақорлық – елді рухани және материалдық тұрғыда құлдырататын індет екені ақиқат. Уәкілеттілерге көмектесу – әр адамның міндеті.
Хазреті Әлидің көз жасы!
Жабир бин Абдуррахман хазрет түнде түс көріп, түсінің үрейімен таңды әрең аттырады. Таң намазына мешітке келген бойда, тікелей хазреті Әлидің алдына барады. Намаздан кейін Хазреті Әлиге:
- Йа, әмир-ул мүминин! Түс көрдім, қатты қорықтым, өтінемін, жорып беріңізші. Үлкен-үлкен сиырлар көрдім, кішкентай сиырларды сауып жатты. Өзендер көрдім, кеуіп кеткен еді, бір тамшы суы да жоқ, бірақ жағасы жап-жасыл... Мешіттер көрдім, михрабтарында, мінберлерінде үлкен-үлкен пұттар отырған еді,- дейді.
Мұны естіген хазреті Әли жылай бастайды да, былай жориды:
- Көрген түсің бұл үмбеттің соңына таман басына келетін пәлекеттерге ишара! Бірінші белгі, мансап иесі болған, басшы, басқарушы болған адамдар пара алмағанша жұмыс істемейді, парамен күн көреді, мансабын ақшаға ауыстырады. Екінші белгі, іші бос болса да, өздерін өте қасиетті санайтын және өзгелерге өзін солай көрсететін адамдар болады, бәрі оларды әдептілігі, абыройы үшін құрметтейді. Ол адамдар – өздеріне берілген билікке, беделдікке, әдептілікке сүйеніп, айналасындағыларға зұлымдық көрсететін залым басқарушылар... Мешіт мінберіндегі, михрабтағы пұттар болса ең үлкен пәлекет болып, дін атынан шығып сөйлейтіндер, жазатындар. Олар өздеріне сенгендердің діннен шығуына, сенімдерінің бұзылуына себеп болады...
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024