Пайғамбарымыздың тәпсірлеуі

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Құрандағы аяттарды тәпсірлеген, түсіндірген кезі болған ба?

Жауап: «Мәнақиб-и Чихар Йар-и Гузин» атты кітапта сахаба Убәйй бин Ка'б хазреттен былай риуаят етілген:

«Бір күні «Аср» сүресін Расулуллаһтың алдында оқыдым. Оқып болған соң:

- Йа, Расулаллаһ! Бұл сүрені тәпсірлеп бересіз бе?, - деп өтіндім. Сонда Расулуллаһ былай деді:

- Бірінші аятта Аллаһу та'ала «Күннің ақырына, соңына ант етемін» деген. Екінші аятта «Әлбетте Әбу Жәһлдің ісі зиянда, ол қорланған және басы салбыраған» деген. Үшінші аятта: «Тек қана иман келтіргендер» дегені Әбу Бәкір Сыддық туралы. «Салих амал істеушілер» дегені Омар-ул Фаруққа қатысты, ол көп амал етуші, шүкір етуші. «Хаққа шақырушылар» Осман Зиннурәйн туралы, ол сабыр мен ұяттылық иесі. «Сабырға шақырушылар» Али-ул Муртазаға қатысты, ол жанкеш.

Расулуллаһ хазреті Әбу Бәкірді иманға, хазреті Омарды салих амалға ұқсатты. Хазреті Османды хақ істі өсиеттеуге теңестірді. Хазреті Әлиді сабырды өсиеттеуге ұқсатты.

Аяти каримада: «Иман келтіргендер, салих амал істегендер, хаққа шақырғандар, сабырға шақырғандар» делінгені «әуелі Аллаһу та'аланы, кейін Мұхамммед алейһиссаламды біл және Исламды ұстанып жүр. Хазреті Әбу Бәкірді, хазреті Омарды, хазреті Османды, хазреті Әлиді хақ халифа ретінде біл. Олардың құрметіне қиямет күні мұсылмандардың қатарында болып, мұсылмандардың арасында тірілетініңе үміт бар. Бүкіл бәле-жаладан сақ боласың» деген сөз. Расулуллаһ алейһиссалам айтқан:

«Кімде-кім бір рет намазда немесе намаздан тыс «Аср» сүресін оқыса, ол адам Аллаһу та'ала дәргейінде екі нәрсе табады. Біреуі дүниелік, екіншісі ахиреттік. Дүниелік болғаны – Аллаһу та'ала оған өмірінің соңына дейін сабыр мөрін басады. Ахиреттік болғаны – Аллаһу та'ала ол адамды қияметте хақты ұстанушылармен және өзінің таңдаулы құлдарымен бірге тірілтеді. Бұл «Аср» сүресінде әрі хақ жайлы, әрі сабыр туралы айтылған. Бұл сүрені оқыған адамның дүниеде өмірінің соңы сабырмен болады. Ахиретте тірілуі хақты ұстанушылармен бірге болады. Әр аяттың соңында көп дұға, салауат, ал әр сөздің соңында көп берекет, қайырымдылық және әріптерінің соңында көп дәреже мен ізгілік бар».