Мұхаммед бин Исхақ Сәкафи хазрет – қыраат және хадис ғалымы. 216 (м.831) жылы Иранда, Нишапурда дүниеге келді. Осында білім алған соң Рәй, Куфа, Басра, Бағдат және Хижазға барып, өз дәуірінің атақты ғұламаларынан хадис тыңдады. 313 (м.925) жылы Нишапурда қайтыс болды. «Хадис-ус Сәррадж» атты хадис кітабында жеткізген хадис шәрифтерінің кейбірлері төменде:
Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айдың он төртінші түнінде жарқырап тұрған толған айға қарап: «Аспандағы мына айды қалай анық көріп тұрған болсаңдар, (сендер мұсылмандар жәннатта) Раббыларыңды осылай айқын көресіңдер» деді.
«Жәннаттың жоғары дәрежелеріне жеткісі келген адам әдепсіздік жасағанға жұмсақтық танытсын! Зұлымдық еткенді кешірсін! Мал-мүлкін қимағанға сыйлық берсін! Іздемейтін, сұрамайтын туған-туысқандарын өзі іздесін».
«Дәрежесі ең үстем болғандар – Аллаһу та'аланы зікір етушілер».
«Адамдардың ең қадірлісі – мұсылмандардың ғалымдары».
«Зікір ету нәпіл ораза ұстаудан жақсырақ».
«Бірілерің имамнан бұрын руку және сәждеден басын көтерген кезде Аллаһу та'аланың оның басын есектің басына немесе түрін есектің кейіпіне айналатынынан қорықпай ма?»
«Парша-парша бөлшектенсең де, отқа күйсең де Аллаһу та'алаға ештеңені серік қоспа. Парыз намаздарды қалдырма. Парыз намаздарды біліп тұрып әдейі оқымаған адам мұсылмандықтан шығады. Шарап ішпе. Шарап – бүкіл жамандықтардың кілті».
«Мықты болу – біреуді жеңу, жығу деген сөз емес. Мықты болу, батыр болу – өз ашуын жеңу деген сөз».
«Құлдың Раббысына ең жақын кезі – сәждедегі кезі. Олай болса, сендер сәждеде көп дұға етіңдер!».
«Екі ескі киімі ғана бар (мұқтаж) түрлі адамдар бар, егер Аллаһ есімімен ант етсе, Аллаһу та'ала оның антын орындайды. Бәра бин Малик сондай адам».
«Йа, Раббым! Кімде-кім саған иман келтіріп, сенің Расулың екеніме куәлік етсе, саған қауышуды оған жақсы көргіз, өлімді жеңілдет, дүние жүгін жеңілдет. Кімде-кім саған сенбей, сенің елшің екенімді қабылдамаса, саған қауышуды оған жақсы көргізбе, өлімді қиындат, дүние жүгін ауырлат».
«Адамның істеген күнәлары кесірінен ризығы азаяды. Дұғамен тағдыры өзгереді, ал жақсылық жасау мен ғұламаларға бағыну өмірді ұзартады».
«Аллаһу та'ала құлына сыйлық бергенде сол ниғметтің әсерін үстінде көргісі келеді».
«Мұсылманның мұсылман мойнында бес хақысы бар: сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрау, жаназасына қатысу, қонаққа шақырғанда бару және түшкіріп «Әлхамдулиллаһ» дегенде «Йәрхамукаллаһ» деп жауап беру».
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024