Сұрақ: Баланың істеген сауаптары ата-анасына да жазылады екен. Ал күнәлары жазыла ма? Қабіл істеген күнәлар әкесі Адам пайғамбарға (алейһиссалам) да жазыла ма?
Жауап: Иә, баланың істеген сауаптары мұсылман ата-анаға жазылады. Күнә істеуді үйреткен ата-анаға баласының күнәсі да жазылады. Ғибадат үйретсе, оның да сауабы ата-анасына жазылады. Хадис шәрифте: «Мұсылманның перзенті ғибадат еткенде тапқан сауабындай әкесіне де беріледі. Кімде-кім баласына күнә үйретсе, ол бала қанша күнә істесе, сол күнәні үйреткен әкесіне де сонша күнә жазылады» делінген. (С.Әбәдия)
Күнә үйретпеген хазрет Адам пайғамбарға өз бауырын өлтірген Қабілдің күнәсі жазылмайды. Пайғамбарлар күнә істемейді. Біреудің күнәсі басқа біреуге жазылмайды. Хадис шәрифте: «Ешкім өзге біреудің күнәсін тартпайды» делінген. (Хаким)
Құран кәрімде дәл осы мағынадағы аяттардың бірі мынадай:
«Ешбір күнәһар өзге біреудің күнәсін тартпайды». (Әнам 164)
Халықты адастырғандар, адасушылықта жетекші болғандар өз күнәларын жүктеумен қатар сол адамдардың да күнәларын жүктейді. (Нахл 25 – Бәйдәуи)
Адамның бір жақсы амалды жасауға шамасы жетпесе, сол жақсы амалды жасауға себепші болса, сол жақсылықты жасағандай сауап алады. Хадис шәрифте айтылады:
«Қайырымға жол көрсеткен (себепші болған) адам ол қайырымды жасағандай сауапқа кенеледі». (Бәйһақи)
Сұрақ: Салих, тақуа бала жетілдірген адам мұның пайдасын өлгеннен кейін де көре ме?
Жауап: Әлбетте көреді. Мұсылманның ықыласпен жасаған жақсы амалдарының сауаптары қияметке дейін оның амал дәптеріне жазылады. Хадис шәрифтерде айтылады:
«Адам қайтыс болғанда оның амал дәптері жабылады. Тек мына үшеуі ғана тоқтамайды: садақа-и жария, пайдалы білім және оған дұға ететін салих перзент қалдыру». (Бұхари)
«Қайтыс болғаннан кейін сауабы тоқтамайтын жақсы амалдардың бірі – салих перзент жетілдіру. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін осындай баланың жасаған дұғасы ата-анасына жетіп барады». (Мүслим)
«Мына жеті амалды істеген адам өлгеннен кейін де үздіксіз сауап алады:
1) (Дінге сай) ғылыми еңбек қалдырған,
2) Су көзін ашып берген,
3) Су құдығын ашып берген,
4) Құрма ағашын отырғызған,
5) Мешіт құрып көтерген,
6) Құран кітабын жазған,
7) Қайтыс болғаннан кейін оған дұға ететін салих перзент өсіріп жетілдірген кісі». (Бәйһақи, Әбу Дауд)
Сұрақ: Балиғат жасына толмаған мұсылман баласы күнә істесе, оған күнә жазыла ма? Немесе күпірге түсіретін, діннен шығаратын сөз айтса кәпір бола ма?
Жауап: Балиғатқа толмаған бала әлі діннің үкімдеріне жауапкер емес. Оған күнә жазылмайды. Күпір сөз айтумен кәпір болмайды. Ата-анасы күнә, күпір нәрселерді жасатпауы керек. Әйтпесе оларға күнә болады.
Жақсы перзенттің пайдасы
Сұрақ: Баланың жақсы амалдары кәпір болып өлген ата-анасына пайдасын тигізе ме?
Жауап: Иә, пайдасы тиеді. Екі хадис шәриф мынадай:
«Құран оқыған адамның ата-анасы кәпір болса да, азаптары жеңілдейді». (Тәнбих-ул ғафилин)
«Бисмиллаһ жазылған қағазды жерде аяқ асты болмасын деп құрметтеп көтерген адам сыддық ретінде жазылады. Оның ата-анасы кәпір болса да, азаптары жеңілдейді». (И.Суюти)
Бала сындырып қойған заттың құнын өтеу
Сұрақ: Бала сындырып қойған заттың құнын ата-анасы өтеуі керек пе?
Жауап: Бала біреудің затын құртып қойса, баланың мүлкінен өтеледі. Баланың мүлкі жоқ болса, мүлкі бар болғанға дейін күту керек. Ата-анасы өтеуге мәжбүр емес. (Мәжәллә, 916-бөлім)
Бірақ ақылы кірген бала бір затты құртып қойса, құнын өтейді. Бала сатып алынған заттың өз мүлкі болатынын және сатқанда мүлкінен шығатынын түсінсе, ол баланы ақылы кірген бала деуге болады.
Сұрақ: Ата-ана күнә саналатын амалды кішкентай балаларына жасатса, ол күнә балаға жазыла ма, әлде ата-анасына ма?
Жауап: Үлкендерге, яғни ата-анасына харам болған амалды өз баласына жасатқан адам харам, күнә істеген болады.
Сұрақ: Ұл және қыз баланың кәмелет жасқа толуы қай кезден басталады?
Жауап: Бұл туралы «Мәжәллә» кітабының 986-шы бөлімінде былай жазылған:
«Балиғат (кәмелет) жасының басы ұл балада он екі жас, ал қызда тоғыз жас. Ал соңы екеуіне де он бес жас. Он бес жасқа толған кезде балиғатқа толған болып саналады».
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024