Ескірген Құран кітапты өртеу

Сұрақ: Үйде ескіріп кеткен, парақтары жұлынып қалған, оқуға жарамайтын Құран кітапты өртеуге бола ма? Әлде басқа не істеуге болады?

Жауап: Бұл туралы «Бәриқа» кітабында былай жазылған:

«Татарханияда «Жыртылған, ескірген, қолдануға жарамайтын Құран кітапты өртеуге болмайды. Таза матаға орап, жерге көму керек. Немесе шаң баспайтын таза бір жерге қою керек» делінген. Ал Сиражия кітабында «Көмуге немесе өртеуге болады» делінген. Ал Мүжтәба кітабында «Ағын суға тастағаннан гөрі жерге көму жақсы болады» делінген. Минһаж-уд-дин кітабында «Өртеуге тыйым салынбаған, өйткені хазреті Осман мәнсуһ (үкімі жойылған) аяттары бар Құран кәрімді өртеген болатын, сахабалардың ешқайсысы бұған қарсы ештеңе айтпайды» делінген. Өртеу жуып жазуын кетіруден жақсырақ болады. Өйткені жуғаннан кейін ол су аяқ асты қалады делінген. Бұлардан аңғарғанымыз бойынша, өртемей, жуып жазуын кетіру немесе жерге көму жақсы болады».

Бұл ақпараттардан аңғарылып тұрғаны, ескірген, қолдануға жарамай қалған Құран кітаптарды аяқ асты қалдыру, онымен бірнәрсені орау, қаптау, қаптама жасау секілді қолдану оны қорлауға жатады, харам болады. Шіріп, топыраққа айналғанша ашылмайтын бір жерге көму, бұл мүмкін болмаса өртеп, күлін көму немесе күлін көлге, өзенге ағызу керек. Қорлаудан құтылу үшін өртеу рұқсат, тіпті қажет болады. Сиражия фәтуасынан, Мунят-ул мүфти және Халимиден де осылай аңғарылған.

 

Сұрақ: Құран кәрім және діни кітаптар тұрған жерге аяқ созып отырудың зияны бар ма?

Жауап: Құран кітапқа және діни кітаптарға қарай аяқ созу мәкрух. Егер жоғарыда тұрған болса, мәкрух болмайды.

 

Сұрақ: Құран кәрімді оқымайтын болса да, үйде береке үшін ұстауға бола ма?

Жауап: Бұл туралы «Хиндия» кітабында былай жазылған:

«Құран кәрімді мүлде оқымай, қайыры және берекесі үшін үйде сақтау рұқсат және сауап болады».

 

Сұрақ: Мешітте намаз оқымай, тек қана тәсбих санап отыратындарды, Құран оқитындарды мешітке намаз оқуға келгендер мешіттен шығара алады ма?

Жауап: Егер намаз оқитындар қысылып, сыймай жатқан болса, намаз оқымайтындарды шығаруына болады. Ауыл мешіті тар болса, сол ауылдан болмағандарды сыртқа шығаруға болады.

 

Сұрақ: Мешіт ішінде сауда-саттық немесе басқа да бір келісім-шарттар жүргізуге бола ма?

Жауап: Мешіт ішінде сауда-саттыққа жататын барлық келісім-шарт мәкрух болады. Бірақ неке келісімі мүстаһаб амалға жатады.