Сұрақ: Бәле-жала келуінің себебі күнәлар ма? Және одан құтылу үшін не істеу керек?
Жауап: Дерттердің, бәле-жаланың келу себебі – күнә істеу. Бірақ бәл-жала, қиыншылықтар күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Аллаһу та'ала сүйікті құлдарының күнәларын кешіру үшін оларға дерттер, бәле-жала жібереді. Тәубеге келіп, истиғфар айтса, күнәлары кешіріледі. Бұл жағдайда дерттердің, бәле-жаланың келуіне қажеттілік қалмайды және келген дерттері кетеді. Олай болса, дерттер мен бәле-жаладан құтылу үшін көп истиғфар айту керек. «Ниса» сүресінің 78-ші аятында:
«Ей, адам! Саған келген әр жақсылық Аллаһу та'аланың сыйы ретінде, ниғметі ретінде келуде. Әр дерт пен бәле-жала да жамандықтарыңның кесірі ретінде келуде. Олардың бәрін жарататын, жіберетін – Аллаһу та'ала» делінген.
Аллаһу та'ала дерттерді, бәле-жаланы күнәларға жаза ретінде, азап ретінде жібермейді. Күнәлардың кешірілуі үшін сый ретінде жібереді.
Мұхаммед Масум хазрет «Мәктубат» кітабында былай дейді:
«Дерттерден құтылу және мақсатқа жету үшін бес жүз рет «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ» оқып, басында және соңында жүз-жүзден салауат оқып, дұға ету керек».
Екі «Құл әузу...» (Фәлақ пен Нас) сүрелерін оқу да өте пайдалы. Тәфсир-и Мазһаридегі хадис шәрифте:
«Бірілеріңе дерт пен бәле-жала келсе, Юнус пайғамбардың дұғасын оқысын! Аллаһу та'ала Оны міндетті түрде құтқарады. Ол мына дұға: Лә илаһа илла әнтә субханака инни кунту минәззалимин» делінген.Тәрғиб-ус салаттағы хадис шәрифте:
«Таңертең тұрған кезде үш рет «Бисмиллаһилләзи лә йәдурру мәасмиһи шәй-ун фил әрди уәлә фиссәмә-и уә һуәссәмиул алим» дұғасын оқыған адамға кешке дейін ешқандай дерт, бәле-жала келмейді» делінген.
Дүние ойын-сауық құру, зауықтану, рахаттану үшін жаратылмады. Ол үшін ахирет жаратылған. Дүние мен ахирет бір-бірінің терісі, бір-біріне қарама-қайшы. Біреуін қуанту өзгесін ренжітуге себеп болады. Мұсылмандар дүниеде бірнеше күн дерт, бәле-жала көрмесе, жәннаттың ләззаттарының қадірін түсінбейтін еді және мәңгілік ниғметтердің қадірін білмейтін еді. Аштық шекпеген адам астың ләззатын түсінбейді. Қиналып көрмеген адам да рахаттықтың қадірін білмейді.
Жаза қылмыстың үлкендігіне қарай өзгереді. Күнә кішкентай болып, оны істеген адам басын иіп жалбарынатын болса, ол күнә дүние дерттерімен кешірілуі мүмкін. Бірақ күнә үлкен, ауыр болып, оны істеген адам мойындамайтын болса, мұның жазасы ахиретте шексіз болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024