Сұрақ: Дініміз бұйырған парыздардың бірін жалқаулықпен орындамаған адамның иманы кете ме?
Жауап: Парыздарды маңызды санайтын, бірақ жалқаулықпен орындамайтын адамның иманы кетпейді. Бірақ бір парызды орындамаған мұсылман екі үлкен күнәға батады. Біріншісі, ол парыздың уақытын ғибадатсыз өткізу, яғни парызды кешіктіру күнәсі. Оның кешірілуі үшін тәубе ету, яғни өкіну, қынжылу, ендігәрі кешіктірмейтініне серт беру керек. Екіншісі, ол парызды тәрк ету, орындамау күнәсі. Бұл үлкен күнәнің кешірілуі үшін ол парыздың дереу қазасын өтеу, яғни уақытынан кейін дереу орындау керек. Қазасын өтеуді кешіктіруі де бөлек күнә болады.
Сұрақ: Кей адамдар мешітке кіре сала намаз оқиды. Бұл қандай намаз және оқу міндетті ме?
Жауап: Бұл туралы Ибн Абидин хазрет былай дейді:
«Мешітке кірген кезде екі рәкат намаз оқу сүннет болып табылады. Бұл намаз «Тахиятул мәсжид» деп аталады. Мешітке кіргенде парыз, сүннет, қаза намазы секілді кез келген намаз оқу осы тахиятул мәсжид намазы орнына өтеді. Оларға арнайы тахиятул мәсжид деп ниет ету қажет емес.
Сұрақ: Жұма күні мешітке ерте барып, намаз уақыты кіргенше намаз оқудың діни тұрғыда зияны бар ма?
Жауап: Күн дәл төбеде тұрғанда, яғни бесін намазының уақытынан бұрын тәмкин мерзімі шамасындағы уақыт бойы кез келген намаз оқу харам болып табылады. Бұл уақытта барлық намазды оқудың жұма күніне де қатысты екендігі фиқһ кітаптарында жазылған.
Сұрақ: Барлық адамдарға және кіші жаста қайтыс болған балаларға қабір сұрағы бола ма?
Жауап: Бұл туралы «Сирадж» кітабында былай жазылған:
«Бүкіл адамдарға қабір сұрағы болады, мұны әһли сүннет ғалымдары бір ауыздан хабар берген. Сәби кезінде өлген балаға да Аллаһу та'ала жауаптарын аянмен айтып тұрады». Ибн Абдул-Бәрр және Имам Суюти хазреттер де:
«Мұсылман және мұнафиқ болған әһли құбылаға сұрақ бар» деген. Хазреті Омарға қабір сұрағы болғандығы және берген жауаптарын жеткізген хабарлар кітаптарда жазулы.
Сұрақ: Намаз оқып жатқанда алғаш рет қанша рәкат оқығанын ұмытқан, шатасып қалған адам не істейді?
Жауап: Бір адам қанша рәкат оқығанын ұмытса, бұл шатасуы алғаш рет болса, сәлем беріп, сол намазды басынан оқиды. Ал шатасу әдеті болса, ойланып, өзінің болжамына қарай амал етеді. Қанша рәкат оқығанын болжамымен нақты анықтай алмаса, азырақ оқыдым деп қабылдап, намазын соған қарай аяқтайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024