Адам денесінде статикалық электр теңдігі болады. Дененің саулығы осы электр теңдігінің деңгейімен тікелей байланысты. Бұл теңдіктің бұзылуына психологиялық күйзелістер, климат, киім-кешек, өмір сүру шарттары және жұмыс орнындағы келеңсіздіктер әсер етеді. Бұл электр деңгейі ашу халінде қалыпты жағдайынан төрт есеге артып кетеді. Адам ашуға булыққанында сөздеріне де, әрекеттеріне де ие бола алмай қалады және мұндай хал адамды күпірге де түсіруі мүмкін. Сол себепті расулуллаһ алейһиссалам «Ашу иманды бұзады» деп бұйырған.
Ашудың қатаңдығына, шектен тыс және зияндысына жангештілік (долылық) делінеді. Мұндай адам ызалы, қатаң болады. Мұның терісіне жұмсақтық делінеді. Ақ көңіл, жұмсақ мінезді адам ашу-ызаға себеп болатын жағдай алдында ашуланбайды, делебесі қозбайды. Ашулы адамның әрі өзіне, әрі басқаларға зияны тиеді. Хадис шәрифте «Бір мұсылманның бойында үш қасиет табылса, Аллаһу та’ала оны қорғайды, оған қамқор болады, жақсы көреді және мейірімін төгеді. Бұл үш қасиет ниғметке шүкір ету, өзіне зұлым еткен адамды кешіру, ашуланған кезде ашуын жеңу» деп бұйырылды.
Қаталдық адамдардың қорқынышымен үрейін тудырады, ал жұмсақтық жылылықты, мейірімді және сүйіспеншілікті тудырады. Қорқыту арқылы қол жеткізілген сәттіліктер құлдырауға, ал сүйіспеншілікпен, мейіріммен қол жеткізілген табыстар көбеюге, үлкеюге бейім болады. Сондықтан пайғамбарымыз «Аллаһу та’ала мейірімді. Жұмсақтықты жақсы көреді. Қаталдық еткендерге бермеген нәрселерін жұмсақ мінезді болғандарға береді. Басқаларға бермейді.» деп бұйырған.
Хазреті Әнәс бин Малик «Расулуллаһ алейһиссаламға он жыл қызмет еттім. Бұл мерзім ішінде маған ашуланғанын, қатты сөйлегенін көрмедім» деп бұйырған.
Пайғамбарымыздың бұл көркем мінезі Али имран сүресінің 159-шы аяти кәримасында «Жаныңдағыларға жұмсақтық және көркем мінезбен мәміле етуің, Аллаһу та’аланың саған берген сыйы және мейірімі. Егер жаман мінезді, қатал болғаныңда айналаңдағылар тарап кетер еді.» деп мақталуда.
Бір тақуа кісі еш ашуланбайтын еді, досымен де дұшпанымен де бірдей мәміледе болатын. Оның бұл кең көңілінің халін түсіне алмағандар “Мұншалықты жұмсақтықтың, адамдарға деген мұншалықты сабырлықтың мағынасы не?” деп сұрағандарында “Жуастықпен жұмсақтықтың қылышы – темір қылыштан, тіпті 100 жеңіске себеп болған қылыштан да өткір болады” деп жауап берген.
Дін ұлылары шәкірттеріне және өздерін жақсы көретіндерге үнемі «Мұсылман судай болады. Бірақ тасқын сияқты емес. Дініміздің ең үстем тарапы қанды сумен жууы, қанмен емес... Әрине қарсыласың удай болады, сен де удай болсаң ем болмайсың. Сен су боласың, ол қалай мәміле етсе етсін, бірақ сен мұсылманша мәміле етесің. Көршіңнен көрген айыптарды өзіңе аманат деп біл, ішіңде сақта, ешкімнің сырын ешкімге айтпа. Сенен кеңес сұраған (истишара) адамға дұрысын айт. Сараңдықтан алыс бол, аш көзді адамдар адамгершіліктен қалады. Кез келген істе адамгершілік қасиетте бол. Қажеттілігің болса да ешкімнен еш нәрсе сұрама. Дүние адамдарына әуестенбе.» деп насихат айтқан. Су қанды да, кірді де, нәжісті де жуады. Су мұсылманға да, кәпірге де, жануарға да бірдей қажет. Қоғамның ішінде мұсылманның да осындай болуы керек.
Хазреті Имам Раббани былай деген:
«Аллаһу та’аланың әмірлерін орындау, тиымдарынан қашудың керек болғаны сияқты адамдардың ақыларын өтеу және олармен жақсы мәміледе болу да керек. “Аллаһу та’аланың әмірлерін ұлық деп білу және Оның жаратқандарына мейірімді болу керек” деген хадис шәриф те осы екі ақыны орындаудың керектігін көрсетуде. Бұл екі ақының тек біреуін ғана орындау кемшілік болады. Бұдан адамдардан келетін қиыншылықтарға сабыр етудің, төзудің керектігі аңғарылады. Адамдармен жақсы мәміледе болу уәжіп. Ашулану, қатаңдық таныту жақсы емес, мұсылманға жараспайды.»
Расулуллаһ алейһиссалам Аллаһу та’аланың құлдарына мейірімді, рахымды және жұмсақ мінезді болатын. Дүние үшін ашуланғанын ешкім көрмеген. Бірақ Аллаһ үшін, ахырет жұмыстары үшін қателіктерге қарсы ашуланатын еді. Ашулы адам қарсысындағы адамның да, өзінің де қарсылық танытатынын алдын ала ойлауы керек. Ашуға булыққан адамның көңілі бұзылады. Бұл бұзықтық сыртында да көрініс тауып, адамды жаман, қорқынышты хал қаптайды.
Ашуды жеңу өте үлкен сауап. Ашуын жеңген адамға жаннат сүйіншіленген. Аллаһ разылығы үшін ашуын жеңген кісі, алдындағы адамды кешіріп, оған қарсы мәміле танытпаса, Аллаһу та’ала оны қатты жақсы көреді. Жаннаттың осындай адамдар үшін дайындалғаны білдірілген. Хадис шәрифте «Кімде-кім Аллаһу та’аланың разылығы үшін ашуын қайтаратын болса, Аллаһ одан азабын қайтарады.» деп бұйырылды.
Хазреті Имам Ғазали «Жуас, жұмсақ мінезді болу ашуын жеңуден де құнды.» деп білдірген.
Ниғметке шүкір ету оны исламға сай қолдану деген сөз. Хадис шәрифте «Ашуланған адам қалаған нәрсесін істеуге қуатты бола тұрып, жұмсақ мінез танытса, Аллаһу та’ала оның көңілін амандық және иманмен толтырады.» деп бұйырылды.
Пайғамбарымыз «Йа Раббым! Маған ілім бер, мені жуастықпен, жұмсақ мінезбен безендір, тақуалық бере гөр! Афиетпен мені безендір!» деп дұға ететін еді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024