Сұрақ: Марихуана, апиын, кокаин секілді есірткілерді қолдану күнә ма? Бұл өмірде есірткіге тәуелді болудың себебі не болуы мүмкін?
Жауап: Есірткінің барлық түрі күнә. «Ислам Ахлақы» кітабында үлкен күнәлардың қатарында жазылған. Ибн Хажәр Мекки хазрет айтқан:
«Апиын және басқа да улы шөптер харам, бірақ дәрінің құрамына қосылған аз мөлшері харам емес». (Зәуажир)
Марихуана және апиын секілді қатты заттардың ақылға зиян беретін мөлшері харам. Дәрінің құрамындағы аздаған мөлшері харам емес. Көп қабылдаған кезде ақылды және жүйкені бұзатын осындай шөптердегі зиянды заттарын ажыратып, бұларды және осыған ұқсастарды дәрі және ине күйінде ләззат пен рахат дәрісі атауымен студенттерге, жұмысшыларға, футболшыларға сатылып жатыр. Құлықтылық, ар-намыс, дін, иман және отан сүю секілді киелі қасиеттерімізден айыратын осы есірткіні сатып алу және қолдану харам болып табылады. Үлкен күнәға жатады. (С.Әбәдия)
Иманды жастар анархияға араласпағанындай, есірткіге де жоламайды, өйткені Аллаһтан қорқуы әр түрлі жамандық жасауына тосқауыл болады.
Дініміз денеге және адамгершілікке зиянды барлық нәрсеге тыйым салған. Мұсылман жастар ақша қосып берсе де есірткіге жоламайды. Имансыз кісі бейбақ адам деген сөз. Ондай адам бақыт табу үмітімен қолынан келгенін істеуге тырысады. Әр батпақты басып көреді, басқан сайын бата береді. Бір американдық криминалист айтқан:
«Жастар жеңіл ақшаға ие болғанда барлық ләззатты көруге тырысады. Бәрін көріп болып, ләззат қалмаған кезде өмірде қысыла бастайды. Есірткі сататындар осындай жастарды тауып алады. Жастар есірткіні де қолданып көргісі келеді. Қолданғанда өздерін бақытты сезінеді. Одан сайын бақытты сезіну үшін көбірек у қабылдағысы келеді. Ал оған көбірек ақша қажет болғандықтан, ұрлық, қарақшылық басталады. Героинге тәуелді болған адамда ессіздік басталады. Зомби секілді болып қалады. Өмір сүру оған қызықсыз болып, өлуді қалайды».
Криминалисттің айтуынша, есірткіге бай балалар ұрынады. Алайда көптеген бай мұсылмандардың балалары есірткінің атауларын да білмейді. Есірткіден аулақ қылу басқа жамандықтардан сақтану секілді дініміздің әмірлерін орындау арқылы мүмкін. Намазын дұрыс оқитын мұсылманның есірткіге салынуы мүмкін болмайды. Егер одан бұрын салынған болса, намазды дұрыс оқып жүрсе, бұдан және басқа да жамандықтардан құтылады. Құран кәрімнің аятында былай делінеді:
«Намаз мүнкәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге қайшы есірткі, ішкілік, зина, лиуата секілді әр түрлі жамандықтардан, әр түрлі күнәлардан) аулақ қылады». (Анкәбут 45)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024