Сұрақ: Кейбір адамдар қай мәселеде әңгіме қозғалса, дереу араласып, білгішсініп кетеді. Адам бәрін білуі мүмкін бе және осылай кез келген салада атылып шығып білгішсіну діни тұрғыда дұрыс па?
Жауап: Пайғамбарымыз хадис шәрифінде «Өзінің ғалым екенін айтқан адам сауатсыз» деген.
Барлық сұраққа жауап беретін, көргенінің бәрінен мағына шығаратын және барлық жерде өз ойын тыға беретін адам өзінің сауатсыз екенін көрсеткен болады. «Білмеймін, біліп алайын, кейін айтамын» деген адамның ғалым екені аңғарылады. Расулуллаһтан алейһиссалам «Ең қадірлі жер қай жер?» деп сұралғанда «Білмеймін, Раббым білдірсе айтамын» деген. Мұны Жәбрейіл періштеден (алейһиссалам) сұраған, одан да дәл сондай жауап алған. Ол Аллаһу та'аладан сұрап, «Мешіттер» деген жауап алған. «Араф» сүресінің «Кешіруші бол және туралықты әмір ет» деген 198-ші аяты келгенде Жәбрейіл алейһиссаламнан пайғамбарымыз бұл аятты түсіндіріп беруін сұраған, ол «Раббымнан біліп алайын» деп кетіп қалған. Тағы келгенінде «Аллаһу та'ала «Сенен алыстағанға жақында! Саған бермегенге сен бер! Саған зұлымдық көрсеткендерді кешір!» деген бұйрық берді» деді.
Шаби хазрет сұрақ қойған бір адамға «Білмеймін» деп жауап бергенде ол:
- Сіз Ирак мемлекетінің мүфтисісіз ғой, білмеймін дегеніңіз сізге жараса ма?, - деді.
- Періштелердің үстемдері «Білмейміз» деген, менің айтқанымнан не шықсын?!, - деп жауап берді.
Имам Әбу Юсуф хазрет бір сұраққа «Білмеймін» деп жауап бергенде:
- Сіз Бәйт-ул-малдан (мемлекет қазынасынан) жалақы аласыз ғой, неге жауап бермейсіз, - деді.
- Бәйт-ул-малдан мен білгендерім үшін жалақы аламын. Білмегендерім үшін жалақы алсам, бәйт-ул-малдағы ақшаның бәрі жетпей қалар еді, - деді.
Нәпсіне ермеген сауатсыз адаммен достық құру нәпсінің тұтқыны болған ғалыммен достық құрудан жақсырақ. Дін ғұламасы болғаны үшін тәкәппарлану – сауатсыз надан екенінің белгісі. Өйткені білім қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке себеп болады әрі тәкәппарлықтан алыстатады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024