Әулиенің қасына жерлену

Сұрақ: Әулие құлдардың қасына жерленудің пайдасы бар ма?

Жауап: «Зубтә-тул мақамат» кітабында бұл туралы былай жазылған:

«Бақара» сүресінің 237-ші аятында: «Егер кешірсеңдер, бұл тақуалыққа жақынырақ болады», «Ниса» сүресінің 48-ші және 116-шы аяттарында: «Аллаһу та'ала қалағанының ширктен, яғни күпірден басқа күнәларын кешіреді», «Маида» сүресінің 38-ші аятында: «Кімде-кім зұлымдық, яғни күнә істеп, кейін тәубеге келіп, салих амал істесе, Аллаһу та'ала оның тәубесін әлбетте қабыл етеді» делінген. Осылар секілді тәубенің қабыл болатынын көрсететін отызға жуық аяти карима бар. Кезкелген бір құл күнә, арсыздық, ұятсыздық істеп, кейін тәубе етсе кешіріледі де, Расулуллаһтың (алейһиссалам) сахабалары халифалық мәселесінде жаңылысса да, тәубе етпей кешірілмеген болып тұр ма?, - деп хазреті Хусейннің кесенесіндегі шырақшыдан сұрадым. Ол жауап бере алмады. Кейін оған Бағдат мүфтисі Арусзада мырзаның хазреті Хусейннің шырақшысынан естіген мына оқиғасын айтып бердім:

«Хазреті Хусейн бір түні шырақшының түсіне кіріп, «Ертең Ираннан бір мәйіт әкелінеді. Оны маған жақын жерге жерлеуші болма» деді. Ертеңіне Ираннан бір мәйіт әкелінді. Оны жақындары кесененің маңына жерлемек болды. Алдымен рұқсат бермегенімен, олар өте бай болғандықтан, көп ақша берген еді. Сөйтіп ол рұқсат береді. Екі мың қадам шамасындай қашықтықтағы бір жерге жерлейді әлгі мәйітті. Сол түні хазреті Хусейн түске кіріп, шырақшыға ренжиді. Шырақшы өкінгенін айтып, кешірім сұрап жалынады. Ертеңгі түні тағы түске кіріп, тағы ренжиді. Шырақшы ертеңіне мәйітті ол жерден шығарып, алыс жерге көметінін айтады. Хазреті Хусейн «Біздің қасымызда екі түн жатқан адам кешіріледі. Ол кешірілді. Бірақ мен әбден қысылдым» дейді. Мәйіттің де, шырақшының да кешірілгеніне ишара етеді».

Шырақшы бұларды Арусзадаға айтып бергенде құрметті мүфти шырақшыға жауап ретінде: «Имам Хусейннің жаман деген күнәһар адамы кесенесінен екі мың қадамдық қашықтықта екі түн қалу арқылы кешіріледі де, хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омар мың жылдан бері пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәл қасында жатып, кешірілмегені ме?» деп сұрайды. Шырақшы сасқанынан ештеңе айта алмайды. Өзінің сауатсыз екені әшкере болады. Бұл қандай әдемі жауап, неткен масқаралық!