Сұрақ: Кей адамдар біреудің қолында жұмыс істеуді өз-өзін қорлау деп санап, ұялатын, намыстанатын нәрсе ретінде көреді. Адам өз бала-шағасының напақасын табу үшін қандай да бір жұмыста жалақыға жұмыс істеуі намыстанатын нәрсе ме?
Жауап: Кәсіптің және сауданың барлық түрін жасау, жалақыға, ақшаға мубах жұмыстарды істеу, мысалы шопан болу (мал бағу), бағбан болу, құрылыста істеу, жер қазу және жүк тасу өзін қорлау болып саналмайды. Пайғамбарлар, әулиелер осындай жұмыстарды атқарған. Өзінің және бала-шағасының напақасын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу парыз. Басқаларға көмектесу үшін әртүрлі табыс көздерінде жұмыс істеп көбірек ақша табу мубах. Идрис алейһиссалам тігінші, Даут алейһиссалам темірші, Ибраһим алейһиссам құрылысшы және мата сатушы болған еді. Ең алғаш мата тоқыған Адам алейһиссалам. Дін дұшпандары алғашқы адамдарды шөппен жамылып жүрген, үңгірде өмір сүрген деп жазады. Бұл жазғандарының ешқандай дәлелі жоқ. Иса алейһиссалам етікші, Нұх алейһиссалам ағаш ұстасы, Салих алейһиссалам сөмке жасап сатумен айналысатын. Пайғамбарлардың көбі шопан болған. Хадис шәрифте: «Үйінің қажеттіліктерін алып келу адамның тәкәппар емес екенінің белгісі» делінген.
Расулуллаһ алейһиссалам тауар сатқан және сатып алған. Сатып алғаны көбірек болған. Ақыға жұмыс істеген және жұмыс істеткен. Серіктестік құрған. Біреуге өзі өкіл болған және өкіл ретінде біреуді тағайындаған. Сыйлық берген және алған. Қарызға зат алған. Қор құрған. Дүниелік істер үшін ешкімге ашуланбаған, ешкімге ренжітетін сөз айтпаған. Ант берген және ант айтқызған. Ант еткендерін орындған, орындамай кафарат (өтемін) берген кездері де болған. Қалжың айтқан, қалжыңдарының бәрі шындық болған және пайдасы тиген. Осы аталғандарды жасаудан тартыну, ұялу, намыстану тәкәппарлыққа жатады. Көп адам осы жерде жаңылысады, тауазу (қарапайымдылық) пен тәзәллулді (қор болуды) бір-бірімен шатастырады. Нәпіс осы мәселеде көп адамды алдайды.
Сұрақ: Иман келтіру үшін пайғамбарымыздың хабар бергендерінің бәріне сену керек пе?
Жауап: Расулуллаһтың айтқандарының, хабар бергендерінің бәрін ұнатып, жүректің қабылдап растауына, яғни сенуіне «иман» делінеді. Осылай сенген адамдарды «мүмин» деп атайды. Пайғамбарымыздың тіпті бір сөзіне де сенбеуге немесе жақсы, дұрыс сөз екеніне күдіктенуге «күпір» делінеді. Осылай сенбейтін адамдарды «кәпір» дейді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024