Истиғфар айтқанда «сәйид-ул истиғфар» деп аталатын истиғфарды айту керек: «Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә һу-уәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ» (Мағынасы: Одан басқа тәңір болмаған, Хайй, Қаййум, Азыйм болған Аллаһқа күнәларымды кешіруін тілеймін және Оған тәубе етемін). (Юсуф Синануддин)
«Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ», азанда-кешке мағынасын түсініп 100 реттен айтуды әдет қылу керек. Мағынасы: «Йа, Раббым! Сен разы болмаған және ұнатпаған нәрселерді істегенім үшін кешіре гөр! Істемегендерімді де істеуден сақта!»
Сүйікті пайғамбарымыз: «Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәррахмануррахим әл хаййул қаййумул-ләзи лә йәмуту уә әтубу иләйһ Раббиғфирли» истиғфарын 25 рет оқыған адамның бөлмесінде, отбасында, үйінде және қаласында апат, бәле-жала болмайды» деген. Мұны бұдан бөлек азанда және кешке де үш реттен оқыған жөн. (Күніне 25 рет оқып, одан бөлек азанда-кешке үш реттен оқу керек). Ғалымдардың көбі шәкірттеріне және бала-шағаларына мұны оқуына кеңес берген, көп пайдасы көрілген. Бұл ниғметтерге қол жеткізу үшін әһли сүннет сенімінде болу және дініміздің әмірлері мен тиымдарына мән беру шарт. Ақидасы (сенімі) бұзылған адамның, бидғатшының оқуы пайда бермейді. (Мәариж-ул Хидая)
Әһли сүннет сенімінде болу, құл (кісі) хақылары мен қазаға қалған парыздарды өтеу және харамдардан бастарту шартымен жұма күні таң намазынан бұрын төмендегі дұғаны оқыған адамның бүкіл күнәлары кешірілетіндігі хадис шәрифте айтылған. Дұға:
«Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййул қаййума уә әтубу иләйһ». (Рамуз)
«Төсекке жатарда 3 рет «Әстағфируллаһ әл азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хайул қайума уә әтубу иләйһ» деген адамның күнәлары, теңіз көбігі секілді көп болса да кешіріледі». (Тирмизи)
Мүминдер үшін истиғфар:
«Аллаһуммағфирли уәли-уәлидәйя уә-лил мү’мининә уәл мү’минәт, уәл мүслиминә уәл мүслимәт, әл әхйа-и минһум уәл әмуат, бирахматика йа әрхамәр рахимин». (Мифтах-ун Нәжат)
Бір адам 2-3 рет «Қап, күнәларым!» деген кезде сүйікті пайғамбарымыз «Аллаһумма мәғфиратукә әусәу мин зүнуби уә рахматукә әржа мин амәли деп дұға ет» деп ол адамға үш рет айтқызғаннан кейін «Аллаһ сені кешірді» деді. (Хаким)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024