Сұрақ: Кітаптарыңызда Муауия мақталған екен. Егер ол жақсы адам болса, онда өз ұлы Язидті жақсы тәрбиелеп жетілдіретін еді. Ұлы Язидтің жамандықтары мәлім бола тұра әкесін мақтау мұсылманшылыққа қайшы емес пе?
Жауап: Бұл қисын мұсылманшылыққа қайшы. Құран кәрімде былай делінген:
«Кімде-кім дұрыс жолға түссе, ол өз пайдасына түседі. Кімде-кім ақылына ерсе, адасса, өз зиянына адасады. Ешкім ешкімнің күнәсін тартпайды». (Исра 15)
Күйеуі үшін әйелін, әйелі үшін күйеуін, әкесі үшін ұлын, ұлы үшін әкесін айыптауға болмайды.
1) Қабил жасаған қылмысы үшін әкесі Адам алейһиссаламды айыптауға болмайды. Ең алғашқы адам және алғашқы пайғамбар Адам алейһиссалам туралы «Егер ұлын жақсы тәрбиелесе, кәпір болуының алдын алатын еді» деу дұрыс па?
2) Кенанның қырсықтығы үшін кемеге мінбегені, «Таудың басына шығып құтыламын» дегені, кәпір болып кеткені үшін әкесі Нұх алейһиссаламды айыптауға болмайды. Нұх алейһиссалам туралы «Егер ұлын жақсы тәрбиелесе, кәпір болуының алдын алатын еді» деу дұрыс па?
3) Икримәнің (радиаллаһу анһ) әкесі Әбу Жәһл еді. Бірақ ол барлық сахабалар секілді жәннаттық еді. Әкесі Әбу Жәһл деп айыптауға болмайды. Сахабалардың көбісінің әкесі кәпір еді.
4) Хазреті Әлидің әкесі Әбу Талиб кәпір еді. Осы себеппен хазреті Әлиді айыптауға болмайды. (Әбу Талиб қайтыс болған соң қайта тіріліп, иман келтірді).
5) Хазреті Асия перғауынның әйелі еді. Күйеуі перғауын кәпір екен деп әйелі хазреті Асияны айыптауға болмайды.
6) Лұт алейһиссалам мен Нұх алейһиссаламның әйелдері кәпір еді. Әйелдері үшін күйеулерін айыптауға болмайды.
7) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесі Әбу Ләһәб мүшрик еді.
Жоғарыда жазылған аяттан да аңғаратынымыз, ешкім жақындары үшін айыптала алмайды. Әсіресе сахабалардың ешбірін айыптауға болмайды. Өйткені олардың барлығын Аллаһу та'ала жәннатқа кіргізетініне сөз берген (Хадид 10). Бәріне разы екенін хабар берген (Маидә 119).
Хазреті Муауия Расулуллаһтың қайын інісі болып, уахи жазушыларынан еді. Ұлы Язидтің жамандықтары ретінде айтылғандардың көбісі Ибн Сәбә жақтастарының ойдан шығарғандары. Бәрі шын болса да, аяти карималармен және хадис шәрифтермен жәннаттық екені нақтыланған әкесіне қалайша тіл тигізуге болады?
Анықтама: Ибн Сәбә құрған ағым хадис шәрифтерге тоқыма дей тұра өздері ойдан шығарылған тарихқа сенеді. Жалпы алғанда тарихты жазатындар – кәдімгі адамдар. Бірақ хадис шәрифті жинақтайтындар – ұлы ислам ғалымдары. Өтірік жазудан қорқатын діндар адамдар.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024