Сұрақ: Бисмиллаһ айтпай сойылған және мұсылман болмағандар сойған малдың етін жеуге бола ма?
Жауап: Әдейі, яғни біліп тұрып бисмиллаһ айтпай сойылған малдың етін және бисмиллаһсыз ауланған аңның, кітапсыз кәпір, мүртәд сойған, аулаған жануардың етін жеу харам. Бірақ солай ұсталған балықты жеу харам емес. Бауыздамай, бір жеріне пышақ тығып, еңсесінен және маңдайынан ұрып немесе қылқындырып, дәрілеп, тоқпен өлтірілген мал өлексе болады. Оны жеу харам болады.
Кітапты кәпірлердің өз кітаптары бойынша өз тілдерінде Аллаһу та'аланың есімін айтып сойғанын, әйелдің, баланың және жүніп адамның сойғанын жеуге болады. Бисмиллаһ айтуды ұмытып сойғанды және аулағанды жеу рұқсат. Шафии мазһабында бисмиллаһсыз сойылғанды да жеу рұқсат. Малики мазһабында бисмиллаһ айтуды ұмытқан болса да жеуге болмайды.
Бисмиллаһпен жіберілген аңшылық итінің және сұңқардың ұстап алып, тістеп жаралап өлтірген аңын жеуге болады. Тірі әкелген аңды сою керек. Ит жараламай қылқындырған және жаралап, етін жеген аңды жеуге болмайды.
Сұрақ: Тасбақа, жылан, құрбақа секілді жануарларды жеу дұрыс па?
Жауап: Азығын азу тісімен немесе тырнағымен ұстайтын жануардың етін жеу харам. Құрлықта, суда өмір сүретін жәндіктерді жеу халал емес. Мысалы, кесіртке, тасбақа, жылан, құрбақа, ара, бүрге, бит, шыбын, сарышаян, мидия, шаян және тышқан, көртышқан, кірпі, тиінді жеу халал емес.
Сұрақ: Теңізде, көлде, өзенде ауланған балықтың бәрін жеуге бола ма?
Жауап: Ауланған, ұсталған балықтың бәрін жеу халал екені «Маида» сүресінде айтылған. Судың ішінде өздігінен өліп, қарны жоғары қараған балықты жеуге болмайды. Ауда, торда, дәріден және соққыдан өлген балықтың бәрін жеуге болады.
Сұрақ: Жаңбырдың және еріген қардың суымен дәрет алуға бола ма? Ондай сумен нәжісті тазалауға бола ма?
Жауап: Жаңбыр, қар, бұршақ суын, теңіз, өзен, көл, құдық, бұлақ суларын «Мутлақ су» деп атайды. Мұндай сумен дәрет пен ғұсыл алуға болады және нәжістің барлық түрін тазалауға болады.
Сұрақ: Намаздың соңғы отырысында аттахияту дұғасын оқудың, руку мен сәждеде біраз тоқтап тұрудың үкімі қандай?
Жауап: Соңғы рәкатта отырғанда аттахияту оқу, рукуда және екі сәждеде субханаллаһ дейтіндей уақыт әрекетсіз кідіру уәжіп, көбірек кідіру сүннет болып табылады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024